Ақсу қаласының әкімдігі
Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

Аймақ басшысы – Ақсуда

06 Қазан 2017 ж.98

 

Кеше Ақсу өңіріне Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жұмыс сапарымен келді.

Алдымен облыс басшысы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылға ат басын тіреді. Мұнда ол Жамбыл орта мектебі ескі ғимаратының қайта құру жұмыстарының нәтижесімен танысты. 1998 жылдан бері бос тұрған мектеп биылғы жылы қайта жөндеуден өтіп, қалыпқа келтірілді. Мектеп директорының айтуынша, ғимараттың өзіне облыстық бюджеттен 198 млн. теңге, ал  материалдық базасына 11 млн. теңге жұмсалған екен. Білім ордасының жаңартылып, кеңейе түсуі бірнеше мүмкіндіктерге жол ашады. Мәселен, оқу жүйесінің бір ауысымдылығы, кабинеттер жүйесінің болуы және көрші ауылдардан келетін оқушыларды тасымалдаудағы тиімділігі. Бүгінгі күні ғимаратқа жылыту жүйесі үшін екі қазандық орнатылған. Сондай-ақ, мектепте күрес залы, мәжіліс залы, робот техника, шахмат, шеберхана және т.б. кабинеттер оқушыларды қарсы алуға сақадай сай тұр. 

Бұдан соң Болат Жұмабекұлы "Нұр Отан" партиясы Ақсу қалалық филиалының мәжіліс залында ұйымдастырылған қалалар мен аудандарды дамыту бойынша жиналысқа қатысты.

Сонымен қатар, бұл күні аймақ басшысы қалалық жағажайдың қайта құру жұмыстарымен танысты. Жобаға жауапты мердігер "ТатСтрой" ЖШС. Ал, 8 000 шаршы метрді құрайтын  аумақтың жоба құны  - 190 млн. теңге. Қазіргі кезде құрылыс алаңында құм себіліп, кеспе тастар төселуде. Жарықтандыру мақсатында шамдар да орнатылған. Облыс басшысы нысанды аралап, жағажайды уақытымен аяқтауды тапсырды. Қайта жөндеуге жүгінбеу үшін сапаға ерекше  мән беру керек екендігін де айтты.

Ев Облыс басшысы жұмыс сапары барысында  Евгеньевкада бой көтерген жаңа ауылдық дәрігерлік амбулаторияға да барды. Жалпы, тірек ауылдардың қатарына енетін Евгеньевканың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, инфрақұрылымы жақсы деңгейде. Жоба құны 130 млн. теңге болатын нысанда жұмыстарды "Стальмонтаж" ЖШС жүргізді. Айта кетейік, бұрын медициналық пункт әкімдік ғимаратында орналасса, енді жеке заманауи нысанда қызмет көрсетпек. Жаңа амбулаторияда акушер-гинеколог, дәрігерлік жәрдемге дейінгі қабылдау, егу, дәрі-дәрмекті сақтау, физио, жалпы тәжірибедегі дәрігер  кабинеттері, сондай-ақ, емдеуге қажетті құрал-жабдықтар бар.

- Біздің ауылдың қаладан еш айырмашылығы жоқ. Дүкен, дәріхана, мектеп, шаштараз, бәрі бар, енді міне жаңа дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілмек. Бұл уақытымен дәрігерге көрініп, дәрі алуға тиімді. Одан бөлек, қосымша жұмыс орындары ашылды. Бұл ауылымыздың болашағы айқын екенін көрсетеді.Тірек ауылдардың қатарына жататын Евгеньевка үшін биыл жемісті жыл болды. Жақында ғана дене шынықтыру сауықтыру кешені ашылса, бүгін жаңа  медициналық мекеме көз қуантуда. Жұмыстардың жасалып жатқанының сөзсіз дәлелі. Ауыл тұрғындары сізге өте риза, - деп Евгеньевка ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ізбазар Усинов облыс басшысына ерекше алғысын білдірді.

Келесі кезекте Евгеньевка ауылының мәдениет үйінде аймақ басшысының төрағалығымен Павлодар облысының ауылдық елдімекендерін дамыту бойынша жиналыс өтті.

