Ақсу қаласының әкімдігі
Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

2017 жылғы алты айдыайдың ішіндегі Ақсу қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

09 Тамыз 2017 ж.79

2017 жылғы 6 ай ішінде қаланың экономикалық және қоғамдық-саяси өмірін дамыту жұмысында нақты нәтижелерге жеттік.

Осылайша, өнеркәсіп кәсіпорындарымен 277,4 млрд.теңге өнім өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,7 %-ды құрады.

Қаланың энергетиктері 7,4 млрд. кВт/сағат электр энергияны өндірді, металлургтер 644 мың тонна ферроқорытпаны шығарды.

Құрылыс жұмыстары өткен жылмен салыстырғанда  19,9 %-ға ұлғайды (3,5 млрд. теңге).

Негізгі капиталға салынған  инвестицияның көлемі 18,5 млрд.теңгеге өсті және нақты көлем индексі  былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда - 105,1 %.

Сондай-ақ, бөлшектеп сату көлемінің, айтарлықтай болсын, 1,8 %-ға өсуі байқалады.

Агроөнеркәсіп кешенінде ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі де ұлғаюда.

2017 жылғы 6 ай ішінде өндіріс өнімі 4,4 млрд.теңгеге өндіріліп, 53,6 %-ды құрады, ол өткен жылдың көрсеткішінен  1,8 млрд.теңгеге көп.

Ағымдағы жылғы егіс алаңы  16,4%-ға ұлғайып, 28970 Га-ны құрады, оның ішінде - суарылатын алқап 10,9 мың Га, ол 2016 жылдың егіс алаңынан 522,0 Га-ға үлкен.

Агроөнеркәсіп кешенінде мемлекеттік қолдаудың маңызды экономикалық рөлі зор.

Осылайша, ағымдағы жылғы бірінші тоқсанда «Агробизнес 2020» бағдарламасы шеңберінде суарылатын жерлерді қалпына келтіру бойынша екі жоба іске асырылды: Евгеньевка ауылында “Смирнов” ШҚ 80 га алаңда және Үштерек ауылында “Уванова” ЖК 140 га алаңда.

Осы кезең ішінде «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Рахмет» ШҚ (Алғабас с/о) 6,0 млн. теңге сомаға несие алды, оған 36 бас ірі қара мал сатып алды.

Қызылжар ауылында «Қызылжар Құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен құс етін қайта өңдеп, туралған ет шығару жобасы іске асырылды, оның жобалық қуаттылығы 60 тонна туралған етті өндіру, инвестиция көлемі 3,0 млн.теңге.

 

Ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен машина-тракторлық паркті жаңарту бойынша жұмыс жалғастырылуда: жылдың басынан бастап 152,5 млн.теңге сомаға жаңа ауылшаруашылық техникасы сатып алынды.

«Үштерек и К» және «Қызылжар Құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері сияқты осындай кәсіпорындардың қуаттылығын ұлғайту есебінен сүттің өнімділігін 1,9 мың тоннаға және құс етін өндіру 2,1 мың тоннаға ұлғаюы байқалады.

Ақсу қаласында шағын және орта бизнесті дамыту саласында ағымдағы жылғы 6 ай ішінде ШОБ субъектілерінің саны 3294 бірлікті құрады, оның ішінде 2588 бірлік жұмыс істейді.

2017 жылы Бизнес-2020 Жол картасы бағдарламасын іске асыру жалғастырылуда. Шағын және орта бизнес объектілерін дамыту және қолдау осы бағдарламаның шеңберінде ағымдағы жылдың 6 айы ішінде несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудың 5 жобасы, ішінара кепілдендірудің 2 жобасы, ИКИ өткізу бойынша  – 1 жоба және грант бойынша  - 1 жоба мақұлданды. Жалпы сомасы – 445,2 млн.теңге.

Қалада кәсіпкерлікті дамытуды қолдау халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге тікелей  жағымды әсер етеді.

