Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

ЖОЛДАУ ЖАН-ЖАҚТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

05 Қыркүйек 2019 ж.810

 

Кеше Ақсу қалалық әкімдігінің мәжіліс залында  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауы жан-жақты талқыланды. Жиынға  шаһар басшысы Балғабай Ыбыраев төрағалық етті. Активке ауыл әкімдері, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының, кәсіпорындардың басшылары, үлкен және кіші бизнес, этномәдени қауымдастықтар, әлеуметтік орта, діни конфессиялар,  кәсіподақ және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Ақсу қаласының әкімі Балғабай Ыбыраев баяндама жасады.

- Баршаңызға мәлім, 2-ші қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт  Тоқаев халыққа "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауын жария еткен болатын.

Біз бүгін Мемлекет басшысының алдымызға қойған міндеттерін пысықтап, оларды жүзеге асырудың жолдарын талқыға салатын боламыз. Шын мәнінде, Қазақстан экономикасы жаһандық қиындықтарға қарамастан өзінің жеке даму жолымен құрмет пен беделге қол жеткізді, алға қарай нық сеніммен жылжып келеді. Ата-бабамызға ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикамыз бен өз мемлекеттілігіміздің берік ірге тасын қамтамасыз еттік. Басқаша айтсақ, жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Дәстүрлі Жолдауын жариялай отыра, Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгінгі қоғамымыздың одан әрі дамуы бағытындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өлшеусіз еңбегіне тоқталды, Елбасымыз бастап берген сара жолдың маңыздылығы жайында ой қозғады.

"Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық. Бұл жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды. Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады", - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде.

Еліміздің моноқалаларының бірі болып табылатын Ақсу қаласының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру бағытында алдымызда тұрған міндеттерді бірлесіп атқаруымыз керек.

Халқымызда "Келісіп пішкен тон келте болмас" деген қанатты сөз бар. Мемлекет басшысы біздің болашақта ұстар бағытымызға бағдар жасады. Экономиканы дамыту үшін қолайлы жағдайдың бәрі қарастырылуда. Сол себепті де, бізге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынып отырған басым бағыттарды орындау жолында аянбай еңбек етуіміз қажет. Еліміздің ұзақ мерзімді даму стратегиясы мен Ұлт Жоспарында көрсетілген құрылымдық міндеттерді іске асырсақ айтулы нәтижелерге жететініміз айқын. Ендігі міндет "бір жеңнен қол, бір жағадан бас" шығарып Мемлекет басшысы бастап берген зор мақсаттарға жету жолында бірліктің нақ үлгісін танытуымыз керек. Биік белестер мен асқақ армандарға бірге жетейік! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деді ол.

Келесі кезекте Ақсу орталық емханасының директоры Мақсат Мұқашев, Ақсу қара металлургия колледжінің директоры Ренат Дүйсекенов, "КронАгро" ЖШС директоры Дидар Бейсенбаев,   орталықтандырылған кітапхана директоры Роза Зингер,  "МирДик" ЖШС директоры Ольга Дик, "Jas Otan" жастар комитетінің  төрағасы Светлана Хазгалиева, жас кәсіпкер Нұржанар Баятхан  сөз сөйлеп, мемлекетіміздің халқы болашақта қазіргідей өркениетке ұмтыла беруі үшін елімізде ғұмыр кешіп жатқан барша қауым тұрақтылық пен келісімді нығайтуға барынша көңіл бөле берулері керектігі жөнінде айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауының басты бағыттары қаралып, Үкіметтің алдына нақты міндеттер қойып отырғаны айтылды. Бұл тапсырмаларды орындау халықтың өмір сүру санасын жақсартуға ықпалын тигізері сөзсіз, деп шаһар басшысы Балғабай Ыбыраев жиынды аяқтады.

Екі сағаттай уақытқа созылған жиында Жолдау жан-жақты талқыланды. Әдеттегідей барлық саланы қамтыған басты құжатты негізге алған бөлім, мекеме-ұйым басшылары бірінен-соң бірі Жолдауға қолдау білдіріп, ондағы міндеттердің орындалатындығына сенім артты.