Алдымен облысымыздың тірек ауылдарының дамуы жөнінде  бейнеролик көрсетіліп, онда Евгеньевка, Луганск, Галицкое, Орловка ауылдары жөнінде кеңінен баяндалды.

Жиналыс барысында  облыс әкімінің  орынбасары  Бауыржан Қасенов тірек ауыл болудың  негізгі аспектілерін жіпке тізгендей айтып берді. Мәселен, қазіргі кезде облысымызда   46 - жоғары, 311 - орта және 37 - төмен әлеуетті елді мекен бар. Сонымен қатар, баяндамашы инфрақұрылым, жұмыспен қамту, шағын және орта кәсіпті жетілдіру төңірегінде сөз қозғады. Осы ретте, аймақ басшысы әр ауылды дамытып, жаңа сатыға жеткізу үшін, сол елді мекеннің ерекшелігін ескерген  кешенді жоспардың қажет екендігін атап өтті.

Отырыс кезінде ауылдық аймақтардан халықтың жаппай көшу мәселесі де сөз етілді. Оралмандар мен оңтүстік аймақтардан қоныс аударған азаматтарға   алдымен жағдай жасау керек екендігін айтқан Болат Жұмабекұлы, қаңырап бос қалған үйлерді қалыпқа келтіріп, соларға ұсынса, халық саны артып, мектептер де жабылмайды, деді.

Ендігі кезекте Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсенбинов Қалқаман, Қызылжар және Евгеньевка тірек ауылдары бойынша ақпарат ұсынды.

- Қызылжар ауылында "Қызылжар Құс" ЖШС құс етін қайта өңдеп,  туралған ет шығару жобасы іске асырылды. Оның жобалық қуаттылығы  60 тонна туралған етті өндіру, инвестиция көлемі 3,0 млн. теңгені құрайды. Биылғы жылы Евгеньевка ауылында дене шынықтыру сауықтыру кешені ашылып, енді міне дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілуге әзір. Сондай-ақ, облыстық бюджет қаражаты есебінен ИКИ өткізумен Қалқаман ауылының дәрігерлік амбулаториясының  ғимаратына күрделі  жөндеу 99,5  млн. теңге сомаға жүргізілді. Ағымдағы жылы республикалық бюджет қаражат есебінен 694, 8 млн. теңгеге ұзындығы шамамен 19,8 км Қызылжар ауылы су құбырының қайта жаңғырту және ұзындығы 19,3 км Евгеньевка ауылы су құбырын салу жұмыстары  жүргізілді. Бұл жобаларды іске асыру орталықтандырылған сумен жабдықтауға  қолжетімділік көрсеткішін 28 пайыздан 31 пайызға дейін ұлғайтуға  мүмкіндік береді, - деген шаһар басшысы тірек ауылдарды дамытуда шаруа қожалық  иелерінің  қосқан  үлесінің  маңызды екенін атап өтті.

Осы ретте аймақ басшысы Нұрлан Шайқслямұлына жол бойындағы қызмет көрсету бизнесін қолға алуды тапсырды.

Ендігі кезекте аудандар әкімдері өздеріне қарасты елді мекендердің дамуы жөнінде баяндап, жоспарларымен  бөлісті.

Отырыс соңында, облыс әкімі ауыл, аудан басшыларына барлық жағдайды жіті назарда ұстау керек екендігін айтып,  нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, Ақсу өңіріне жұмыс сапарымен келген облыс әкімі  құны 11 млрд. теңге болатын құрылыс нысанына да ат басын бұрды. Онда жаңа қазандық құрылысымен  танысты. Жұмыстарды "KBI Energy"  ЖШС атқаруда. Құрылыс жұмысының 2019 жылы аяқталуы керек екендігін естеріңізге сала кетейік.