Жұмыссыз ретінде есепте тұрғандардың саны 2017 жылғы 1 маусымға 224 адамды құрайды, оның ішінде 69 адам ауылдық аймақтың тұрғындары.

Жұмыссыздар деңгейі 5,0%-ды құрайды.

Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қала бойынша 890 жұмыс орны құрылды, оның 467-ісі тұрақты болып табылады.

6 ай ішінде 4,5 мың адам 65,1 млн.теңге сомаға әлеуметтік, тұрғын, атаулы көмек алды. Нысаналы жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 503 адам қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар тәжірибесіне жолданды. Осы мақсаттарға республикалық және қалалық бюджеттен 108,1 млн.теңге бөлінді.

Білім беру саласында да мынадай нақты көрсеткіштерді көрсетті.

Ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балы, 85,63 облыстық көрсеткішінде, 82,05 балды құрады.

2017 жылы білім беру жүйесіне  4,0 млрд.теңгеден аса сома бөлінді, ол қала бюджетінің шамамен 50 %-ын құрайды.

Сонымен қатар, Еуразияттық топпен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумы шеңберінде қалалық жас натуралистер станциясын қайта жаңғырту жұмысы басталды. Осы мақсаттар үшін 2017 жылы 321,3 млн.теңге сома көзделген.

Жалпы айтқанда, қаланың барлық мектептері осы жылы оқулықтармен және интернетпен қамтамасыз етілген.

Денсаулық саласын дамыту шеңберінде 2017 жылы Евгеньевка ауылында дәрігерлік амбулаторияны салу аяқталды (құрылыстың құны 143,2 млн.теңге).

Облыстық бюджет қаражаты есебінен ИКИ өткізумен Қалқаман ауылының дәрігерлік амбулаториясының ғимаратына күрделі жөндеу 99,5 млн.теңге сомаға жүргізілді.

Дәрігер мамандарымен қамтамасыз етілу 100,0 % құрайды.

Аурулардың ауыр түрлерінің, сәби шетінеуі көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады.

Өңірде мәдениет және спорт саласын дамыту мемлекеттік саясатын іске асыруға 2017 жылы барлық деңгейдегі бюджеттерден 800,0 млн.теңгеден аса сома бағытталды.

2017 жылдың өткен кезеңі ішінде қаланың мәдениет мекемелерімен 668 іс-шаралар өткізілді. Мерейтойлық даталарға, ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне және «Мәңгілік ел» патриоттық акциясына арналған тақырыптық шаралар мен іс-шаралар өткізілді.

Ағымдағы жылғы ақпан айынан бастап тамыз айына дейін қалалар мен аудандар арасында қалалар мен аудандардың арасында спорттың олимпиадалық, ұлттық және халықтық түрлері бойынша ХХ облыстық кешенді спартакиада Павлодар қаласында өткізілді. Спорттың барлық түрлері бойынша Ақсу қаласы Павлодар қаласынан 20 ұпайға аз жинап, 2 орынға ие болды. Ал, Ақсу қаласының ауылдық аймағы Павлодар облысы бойынша чемпион атағын алды.

Ауылда спортты дамыту мақсатында 2017 жылы  Евгеньевка және Қызылжар ауылдарында денешынықтыру-сауықтыру кешенін салуға 234,2 млн.теңге сомаға облыстық қаражат бөлінді. Ағымдағы жылғы шілдеде Евгеньевка ауылының денешынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға енгізілді.

 

Өңірде тұрғын үй құрылысын ұлғайтуға бағытталған жұмыс та өткізілуде.

Ағымдағы жылы 615,5 млн.теңге сома республикалық пен облыстық бюджет қаражаттары есебінен жалпы алаңы 10278 шаршы метр 80 пәтерлі бес қабатты тұрғын үй салынуда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы 150 пәтер 8854,26 шаршы метр жалпы тұрғын алаңымен Строителей көшесі 40 және Строителей көшесі 42 екі бес қабатты тұрғын үйлерді қолданысқа енгізу жоспарланды. Осы үйлерді 2016 жылы «Қазхром» ТҰК АҚ және «ЕЭК» АҚ  бастаған.