69811734_2365922077052069_5782242581442199552_o 69536400_2365922660385344_481702765752483840_o

Соңғы жаңалықтар

  • Талантты адам-барлық істе талантты
    26 Ақпан 2020 ж.58

    Павлодар облыстық федерациясының ұйымдастыруымен  өткен жастар мен жасөспірімдер арасында «Аралас жекпе-жектен» іріктеу жарысы өтті. Ашық чемпионат  Қазақстанның қалалары мен аудандарынан  келген мықтылар арасында өрбіді. «Жекпе-жек» деп аталатын бұл дүбірлі додаға №10 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Жасұланұлы Даниял қатысты. Даниял жұмыстан тыс уақытында бөлімнің қоғамдық және спорт өміріне белсенді қатысады. Мойнына көкжал арланның терісін ілген спортшымыз...

  • Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары!
    21 Ақпан 2020 ж.130

      26.02.2020 ж. «Халыққа жақын бол» акциясы аясында Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚО) ашық есік күні өтеді. Мемлекеттік қызмет көрсету, жер кадастры және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кеңестерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ақсу қаласының бөлім басшылары жүргізеді. Басталуы 10:00 сағ.

  • Қардан тазартуда
    10 Ақпан 2020 ж.196

    БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫС АТҚАРУДА Қала көшелерін қысқы күтіп ұстау "Горкомхоз-Ақсу" ЖШС мердігерлік ұйымымен жүзеге асырылады. Олар күн сайын жолдың жүру бөлігін, тротуарларды тазалау, күндізгі және кешкі уақытта қарды шығару бойынша жұмыстар жүргізуде. "Горкомхоз-Ақсу" ЖШС жұмысшыларымен Астана, Әуезов, Қамзин, Пушкин, Ленин, Иртышская, Абай, Амангелді, Дөнентаев, Строительная, М.Мәметова, Чкалов, Жамбыл, Набережная, Терешкова, Комсомол, Б.Момышұлы, Желтоқсан, Вокзальная, Ә.Молдағұлова, Калинин,...

  • "Электрондық салық төлеуші ​​ретінде тіркеу" мемлекеттік қызметі жойылды
    10 Ақпан 2020 ж.232

    Бизнес-процесті оңтайландыру аясында «Электрондық салық төлеуші ​​ретінде тіркеу» мемлекеттік қызметі жойылды, бұл Ұлттық куәландырушы орталығының (ҰКО) ЭЦҚ қолдануға мен пайдалануға көшуіне әкелді. Мемлекеттік қызметтердің жойылуы бірнеше уәкілетті органдардың (ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті) функциясының қайталануын болдырмауға мүмкіндік берді. Осылайша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық...

  • Атқарылған жұмыстар ауқымды
    06 Ақпан 2020 ж.199

    Сәрсенбі күні Ақсу қаласының өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылап, алдағы міндеттерін айқындау мақсатында Сәбит Дөнентаев атындағы қалалық мәдениет сарайына шаһар мен ауылдық аймақ тұрғындары,  облыстық, қалалық мәслихат депуттатары, кәсіпорын, мекеме-ұйым қызметкерлері, мемлекеттік органдардың басшылары жиналды. Ақсу қаласының әкімі Балғабай Ыбыраевтың халық алдындағы қорытынды есептік кездесуіне Павлодар облысы әкімінің орынбасары  Әлия Арынова, облыстық мәслихаттың хатшысы Бақыт...

  • Павлодар облысы Тауарлар мен көрсетілетін кызметтердің сапасы мен кауіпсіздігін бақылау департаментінің Ақсу қалалық тауарлар мен көрсетілетін кызметтердің сапасы мен кауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының және орынбасарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
    28 Қаңтар 2020 ж.412

       Жалелов АбзалЕрмекұлы – Ақсу қалалық тауарлар мен көрсетілетін кызметтердің сапасы мен кауіпсіздігін  бақылау басқармасыныңбасшысы апта сайын сейсенбі күні сағат 16.00 – 18.00 дейін байланыс телефоны: 8 (718 37) 65215  Баязитов Талғат Темірболатұлы – Ақсу қалалық тауарлар мен көрсетілетін кызметтердің сапасы мен кауіпсіздігін  бақылау басқармасы басшысының орынбасары  аптасайын сәрсенбі күнісағат 16.00 – 18.00 дейін  байланыс...

Жаңалықтар мұрағаты