Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

«Ана үйi» қоғамдық қоры

18 Қараша 2019 ж.776

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым  министрлігінің қолдауымен «Ана үйi» қоғамдық қоры жанынан  2016 жылы «Бала асырап алу ұлттық агенттігі» құрылды. «Ана үйі» қоғамдық қоры Қазақстандық кәсіпкерлердің бастамасымен құрылған қайырымдылықты жүзеге асыратын бірегей жоба.

Бала асырап алу ұлттық агенттігініңнегізгі мақсаты - балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларды асырап алуға ниетті отбасыларға көмек көрсету, баланы асырап алуғабастапқы дайындық кезеңінде, баланың отбасында бейімделуі барысында асырап алушылар отбасына психологиялық және консультациялық қолдау көрсету. Мұндай орталықтар Қазақстанның 17 қаласындақызмет етеді.

Бүгінгі күні Бала асырап алу ұлттық агенттігі мамандары бала асырап алуға үмітті отбасыларға ақпараттық-консультациялық көмек берумен қатар «Асырап алушы ата-аналар мектебінде» дайындық жұмыстарын жүргізеді. Бұл мектепте психолог маманы арнайы дайындалған бағдарламамен асырап алуға ниетті ата-аналарды алдын-ала баланы тәрбиелеуде кездесуі мүмкін қиындықтарды шешу жолдарымен таныстырады.  Қордың барлық қызметтері ақысыз негізде көрсетіледі.

Бала асырап алу ұлттық агенттігі 2 жылдан астам жұмысының арқасында Қазақстанда 1,5-17 жас аралығындағы 1095 бала 758 отбасына орналастырылды. 1567 адам «Асырап алушы ата-аналар мектебінде» бала тәрбиесі туралы білімін толықтырды.

 Бала асырап алу ұлттық агенттігініңмекен жайы Павлодар қаласы, 1 май көшесі 189,  110 кабинетте орналасқан. 

Бірыңғай республикалық call - center "1422" (қоңырау тегін) нөмірі бойынша әрбір бала асырап алушыға қоңырау шалуға болады және бала асырап алу рәсімі туралы ақпарат ала алады.

Соңғы жаңалықтар

  • Қарқындыөсім: көлікиелеріавтоХҚО орнына онлайн қызметтерді таңдайды.
    21 Қаңтар 2020 ж.12

    Автокөлік құжаттарын электронды түрде рәсімдеген қазақстандықтар саны күрт өсті. Электронды үкімет порталы арқылы көлігін тіркеп, жүргізуші куәлігін ауыстырған жүргізушілер онлайн жүйенің тиімді әрі пайдалану жеңіл екенін айтады.  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының статистикалық деректеріне сәйкес, 2019 жылы онлайн әдіспен рәсімделген жүргізуші куәліктерінің саны бірден 8 есе, ал қайта тіркеугеқойылған автокөліктер саны 20 есе артқан. Мысалы,...

  • 1411 байланыс орталығы тәулік бойы қызмет көрсетеді
    21 Қаңтар 2020 ж.11

      «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қарамағындағы 1411 байланыс орталығы енді тәулік бойы қоңыраулар қабылдайды. Әлеуметтік төлемдер мен еңбек саласына қатысты кеңес беретін call-орталық қызметкерлерібұдан былай атаулы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызметтер порталының жұмысына қатысты сауалдарға,сондай-ақ info@info.mintrud.kz электронды поштасына келіп түсетін хаттарға да жауап береді. «Бүгінде 1411  байланыс орталығына орташа есеппен бес мың қоңырау келіп...

  • 2020 жылы павлодарлықтар үшін зейнетақы мен жәрдемақы қандай болады
    21 Қаңтар 2020 ж.11

    2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар үшін зейнетақы мен жәрдемақы көбейтілді.Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 7% - ға арттырылды, бұл ретте оның ең төменгі мөлшері 38 636 теңгені құрайды. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 5 %- ға ұлғайды, оның ең төменгі мөлшері 16 839 теңгені құрайды. Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері күнкөріс деңгейінің...

  • Ақсу қаласы әкімінің есеп беруі бойынша қаланың және селолық округтердің тұрғындарынан ұсыныстар, ескертулер және лебіздер жинауға арналған жәшіктерді орнату орындары
    10 Қаңтар 2020 ж.174

    № р/р Қала, кент, ауылдар мен селолық округтер Орнату орны 1 Ақсу қаласы С. Дөнентаев атындағы Мәдениет сарайы, Әуезов көшесі, 8 2  «Қазпочта» Павлодар облыстық филиалының пошта байланысы торабы, Астана көшесі, 50 3  4-ші шағын аудан, «Супермаркет» дүкені 4  10-шы шағын аудан, «Нива» дүкені Алғабас ауылдық округі  5 Алғабас ауылы селолық округ әкімі аппаратының...

  • Ақсу қаласы әкімінің есеп беру кездесулерін өткізу кестесі
    10 Қаңтар 2020 ж.192

    № р/с Әкімінің Т.А.Ә. Кездесу өткізу күні Елді-мекен, өтетін орны 1 Ыбыраев Балғабай Жұмағұлұлы   17.01.2020 ж., сағ. 10.00 М. Омарова атындағы ауылдық округі, мәдени-бос уақыт орталығы 2 17.01.2020 ж., сағ. 15.00 Евгеньевка ауылдық округі, мәдени-бос уақыт орталығы 3 21.01.2020 ж., сағ. 11.00 Қалқаман ауылдық округі, мәдениет үйі 4 21.01.2020 ж., сағ. 14.00 Достық ауылдық...

  • 1411 байланыс орталығы тәулік бойы қызмет көрсетеді
    09 Қаңтар 2020 ж.449

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қарамағындағы 1411 байланыс орталығы енді тәулік бойы қоңыраулар қабылдайды. Әлеуметтік төлемдер мен еңбек саласына қатысты кеңес беретін call-орталық қызметкерлерібұдан былай атаулы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызметтер порталының жұмысына қатысты сауалдарға,сондай-ақ info@info.mintrud.kz электронды поштасына келіп түсетін хаттарға да жауап береді. «Бүгінде 1411  байланыс орталығына орташа есеппен бес мың қоңырау келіп түседі....

Жаңалықтар мұрағаты