Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

1411 байланыс орталығы тәулік бойы қызмет көрсетеді

21 Қаңтар 2020 ж.450

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қарамағындағы 1411 байланыс орталығы енді тәулік бойы қоңыраулар қабылдайды. Әлеуметтік төлемдер мен еңбек саласына қатысты кеңес беретін call-орталық қызметкерлерібұдан былай атаулы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызметтер порталының жұмысына қатысты сауалдарға,сондай-ақ info@info.mintrud.kz электронды поштасына келіп түсетін хаттарға да жауап береді.

«Бүгінде 1411  байланыс орталығына орташа есеппен бес мың қоңырау келіп түседі. Азаматтар демалыс және мереке күндері де қоңырау шалып, өз сауалдарына жауап ала алады. Жыл басынан бері 22 мың қоңырау келіп түссе, олардың 400-денастамы Павлодар облысынан. Қоңыраулардың басым бөлігі зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, көп балалы аналардың ай сайынғы жәрдемақысы, атаулы әлеуметтік көмек мәселелерін қамтиды. Қызмет алушылар ХҚО-ға бармас бұрын, 1411-ге хабарласып, әлеуметтік қызметтерді рәсімдеуге қажет құжаттар тізімін де алдын ала біліп отыра алады», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымының орынбасары Біржан Жүнісов.

1411 бірыңғай қысқа нөміріне тегін қоңырау шала отырып, кез келген оператордан келесі мәселелерге қатысты жауап алуға болады:

-          зейнетақымен жәрдемақы рәсімдеу;

-          көп балалы отбасының мемлекеттік жәрдемақысы;

-          атаулы әлеуметтік көмек;

-          әлеуметтік қызметтер порталы;

-          еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту;

-          мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға онлайн-психологиялық консультация беруге өтінімдер қабылдау мәселелері.

Бұдан басқа, әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы және еңбекпен қамту мәселесіне қатысты негізгі сауалдардың жауабын www.info.mintrud.kzсайты арқылы да білуге болады.

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорациясы  КЕАҚ Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

  • Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары!
    21 Ақпан 2020 ж.12

      26.02.2020 ж. «Халыққа жақын бол» акциясы аясында Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚО) ашық есік күні өтеді. Мемлекеттік қызмет көрсету, жер кадастры және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кеңестерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ақсу қаласының бөлім басшылары жүргізеді. Басталуы 10:00 сағ.

  • Қардан тазартуда
    10 Ақпан 2020 ж.105

    БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫС АТҚАРУДА Қала көшелерін қысқы күтіп ұстау "Горкомхоз-Ақсу" ЖШС мердігерлік ұйымымен жүзеге асырылады. Олар күн сайын жолдың жүру бөлігін, тротуарларды тазалау, күндізгі және кешкі уақытта қарды шығару бойынша жұмыстар жүргізуде. "Горкомхоз-Ақсу" ЖШС жұмысшыларымен Астана, Әуезов, Қамзин, Пушкин, Ленин, Иртышская, Абай, Амангелді, Дөнентаев, Строительная, М.Мәметова, Чкалов, Жамбыл, Набережная, Терешкова, Комсомол, Б.Момышұлы, Желтоқсан, Вокзальная, Ә.Молдағұлова, Калинин,...

  • "Электрондық салық төлеуші ​​ретінде тіркеу" мемлекеттік қызметі жойылды
    10 Ақпан 2020 ж.136

    Бизнес-процесті оңтайландыру аясында «Электрондық салық төлеуші ​​ретінде тіркеу» мемлекеттік қызметі жойылды, бұл Ұлттық куәландырушы орталығының (ҰКО) ЭЦҚ қолдануға мен пайдалануға көшуіне әкелді. Мемлекеттік қызметтердің жойылуы бірнеше уәкілетті органдардың (ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті) функциясының қайталануын болдырмауға мүмкіндік берді. Осылайша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық...

  • Атқарылған жұмыстар ауқымды
    06 Ақпан 2020 ж.111

    Сәрсенбі күні Ақсу қаласының өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылап, алдағы міндеттерін айқындау мақсатында Сәбит Дөнентаев атындағы қалалық мәдениет сарайына шаһар мен ауылдық аймақ тұрғындары,  облыстық, қалалық мәслихат депуттатары, кәсіпорын, мекеме-ұйым қызметкерлері, мемлекеттік органдардың басшылары жиналды. Ақсу қаласының әкімі Балғабай Ыбыраевтың халық алдындағы қорытынды есептік кездесуіне Павлодар облысы әкімінің орынбасары  Әлия Арынова, облыстық мәслихаттың хатшысы Бақыт...

  • Павлодар облысы Тауарлар мен көрсетілетін кызметтердің сапасы мен кауіпсіздігін бақылау департаментінің Ақсу қалалық тауарлар мен көрсетілетін кызметтердің сапасы мен кауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының және орынбасарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
    28 Қаңтар 2020 ж.320

       Жалелов АбзалЕрмекұлы – Ақсу қалалық тауарлар мен көрсетілетін кызметтердің сапасы мен кауіпсіздігін  бақылау басқармасыныңбасшысы апта сайын сейсенбі күні сағат 16.00 – 18.00 дейін байланыс телефоны: 8 (718 37) 65215  Баязитов Талғат Темірболатұлы – Ақсу қалалық тауарлар мен көрсетілетін кызметтердің сапасы мен кауіпсіздігін  бақылау басқармасы басшысының орынбасары  аптасайын сәрсенбі күнісағат 16.00 – 18.00 дейін  байланыс...

  • "Снюс" темекі өнімдерін сату және тарату бойынша мониторинг жүргізді
    28 Қаңтар 2020 ж.296

    Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы №7-Пгв "Снюс "темекі және темекі емес бұйымдарын әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салу туралы" қаулысының 2-тармағының 4)тармақшасын орындау мақсатында 24.01.2020 ж. Ақсу қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандарымен Ақсу қаласының полиция қызметінің мамандарымен бірлесіп сауда объектілерінде темекі және темекісіз "Снюс" темекі өнімдерін...

Жаңалықтар мұрағаты