Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

Тоғыз ай қорытындыланды

27 Қазан 2017 ж.52

Апта басында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының тоғыз айының қорытындылары мен тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын шаһарымызда іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары тақырыптарын арқау еткен әкімдік мәжілісі өтті. Мәжіліске шаһар басшысы Нұрлан Дүйсенбинов төрағалық етіп, мекеме-ұйым басшылары, ауыл әкімдері мен қала әкімінің орынбасарлары қатысты.

Алдымен жиналғандар Ақсу қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының ІІІ тоқсанын қорытындылады. Бұл жөнінде қаланың экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің өңірді талдау, болжау және дамыту секторының меңгерушісі Лунара Кудикенова мәлімдеді. Оның айтуынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны өнеркәсіп, сауда-саттық, құрылыс, инвестициялар, агроөнеркәсіптік кешен, кәсіпкерлік, әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, қылмыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы көрсеткіштерімен сипатталған. Бұл ретте жалпы тоғыз айдың қорытындысы көңілге қонымды екенін алға тартқан баяндамашы әрқайсысына жеке-жеке тоқталды. Шаһар басшысы да әр салаға қатысты тиісті басшыларға ұсыныс-ескертпелер жасап, атқарылған іске өз бағасын берді. Мәселен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында биыл едәуір жұмыс атқарылды, деген қала әкімі аулалардың көріктендірілуін, асфальт төселу жұмыстарының оң нәтиже бергенін айтты. Алдағы уақытта да бұл қарқынды бәсеңдетпеу керек, деді Нұрлан Шайқслямұлы.

Бұдан соң жиналғандар Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысы Ақсу қаласында іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ағертіс Солтанбаевтың баяндамасын тыңдады.      

- Ағымдағы жылы аталмыш бағдарлама бойынша қалалық бюджеттен жыл басында 2515,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде оқыту курстары мен семинарларға 1670,0 мың теңге, сөздіктер, қазақ тілінде оқулықтар, электрондық оқулықтар мен мультимедиалық бағдарламалар сатып алуға 150,0 мың теңге, конкурстар мен сайыстарға 695,0 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күні тілдерді дамыту мен қолдану іс-шаралар жоспарына бөлінген қаражаттың 2148,0 мың теңгесі игерілді. Тілдерді дамыту мен қолдану бағдарламасы негізгі 3 мақсаттан тұрады, - деген Ағертіс Зекебайұлы олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, атқарған істерін жіпке тізді.

Кейін баяндамашы әкімдікте әр айдың алғашқы тоқсанында өтетін мәжілістерде баяндамалар қазақ тілінде жасалса және ауылдық аймақтардағы ономастика мәселелеріне көңіл бөлінсе деген ұсыныстарын ортаға тастады. Шаһар басшысы аталмыш ұсыныстарды бірден қолдап, былтыр ономастика мәселесі қарқынды жүзеге асқандығын, алайда биыл саябырлап қалғандығын жеткізді. Осы ретте, Парамоновка ауылы атауының "Береке" болып өзгергендігін алға тартқан ол, ендігі кезек Путь-Ильича ауылында екенін айтты.

Осы мәселеге қатысты Ақсу қаласының құрметті азаматы Светлана Қондыкерова мен халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы Ақсу қалалық филиалының төрағасы Қабдырахман Сейілғазин пікірлерін ортаға салды. Олар да ұсыныстарға қолдау білдіріп, өз тараптарынан қолұшын созуға әрқашан дайын екендіктерін жеткізді.       

 

Соңғы жаңалықтар

  • Шаһар басшысы өңірмен танысуда
    18 Қараша 2017 ж.31

    Жақында шаһарымызға жаңа тағайындалған  қала әкімі Николай Дычко Ақсу кенті мен қаласының  әлеуметтік-экономикалық маңызы бар бірқатар нысандарды  аралап, тыныс-тіршілігімен танысты.   Алдымен шаһар басшысы Ақсу кентін аралады. Су тасқынының алдын алатын дамбаға барып, жағдайымен танысты. Көктем келісімен су арнасынан асып, тұрғындарға біраз зардап тигізетінін білеміз. Сол себепті, дамбалар салынып, олардың жағдайы жыл сайын күшейтілуде. Николай...

  • Жұмыс мәжілісі
    17 Қараша 2017 ж.60

    17 қарашада Ақсу қаласының әкімі Николай Дычко мердігер ұйымдар өкілдерінің қатысуымен қалада салынып жатқан объектілер жөнінде жұмыс мәжілісін өткізді. Қаланың құрылыс бөлімінің басшысы Т.У. Мұздыбаев денешынықтыру-сауықтыру кешенінің және Қызылжар ауылында ветеринарлық пунктінің құрылысын аяқтау, сонымен қатар жас натуралистер станциясын қайта жаңғырту және Молодежная көшесіндегі 5-қабатты үйді салу барысы туралы баяндады. Денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы...

  • Ақсу қаласында жаңа әкім тағайындалды
    15 Қараша 2017 ж.110

    Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың өкімімен, қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Николай Васильевич Дычко Ақсу қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Жаңа әкімді Павлодар облысының әкімі Болат Жұмабекұлы Бақауов қалалық актив отырысында таныстырды. Николай Васильевич 1965 жылы туған. Білімі – жоғары. 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік ашық университетін кен инженер-экономисі мамандығы бойынша аяқтады. 2000 жылы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын инженер-электрик мамандығы...

  • Облыс әкімінің Ақсу қаласына жұмыс іссапары
    14 Қараша 2017 ж.154

    Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов 13 қарашада Ақсу қаласында жұмыс іссапарымен болып қайтты. Жұмыс барысында облыс әкімі «ДАНиЕР» ӨСҚФ» ЖШС-ында тік жікті болат құбырларын өндіру жөніндегі цехта болды. Қытайдан алынған негізгі құралдың барлық түрімен жабдықталған, жаңадан құрылған, ауданы 4000 шаршы метр болатын цехты қарап шықты. Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясында болып, № 5 энергоблокты қайта жөндеу жұмысымен...

  • Павлодар облысының ХҚКО жылдың басынан бастап 128 мыңнан астам электрондық-цифрлық қолтаңбалар берді.
    08 Қараша 2017 ж.103

    Павлодар облысының ХҚКО статистикасына сәйкес 2017 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәліктерін беру және қайтарып алу» мемлекеттік қызметін алу үшін  өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 12 000 адам артық жүгінді.  Павлодар облысы бойынша ХҚКО департаментінің директоры Жаннат Нұржауосаның айтуынша электрондық-цифрлық қолтаңба азаматтарға «электрондық үкімет» порталынан 700 жуық мемлекеттік қызметтер мен сервистерді алуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік...

  • Азаматтарға арналған үкіметте ХҚКО қызметін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізілді
    08 Қараша 2017 ж.115

    2017 жылғы 7 қарашада халыққа қызмет көрсету жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. БАҚ қатысқан іс-шарада ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудегі өзекті мәселелер талқыланды. Кеңес аяқталғаннан кейін брифинг өтіп, сұрақтар қойылды.   Жұмыс кеңесі кезінде мемкорпорацияның...

Жаңалықтар мұрағаты