Соңғы жаңалықтар

  • Еркін күрестен турнир
    18 Қазан 2017 ж.18

    2017 жылдың 13-15 қазанында Ақсу қаласының Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы Спорт сарайында ҚР еркін күрестен Құрметті жаттықтырушысы, ҚР Құрметті Спорт қайраткері, Ақсу қаласында еркін күрестің негізін қалаушы және Ақсу қаласының құрметті азаматы Оразалы Хамитұлы Мұхаметалиновтың құрметіне арналған 2003-2005 ж.т. жасөспірімдер арасында еркін күрестен Ақсу қаласының ашық турнирі өтті. Турнирге еркін стильдегі 215 палуан қатысты. Турнирге Павлодар...

  • Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары мен қонақтары!
    17 Қазан 2017 ж.17

    Сіздерді барлық ұлт өкілдерінің басын біріктіретін Рухани келісім күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстандық қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылық үшін толеранттылық пен рухани үйлесімділік идеяларын насихаттап, дәстүр мен моральдық құндылықтармен айналысып, ұлт пен дінге қарамастан бәрімізді біріктіретін күннің бірі - Рухани келісім күні. Қазақстан халқының рухани бірлігі - елдің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуы үшін, сонымен қатар...

  • Бұрынғы “хоккей кортының” орнында қазір Ақсу қаласы тұрғындарының қуанышына “Кәсіпкерлер аллеясы” орнатылған
    17 Қазан 2017 ж.27

    Қала аумағын абаттандыру бойынша өткізіліп жатқан айлық аясында 14 қазан, сенбі күні Кәсіпкерлер аллеясында шырша ағаштары отырғызылды.  Іс-шараға Ақсу қаласының әкімі Н.Ш.  Дүйсенбинов, қалалық мәслихат хатшысы М.Қ. Омарғалиев, сондай-ақ қалалық шағын бақты құруда демеуші болған қалаға бей-жай қарамайтын кәсіпкерлер қатысты.   Аллеяны абаттандыру жоспарында балалардың ойын алаңын орнату, тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандыру жоспарланған. 

  • ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ - ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ
    16 Қазан 2017 ж.37

    "Нұр Отан" партиясы Ақсу қалалық филиалының конференц-залында қазақ тілін латын қарпіне көшіру және ономастикалық мәселелерге қатысты түсіндіру-насихаттау тобының дөңгелек үстелі өтті. Оған  Ақсу қаласының құрметті азаматтары, мектеп, балабақша директорлары, ауылдық округ әкімдері, тіл жанашырлары қатысты. Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Қаршыға  Арынов  түсіндіру-насихаттау тобының мүшелерімен таныстырды.  Олар - Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, саясаткер, Қазақстанға...

  • Ауылдық дәрігерлік амбулатория ашылды
    13 Қазан 2017 ж.26

    Өткен демалыста Евгеньевка ауылында "Денсаулық - 2016-2019" бағдарламасы аясында жаңа ауылдық дәрігерлік амбулатория ашылды. Оған Евгеньевка ауылдық аймағының әкімі Толқын Бейсенбаева, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ізбасар Усинов, "Ақсу орталық ауруханасы" КМК директорының міндетін атқарушы Бақытжамал Нұралдинова, амбулаторияның дәрігерлері мен ауыл тұрғындары қатысты. Бұрын  ауылдық дәрігерлік амбулатория әкімдік ғимаратында орналасса, енді жеке заманауи нысанда қызмет жасамақ.  Жаңа...

  • Қалқаманда - жаңа медициналық мекеме
    13 Қазан 2017 ж.41

    Қалқаман ауылында 20 жыл бойы қаңырап бос тұрған ғимарат биыл жөндеуден өтті.  Қалыпқа келтіріліп, жылуы өткізілген нысан бүгін Қалқаман ауылдық дәрігерлік амбулаториясы. Аталмыш мекеменің іші мен сырты  жаңарып,  кеше тұрғындар үшін  есігін айқара ашты. Осыған дейін дәрігерлік көмек балабақша ғимаратында көрсетілсе, енді тұрғындар заманауи амбулаторияға келді.  Онда дәрігерлік жәрдемге дейінгі, физиотерапевтік, қан алу, жалпы тәжірибе...

Жаңалықтар мұрағаты