Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

Қазақстанда мыңға жуық Egov бұрышы ашылады

29 Мамыр 2020 ж.547

 

 

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу ретін барынша ыңғайлы қылу үшін ХҚО ғимаратынан тыс жерде өз бетінше қызмет алуға болатын алты жүзге жуық egov бұрыштары жұмыс істейді. Таяу арада тағы 400 бұрыш ашу жоспарланған. Онда компьютері немесе интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ қазақстандықтар электрондық үкімет порталында қолжетімді қызметтерді өздігінен ала алады. Бұрыштар облыс әкімдіктері, оқу орындары, медициналық ұйымдар, сауда және ойын-сауық орталықтарының ғимараттарында орналасқан.

        Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, коронавирус инфекциясының қауіпі сейілмегендіктен, оның ХҚО-да таралмауына ерекше назар аударған жөн. «Сондықтан біз халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғимараттарында азаматтардың жиналуын болдырмау және вирустың таралу қаупін азайтуға мүмкіндік беретін бірқатар нақты шараларды қабылдадық. Енді қазақстандықтар халыққа қызмет көрсету орталықтарында онлайн түрде қолжетімсіз «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтер мен онлайн рәсімделген өтініштердің дайын нәтижесін ала алады. Бұл ретте, ХҚО-ға баратын уақыт аралығын алдын ала брондау қажет. Қазақстандықтар электронды қызметтерді өз бетінше үйде, кеңседе немесе өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады», – деді Балташева.

Сонымен қатар, ол аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалалардағы ХҚО ғимараттарындағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының бұрынғыдай жұмыс істейтінін айтып өтті. Ауылдық округтерде электрондық қызметтерді жергілікті әкімдіктер ғимаратында орналасқан egov бұрыштарында өз бетінше алуға болады.

Айта кету керек, қазіргі уақытта egov.kz порталындағы виртуалды көмекшінің көмегімен электрондық цифрлық қолтаңбаны алуға және азаматтардың мобильді базасында тіркелуге болады. Егер портал қызметі бойынша сұрақтар туындайтын болса, қызмет алушы 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің кеңесін ала алады.

Айта кетейік, азаматтардың келесі үш санаты зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғимараттарында бұрынғыдай ала алады. Олар да кезек уақытын алдан ала брондауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар

  • Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын 2020 жылғы 12 тамызға тағайындау туралы
    13 Маусым 2020 ж.529

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің 2020 жылғы қазан айында аяқталатынына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы 2020 жылғы 12 тамызға тағайындалсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Нұр-Сұлтан, Алматы және...

  • Жасампаздыққа толы жылдар
    09 Маусым 2020 ж.655

  • «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудың басталуы туралы
    01 Маусым 2020 ж.517

    2020 жылдың 10 маусымнан бастап «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік жүргізу негіздеріне арналған оқытудың тегін курстары басталатын болады. Биылғы жылы қабылданған карантиндік шараларды ескере отырып, "Atameken Academy" онлайн платформасы арқылы қашықтықтан онлайн-оқыту қарастырылған.          Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары оқыту қатысушылары болып табылады, оның...

  • Қазақстанда мыңға жуық Egov бұрышы ашылады
    29 Мамыр 2020 ж.548

        Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу ретін барынша ыңғайлы қылу үшін ХҚО ғимаратынан тыс жерде өз бетінше қызмет алуға болатын алты жүзге жуық egov бұрыштары жұмыс істейді. Таяу арада тағы 400 бұрыш ашу жоспарланған. Онда компьютері немесе интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ қазақстандықтар электрондық үкімет порталында қолжетімді қызметтерді өздігінен ала алады. Бұрыштар облыс әкімдіктері,...

  • Құрметті кәсіпкерлер!
    18 Мамыр 2020 ж.737

    Құрметті кәсіпкерлер! Сіздерге бизнесті сервистік және ақпараттық қолдау қызметтері бойынша менеджер-кеңесшілердің жұмысы қайта жанданғанын хабарлаймыз. Сервистік қолдау келесі қызмет түрлерін ұсынады: бухгалтерлік қызметтер заң қызметтері маркетингтік қызметтер мемлекеттік сатып алулар. Сондай-ақ, Ақсу  қаласына, ақпараттық қолдау бойынша менеджер-кеңесшілер жұмыс жасайды. Кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға барлық қызметтер ТЕГІН көрсетіледі. Байланыс ақпараты: Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16, тел. 8 (7182) 654415, 660311 (ішкі 5511.5554); Ақсу қаласы, К.Маркс көшесі,...

  • Возмещение затрат населению по коммунальным услугам
    10 Мамыр 2020 ж.1094

    Возмещение затрат населению по коммунальным услугам   В целях оказания помощи по снижению расходной части социально уязвимых слоев населения, планируется возмещение платежей населения по оплате коммунальных услуг за счет бюджетных средств. 18 апреля 2020 года Министерством индустрии и инфраструктурного развития РК были разработаны и утверждены соответствующие Правила возмещения затрат поставщикам коммунальных услуг, в которые в...

Жаңалықтар мұрағаты