Барлық осы жобаларды іске асыру ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 13501,46 шаршы метр тұрғын алаңын немесе 230 пәтерді қолданысқа енгізуге мүмкіндік береді.

Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін қалада инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды өткізу жобалары іске асырылуда.

Жеке тұрғын үй құрылысының № 12, 14, 15 шағын аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын салу жалғастырылуда.

Бюджеттік сала қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы ауылдық елді мекендерде Евгеньевка және Қызылжар екі тірек ауылдарында төрт 2-пәтерлі тұрғын үйін салу көзделді, оның 3 үйі -  Евгеньевка ауылында, ал 1-уі - Қызылжар ауылында.

 Өңірлерді дамыту және «Нұрлы Жол» бағдарламасын іске асыру шеңберінде қаланың инфрқұрылымдары  –  электрмен және сумен  жабдықтау, су тарату желілерін қайта жаңғыртуға, жөндеуге  ерекше көңіл бөлінеді. Осы мақсаттарға барлық деңгейдегі бюджеттерден 3,1 млрд. теңге бөлінді.

Ағымдағы жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 694,8 млн.теңге сомаға ұзындығы шамамен 19,8 км Қызылжар ауылы су құбырының қайта жаңғырту және ұзындығы 19,3 км Евгеньевка ауылы су құбырын салу жұмыстары басталды. Осы жобаларды іске асыру орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік көрсеткішін 28 %-дан 31 %-ға дейін  ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылы Ұлттық қор қаражаты есебінен 413,8 млн.теңге сомаға бас фекальді сорғы станциясын қайта жаңғырту жоспарлануда.

Жылу энергетика жүйесін дамыту бағдарламасы бойынша Ақсу қаласының жылыту қазандығын салу жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 11,0 млрд.теңгені құрайды.

3,9 млн.теңге сомаға қалалық бюджет қаражаты есебінен 6 КТП және электр тарату желілерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары өткізілді.

Өткізілетін іс-шаралар желілердің үздіксіз жұмыс істеуіне, аз тозуына, апатты желілік шығындарды төмендетуге жағымды  әсер етеді.

Осылайша, жылдың басынан бастап 10,2 млн. теңге қалалық бюджет қаражатынажалпы алаңы 2400 м2 қаланың жолдарына шұңқырлық жөндеулер өткізілді.

Ағымдағы жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен Сарышығанақ және Айнакөл ауылдарының кіреберіс жолдарына 38,1 млн.теңге сомаға орташа жөндеу өткізілді.

Облыстық бюджет қаражатынан «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы шеңберінде 223,0 млн.теңге сомаға 10 аула абаттандырылуда.

“ERG S.a.r.l” Меморандумы шеңберінде қаланың 2 ауласының  аумағын асфальттаумен және балалар ойын алаңын жайғастырумен абаттандыру және 1 футбол алаңын орналастыру жоспарланды.

Сонымен қатар, “ERG S.a.r.l” Меморандумы шеңберінде 198,0 млн.теңге сомаға қалалық Жағажайды қайта жаңғырту жұмысы өткізілуде, оны аяқтау ағымдағы жылғы қазанда аяқтау көзделді.

Қоғамдық қауіпсіздікті және құқық тәртібін ұйымдастыру саласында 2017 жылғы 6 ай ішінде 451 қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелді, ол 2016 жылдың осындай кезеңінен 6,8 %-ға төмен (484).

