Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

2020 жылы павлодарлықтар үшін зейнетақы мен жәрдемақы қандай болады

21 Қаңтар 2020 ж.426

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар үшін зейнетақы мен жәрдемақы көбейтілді.Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 7% - ға арттырылды, бұл ретте оның ең төменгі мөлшері 38 636 теңгені құрайды. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 5 %- ға ұлғайды, оның ең төменгі мөлшері 16 839 теңгені құрайды.

Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері күнкөріс деңгейінің мөлшеріне, мүгедектіктің тобы мен себебіне, асыраушысынан айырылған жағдайда - асырауындағы адамдар санына және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшеріне байланысты болады.

Мәселен, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты 5% - ға арттырылды.

Мысалға, жылдың басынан бастап жалпы аурудан мүгедектікке берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобына байланысты 32 431 теңгеден 59 872 теңгені құрайды.

Асыраушысынан айрылғандарға берілетін жәрдемақы асырауындағы адамдар санына байланысты осы жылы 26 818 теңгеден 65797 теңгені құрайды. Сонымен бірге, жетім балаларға әрқайсысы үшін 36 796 теңгеден беріледі, бірақ отбасының барлық мүгедек мүшелері үшін 79 829 теңгеден аспайды.

Бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы көбейді: бірінші, екінші және үшінші балаға - 100 776 теңгеге дейін (38 АЕК), төртіншісі үшін - 167 076 теңгеге дейін (63 АЕК). Жұмыс істемейтін әйелдер үшін бір жасқа дейінгі баланы күтуге ай сайынғы жеңілдіктер: бірінші балаға - 15 276 теңге (5,76 АЕК), екінші балаға - 18 061 теңге (6,81 АЕК), үшінші балаға - 20 819 теңге (7,85 АЕК), төртінші және одан кейінгі балаларға - 23 603 теңге (8,9 АЕК).

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағыналған, I және II дәрежелі «Анадаңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы табысына қарамастан төленеді, мөлшері 16 973 теңгені құрайды.

Мүгедек баланы кәмелеттік жасқа дейін тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушысына, қамқоршысына (қорғаншысына) тағайындалған және төленетін жәрдемақы мөлшері 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 43 657 теңгені құрайды (1,4 ЕТКД). Осындай мөлшерде бала кезінен бірінші топтағы мүгедек баланы күту бойынша жәрдемақы төленеді.

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру, көп балалы отбасыларды қолдау мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жәрдемақының жаңа түрі – 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар, оның ішінде күндізгі оқу бөлімінде оқитын балалары 23 жасқа толғанға дейін көп балалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы енгізілді.

Мемлекеттік қызметті сапалы көрсету мақсатында Мемлекеттік корпорация 2019 жылдың қарашасынан бастап келесі дайындық жұмыстарын жүргізді:

- толық кеңес беру;

- қажетті құжаттарды сәйкестікке келтіруге жан-жақты көмек көрсету (құжаттар, алушылардың өздерін тіркеу);

- білім беру мекемелерінен асырауындағыларға оқыту туралы анықтамаларды және т. б. сұрау салуға көмек көрсету. 

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті -Мемлекеттік корпорация филиалының құрылымдық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы биліктің, құзыретті органдардың жедел және үйлесімді жұмысының нәтижесінде мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау осы жәрдемақы түріне құқығы бар 2 мыңнан астам көп балалы отбасыларға 100% жүзеге асырылды және қаңтар айының бірінші күні ақшалай қаражат алушылардың банк шоттарына сәтті аударылды.

Сонымен қатар, жәрдемақының жаңа тағайындалуынан басқа, Мемкорпорация филиалы 2018 жылғы қаңтардың 01-не  дейін тағайындалған және «Көп балалы отбасы» арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар ретінде есепте тұрған 3 718 отбасына автоматтандырылған қайта есептеу жүргізді.

