Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

Павлодар облысында карантин кезінде баланың туылуына байланысты 240-тан астам жәрдемақы рәсімделді

20 Сәуір 2020 ж.549

 

photo5253763709577309664  Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты ХҚО жұмысы уақытша тоқтатылғалы бері Павлодар облысында 234 әйел жүктілік және босануына байланысты табысынан айырылу төлемін, 8  отбасы баланың туылуына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақыны онлайн рәсімдеген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бұрын тек ХҚО арқылы көрсетілген қызметтер, оның ішінде жүктілікке байланысты жәрдемақы бойынша өтініштерді порталдағы «Электронды өтініштер» сервисі арқылы қабылдау мүмкіндігін жасады.

          Декрет демалысына шыққан жүкті әйелдер egov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Электронды өтініштер» сервисін таңдап, жеке құжаты мен жұмыс істеу қабілетінен айырылу парағының скан көшірмесін және төлем аударылуы тиіс банк шотын қоса жолдауы тиіс.

"Алтын алқа" алқасымен марапатталған көп балалы ана Бибігүл Баильдинова қазір жүктіліктің соңғы айларында. Карантин кезіне түскен жүктілікке байланысты жәрдемақыны рәсімдеуге Павлодар қаласының тұрғыны 1414 колл-орталығына жүгінеді, ХҚО қызметкерлері оған онлайн өтінішті қалай беруге болатынын айтып, көмектеседі. "Біз egov.kz порталы арқылы әрдайым керекті анықтаманы алып отырамыз, осы жолы  карантинге байланысты құжаттарды ХҚО арқылы емес, онлайн тапсырдым. Бұл әдіс әлдеқайда ыңғайлы, өйткені мен үйден шықпай-ақ жүктілікке байланысты жәрдемақыны рәсімдедім. ХҚО қызметкерлеріне телефон арқылы толық ақпарат беріп, көмек бергендеріне алғысымды білдіремін" - дейді Бибігүл.

Енді ғана балалы болған отбасылар үшін egov.kz порталының «Отбасы» – «Бала» бөлімінде баланың туылуына және оның күтіміне байланысты жәрдемақыларды рәсімдеу мүмкіндігі бар. Павлодарлық Данагүл Сайлаубекова тұңғышының туулуына жәрдемақыны онлайн рәсімдеген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Павлодар облысы бойынша филиалы барлық аналарды құттықтап, дендеріне саулық тілейді.

Айта кетейік, порталды пайдалану үшін ЭЦҚ болуы шарт. Электронды цифрлық қолтаңбаны бүгінде порталда қашықтан рәсімдеуге болады.

Сондай-ақ Мобильді азаматтар базасында тіркеуі бар жас аналар проактив қызметін пайдалана алады.  Ол арқылы баланың тууын тіркеп, тиісті жәрдемақыны рәсімдеп, сәбиді балабақша кезегіне қоюға болады.

 

 «Азаматтарға арналған үкімет» МК

Павлодар облысы бойынша

баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

  • Қазақстанда мыңға жуық Egov бұрышы ашылады
    29 Мамыр 2020 ж.30

        Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу ретін барынша ыңғайлы қылу үшін ХҚО ғимаратынан тыс жерде өз бетінше қызмет алуға болатын алты жүзге жуық egov бұрыштары жұмыс істейді. Таяу арада тағы 400 бұрыш ашу жоспарланған. Онда компьютері немесе интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ қазақстандықтар электрондық үкімет порталында қолжетімді қызметтерді өздігінен ала алады. Бұрыштар облыс әкімдіктері,...

  • Құрметті кәсіпкерлер!
    18 Мамыр 2020 ж.226

    Құрметті кәсіпкерлер! Сіздерге бизнесті сервистік және ақпараттық қолдау қызметтері бойынша менеджер-кеңесшілердің жұмысы қайта жанданғанын хабарлаймыз. Сервистік қолдау келесі қызмет түрлерін ұсынады: бухгалтерлік қызметтер заң қызметтері маркетингтік қызметтер мемлекеттік сатып алулар. Сондай-ақ, Ақсу  қаласына, ақпараттық қолдау бойынша менеджер-кеңесшілер жұмыс жасайды. Кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға барлық қызметтер ТЕГІН көрсетіледі. Байланыс ақпараты: Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16, тел. 8 (7182) 654415, 660311 (ішкі 5511.5554); Ақсу қаласы, К.Маркс көшесі,...

  • Возмещение затрат населению по коммунальным услугам
    10 Мамыр 2020 ж.549

    Возмещение затрат населению по коммунальным услугам   В целях оказания помощи по снижению расходной части социально уязвимых слоев населения, планируется возмещение платежей населения по оплате коммунальных услуг за счет бюджетных средств. 18 апреля 2020 года Министерством индустрии и инфраструктурного развития РК были разработаны и утверждены соответствующие Правила возмещения затрат поставщикам коммунальных услуг, в которые в...

  • Электр энергиясын пайдалану ережесіне елеулі жеңілдіктер енгізілді!!! Әрбір тұтынушы не білуі тиіс?
    06 Мамыр 2020 ж.329

      2020 жылғы 23 ақпанда 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 электр энергиясын пайдалану қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енді. Тұтынушылар осы жеңілдіктерді қалай сезіне алатының ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті баяндайды. Жоғарыда көрсетілген ережелерге нақты өзгерістер жеткілікті мөлшерде енгізілді, осы нақты бапта біз тұтынушыларға...

  • Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары!
    29 Сәуір 2020 ж.514

    Ақсу қаласында көктемгі-жазғы «саяжай» маусымдық кезеңде 4 бау-бақша шаруашылығын қамтамасыз ету, мемлекет тарапынан коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шараларды ескере отырып, 2020 жылғы 28 сәуірден бастап 2 қалалық маршрут бойынша жүзеге асырылады: - №6 маршруттар- «Идрисова» ЖК бау-бақша шаруашылығы, «Энергетик» ТКБ (Беловка шағын ауданы); - №3 маршруттар- «Энергетик» БСК...

  • 2020 жылғы карантин кезеңіндегі саяжай маусымына арналған маршруттардың кестесі
    29 Сәуір 2020 ж.642

    № Маршрут атауы Қозғалыс кестесі (орны/уақыты) Күндер     1   №6 (Аурухана аялдамасынан- «Ягодка» бау-бақша шаруашылығына)   шығу 08:00—09:30; кері қайту15:00—16:30; 19:30   күнделікті   2   №3 (ТЖ вокзалынан- «ЕЭК» АҚ мұсылмандар зиратына);     шығу  08:00—09:30; кері қайту15:00—16:30; 19:00   күнделікті   3   №3 «(ТЖ вокзалынан  - Солтүстік өткелге»)  ...

Жаңалықтар мұрағаты