Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

Ақсуда кезекті ауылшаруашылығы өнімдеріне арналған жәрмеңке өтті

31 Қазан 2017 ж.56

Ақсуда кезекті ауылшаруашылығы өнімдеріне арналған жәрмеңке өтті. Оған өңірдің ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер мен жеке кәсіпкерлер қатысты. Базар бағасынан 20-30 % төмен бағамен сатылған өнімдерге сұраныс жоғары болды. Ет, сүт, көкөніс, жеміс-жидектер, сұйық май, және тағы басқа өнімдер саудаға салынды. Бұл жолғы жәрмеңкеде 10 тонна картоп, 7 тоннадан астам көкөніс сатылды. Жалпы бұл күні 4 жарым млн теңгенің азық түлік тауарлары, ауылшаруашылық өнімдері сатылды. Сондай-ақ жәрмеңкеде қалалық кәсіпкерлік бөлімі және жеке кәсіпкерлердің ұйымдастыруымен тұрғындарға бауырсақ пен ыстық шай тегін таратылды.                                                                                       

Соңғы жаңалықтар

  • Шаһар басшысы өңірмен танысуда
    18 Қараша 2017 ж.31

    Жақында шаһарымызға жаңа тағайындалған  қала әкімі Николай Дычко Ақсу кенті мен қаласының  әлеуметтік-экономикалық маңызы бар бірқатар нысандарды  аралап, тыныс-тіршілігімен танысты.   Алдымен шаһар басшысы Ақсу кентін аралады. Су тасқынының алдын алатын дамбаға барып, жағдайымен танысты. Көктем келісімен су арнасынан асып, тұрғындарға біраз зардап тигізетінін білеміз. Сол себепті, дамбалар салынып, олардың жағдайы жыл сайын күшейтілуде. Николай...

  • Жұмыс мәжілісі
    17 Қараша 2017 ж.60

    17 қарашада Ақсу қаласының әкімі Николай Дычко мердігер ұйымдар өкілдерінің қатысуымен қалада салынып жатқан объектілер жөнінде жұмыс мәжілісін өткізді. Қаланың құрылыс бөлімінің басшысы Т.У. Мұздыбаев денешынықтыру-сауықтыру кешенінің және Қызылжар ауылында ветеринарлық пунктінің құрылысын аяқтау, сонымен қатар жас натуралистер станциясын қайта жаңғырту және Молодежная көшесіндегі 5-қабатты үйді салу барысы туралы баяндады. Денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы...

  • Ақсу қаласында жаңа әкім тағайындалды
    15 Қараша 2017 ж.110

    Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың өкімімен, қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Николай Васильевич Дычко Ақсу қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Жаңа әкімді Павлодар облысының әкімі Болат Жұмабекұлы Бақауов қалалық актив отырысында таныстырды. Николай Васильевич 1965 жылы туған. Білімі – жоғары. 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік ашық университетін кен инженер-экономисі мамандығы бойынша аяқтады. 2000 жылы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын инженер-электрик мамандығы...

  • Облыс әкімінің Ақсу қаласына жұмыс іссапары
    14 Қараша 2017 ж.154

    Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов 13 қарашада Ақсу қаласында жұмыс іссапарымен болып қайтты. Жұмыс барысында облыс әкімі «ДАНиЕР» ӨСҚФ» ЖШС-ында тік жікті болат құбырларын өндіру жөніндегі цехта болды. Қытайдан алынған негізгі құралдың барлық түрімен жабдықталған, жаңадан құрылған, ауданы 4000 шаршы метр болатын цехты қарап шықты. Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясында болып, № 5 энергоблокты қайта жөндеу жұмысымен...

  • Павлодар облысының ХҚКО жылдың басынан бастап 128 мыңнан астам электрондық-цифрлық қолтаңбалар берді.
    08 Қараша 2017 ж.103

    Павлодар облысының ХҚКО статистикасына сәйкес 2017 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәліктерін беру және қайтарып алу» мемлекеттік қызметін алу үшін  өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 12 000 адам артық жүгінді.  Павлодар облысы бойынша ХҚКО департаментінің директоры Жаннат Нұржауосаның айтуынша электрондық-цифрлық қолтаңба азаматтарға «электрондық үкімет» порталынан 700 жуық мемлекеттік қызметтер мен сервистерді алуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік...

  • Азаматтарға арналған үкіметте ХҚКО қызметін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізілді
    08 Қараша 2017 ж.115

    2017 жылғы 7 қарашада халыққа қызмет көрсету жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. БАҚ қатысқан іс-шарада ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудегі өзекті мәселелер талқыланды. Кеңес аяқталғаннан кейін брифинг өтіп, сұрақтар қойылды.   Жұмыс кеңесі кезінде мемкорпорацияның...

Жаңалықтар мұрағаты