 

Соңғы жаңалықтар

  • Сенбілік өтті
    25 Қыркүйек 2017 ж.21

    Нәтижесінде қаламыз тазарып, жаңарып қалды. Шаһар тұрғындары қоқыс-қалдықтарын жинап,  жол жиектерін әктеп, қаламыздың ажарлана түсуіне атсалысты. жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылады, барысында  қоқыс шығарылп тазартылды. Сондай-ақ, сенбілік ауылдық аймақтарда да белсенді ұйымдастырылды. Оған ауыл тұрғындарынан басқа, шаруа қожалықтары,  жеке кәсіпкерлер, мектеп оқушылары да білек сыбана қатысты.

  • Тағы бір аула жаңарды
    25 Қыркүйек 2017 ж.21

    Жаз басталысымен-ақ, Ақсу өңірінде көріктендіру жұмыстары қарқын алды. Республикалық маңызды жолдармен қатар, аулаішілік көше жолдары да жөнделді. Биыл квартал ішілік аумақтарды абаттандыруға облыстық бюджеттен 223 млн. теңге бөлінді. - Бүгінде Бауыржан Момышұлы көшесі, 12 үй мекенжайындағы ауланы абаттандыру жұмысы аяқталды. Жалпы аумағы 1071 шаршы метр болатын жол асфальтталып, оған облыстық бюджеттен 7,9 млн. теңге қаражат...

  • Дәнді-дақылдарды жинау науқаны
    19 Қыркүйек 2017 ж.79

    Қазіргі уақытта өңірде дәнді-дақылдарды жинау жұмыстары аяқталып келеді. Картоп пен көкөністер алаңының жартысына жуығы жиналды. Жалпы айтқанда, күн суығанда пісіп, қазан айында жиналатын қырыққабатты және майлы дақылдар тұқымдарына арналған күнбағысты қоспағанда, осы дақылдар бойынша егін жинау жұмыстарын қыркүйек айының аяғында аяқтау жоспарлануда. Ақсу қаласының әкімі Н.Ш. Дүйсенбинов егін жинау жұмысы қызып жатқан, Достық селолық округіне...

  • КӘСІПКЕРЛІК БАСТАМАЛАР ҚОЛДАУ АЛУДА
    19 Қыркүйек 2017 ж.78

    Жуырда  "Нұр Отан" партиясы Ақсу қалалық филиалының  конференц-залында шаһар басшысы Нұрлан Дүйсенбиновтің төрағалығымен кездесу өтті. Онда "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ өкілдері нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың   2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын егжей-тегжейлі түсіндірді, нақты айтқанда оның екінші бағыты - кәсіпкерлік бастамаларын қолдау және қалалар мен ауылдарда шағын несиелерге кепілдік беру жайлы сөз болды....

  • «Павлодар-Астана» автожолында өткізілген жөндеу жұмыстарының сапасы
    15 Қыркүйек 2017 ж.87

    2017 жылғы 22 тамыздағы облыстық аппарат мәжілісінің № 12-АК хаттамасы негізінде Ақсу қалалық мәслихатымен Қалқаман ауылының ауданында «Павлодар-Астана» автожолында өткізілген жөндеу жұмыстарының сапасы тексерілді. Облыстық мәслихат депутаттары М.А. Бугубаевтың, А.А. Шалабаеваның, қалалық мәслихат депутаттары Г.А. Алпысбаеваның, А.Ы. Оразалиннің, Б.Ж. Тусупбековтың, ТҮКШ және АЖ бөлімі басшысының орынбасары О.А. Нұрашевтың, Ақсу қалалық мәслихатының бас маманы И.А. Никулинаның қатысуымен...

  • Бірқатар тапсырмалар жүктелді
    15 Қыркүйек 2017 ж.83

    Әкімдіктің мәжіліс залында Ақсу қаласының терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өтті. Оған шаһар басшысы Нұрлан Дүйсенбинов, қала әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде үш сұрақ талқыланды. Алғашқы сұрақ - халық көп жиналатын объектілердің техникалық жабдықталуы және олардың терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы білім бөлімінің басшысы Қайрат Смағұлов баяндады. - ...

Жаңалықтар мұрағаты