Яғни, көп балалы отбасылар жаңа форматтағы жәрдемақыны қаңтар айында алатын болады.Қаңтар айының алғашқы күндерінде Павлодар облысы бойынша көп балалы отбасы ретінде  жәрдемақы алушылар саны – 5881 отбасын құрады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорациясы  КЕАҚ Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

  • Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары!
    21 Ақпан 2020 ж.12

      26.02.2020 ж. «Халыққа жақын бол» акциясы аясында Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚО) ашық есік күні өтеді. Мемлекеттік қызмет көрсету, жер кадастры және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кеңестерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ақсу қаласының бөлім басшылары жүргізеді. Басталуы 10:00 сағ.

  • Қардан тазартуда
    10 Ақпан 2020 ж.104

    БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫС АТҚАРУДА Қала көшелерін қысқы күтіп ұстау "Горкомхоз-Ақсу" ЖШС мердігерлік ұйымымен жүзеге асырылады. Олар күн сайын жолдың жүру бөлігін, тротуарларды тазалау, күндізгі және кешкі уақытта қарды шығару бойынша жұмыстар жүргізуде. "Горкомхоз-Ақсу" ЖШС жұмысшыларымен Астана, Әуезов, Қамзин, Пушкин, Ленин, Иртышская, Абай, Амангелді, Дөнентаев, Строительная, М.Мәметова, Чкалов, Жамбыл, Набережная, Терешкова, Комсомол, Б.Момышұлы, Желтоқсан, Вокзальная, Ә.Молдағұлова, Калинин,...

  • "Электрондық салық төлеуші ​​ретінде тіркеу" мемлекеттік қызметі жойылды
    10 Ақпан 2020 ж.136

    Бизнес-процесті оңтайландыру аясында «Электрондық салық төлеуші ​​ретінде тіркеу» мемлекеттік қызметі жойылды, бұл Ұлттық куәландырушы орталығының (ҰКО) ЭЦҚ қолдануға мен пайдалануға көшуіне әкелді. Мемлекеттік қызметтердің жойылуы бірнеше уәкілетті органдардың (ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті) функциясының қайталануын болдырмауға мүмкіндік берді. Осылайша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық...

  • Атқарылған жұмыстар ауқымды
    06 Ақпан 2020 ж.111

    Сәрсенбі күні Ақсу қаласының өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылап, алдағы міндеттерін айқындау мақсатында Сәбит Дөнентаев атындағы қалалық мәдениет сарайына шаһар мен ауылдық аймақ тұрғындары,  облыстық, қалалық мәслихат депуттатары, кәсіпорын, мекеме-ұйым қызметкерлері, мемлекеттік органдардың басшылары жиналды. Ақсу қаласының әкімі Балғабай Ыбыраевтың халық алдындағы қорытынды есептік кездесуіне Павлодар облысы әкімінің орынбасары  Әлия Арынова, облыстық мәслихаттың хатшысы Бақыт...

  • Павлодар облысы Тауарлар мен көрсетілетін кызметтердің сапасы мен кауіпсіздігін бақылау департаментінің Ақсу қалалық тауарлар мен көрсетілетін кызметтердің сапасы мен кауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының және орынбасарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
    28 Қаңтар 2020 ж.320

       Жалелов АбзалЕрмекұлы – Ақсу қалалық тауарлар мен көрсетілетін кызметтердің сапасы мен кауіпсіздігін  бақылау басқармасыныңбасшысы апта сайын сейсенбі күні сағат 16.00 – 18.00 дейін байланыс телефоны: 8 (718 37) 65215  Баязитов Талғат Темірболатұлы – Ақсу қалалық тауарлар мен көрсетілетін кызметтердің сапасы мен кауіпсіздігін  бақылау басқармасы басшысының орынбасары  аптасайын сәрсенбі күнісағат 16.00 – 18.00 дейін  байланыс...

  • "Снюс" темекі өнімдерін сату және тарату бойынша мониторинг жүргізді
    28 Қаңтар 2020 ж.296

    Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы №7-Пгв "Снюс "темекі және темекі емес бұйымдарын әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салу туралы" қаулысының 2-тармағының 4)тармақшасын орындау мақсатында 24.01.2020 ж. Ақсу қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандарымен Ақсу қаласының полиция қызметінің мамандарымен бірлесіп сауда объектілерінде темекі және темекісіз "Снюс" темекі өнімдерін...

Жаңалықтар мұрағаты