Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

Презеденттік жастар кадірлық резерві басталды

04 Қыркүйек 2019 ж.691

 

 

 

 

 

 

 

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда Президенттік жастар кадрлар резервіне іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды.

 Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар – бұл Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы, жас мөлшері 35 жасқа дейін, жоғары білімді және еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Резервшілерді іріктеу сабақтас бірнеше кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең – қатысушылардың құжаттарын қабылдау.

Қатысушылардың құжаттарын қабылдау үшін құжаттарды жинаудың автоматтандырылған онлайн-платформасы іске қосылды (PKRezerv.kz сайты).

Онлайн-платформа интуитивті интерфейске ие және оны пайдалану ыңғайлы.

Сайттың басты парақшасында үміткер Президенттік жастар кадрлар резервіне іріктеу процесі туралы деректермен инфографика түрінде таныса алады: кім және қалай қатыса алады, іріктеудің мерзімдері мен кезеңдерін біле алады.

Тіркелу рәсімі барынша оңайлатылған.

Үміткер өзінің ТАӘ, ЖСН, білімі мен жұмыс өтілі туралы мәліметтерді (жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін; білімі туралы құжат көшірмесін; еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесін), іріктеу кезеңдерінен өту үшін қалайтын тілін және ең бастысы қолданып жүрген электронды мекенжайы мен мобильді телефон нөмірін көрсеткен жөн.

Құжаттарға қол қойылған күні, үміткердің тегі, аты және әкесінің аты; кәсіби және жеке қасиеттері сипатталған мінездеме; үміткермен ынтымақтастық жасаудың ұзақтығы мен шарттары көрсетілген қолдаухат қоса беріледі.

Екінші кезең – үміткерлердің қабілеттерін тестілеу. Тест үміткердің күрделі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға бағытталған.

Үшінші кезең – үміткерлердің көшбасшылық қасиеттерін, стратегиялық болжам жасауын, уәждері мен құндылықтарын бағалау. Ол үшін үміткерлер эссе жазып, өзінің әлеуметтік маңызды жобаларының тұсаукесерін жасауы тиіс. Эссе мен жоба жұмыстары жүйеде онлайн тәртібінде тексеріледі. Әділдік үшін үміткерлердің эссе жазу процесінің бейне жазылымын жүргізу жоспарланып отыр.

Төртінші кезең – Сараптама кеңесінде әңгімелесуден өту. Бұл кезеңге іріктеудің алдыңғы кезеңдерінде жиынтықтағы балдармен ең үздік нәтижелер көрсеткен үміткерлер қатыстырылады. Президент Әкімшілігі құратын комиссия іріктеудің алдыңғы кезеңдерінен сәтті өткен әр үміткермен әңгімелесу өткізеді.

Іріктеудің қорытынды кезеңінде Кадрлар резерві жөніндегі Ұлттық комиссия ең жоғары балл жинаған үміткерлерді Президенттік жастар кадрлар резервіне қою туралы шешім қабылдайды.

Барлық үміткерлерді бағалау кезеңінде шешімдерді қабылдау ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қоғам өкілдері тартылуы мүмкін.

Резервке қойылған тұлғалар Ұлттық комиссияның шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламалары бойынша қысқа мерзімді курстардан өтуі мүмкін.

Инновациялық технологиялар, инженерия, кәсіпкерлік қызмет, медицина, экономика және көптеген басқа салаларда елеулі нәтижелерге қол жеткізген жас қазақстандықтар резервке іріктеуден өту, сондай-ақ еліміздегі жоғары мемлекеттік және басқару лауазымдарына тағайындалу мүмкіндігіне алғаш рет ие болып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар

  • Хабарландыру
    21 Қазан 2019 ж.65

    Сайт https://termincom.kz/ қазақ терминологиясын жүйелеудің жаңа талаптарын жүзеге асыруды көздейді, терминологиялық лексиканы біріздендеру, терминологиялық қорды толықтыру, терминдерді және атауларды қазақ тілінің нормаларына сәйкес реттеу, терминологиялық атауларды қолдану тиімділігін арттыру мақсатында бұқара қауымға арналған ақпараттық құрал. Сайтқа кірушілер бекітілген терминдер мен қолданыстағы терминдермен танысып, оны қызметіне қатысты қолдана алады, ұтымды енгізілген терминдерді саралап, жаңа терминдерді сараптауға...

  • ҚҰРМЕТТІ АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
    18 Қазан 2019 ж.131

      Ағымдағы жылғы 24 қазан күні, Астана көшесі 21а мекенжайындағы Ашық әкімдік ғимаратында сағат 15.00 ден бастап сағат 17.00-ға дейін мемлекеттік органдар басшыларының Бірыңғай қабылдау күні ұйымдастырылатын болады, қабылдауды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, білім, жер қанынастары бөлімінің, сәулет және қала құрылысы бөлімінің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің, қаржы бөлімінің,...

  • ҚҰРМЕТТІ АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
    15 Қазан 2019 ж.116

      Азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет жасауға арналған 20 - 200 телефоны бойынша «Ашық әкімдік» Cаll-center тәулік бойы жұмыс істейді.                                                                        ...

  • Хабарландыру
    07 Қазан 2019 ж.411

    Мемлекет басшысының Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау шеңберінде Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл департаментінің басшысы А. Н. Тастеміров, халқы алдында есеп беру кездесуін өткізуді жоспарлады. Іс-шараның өтетін орны мен уақыты: Павлодар қаласы, инвесторлар Үйі, Луговая көшесі,16, (2-қабат,...

  • Тұмаудан сақтан-екпе жаса!
    07 Қазан 2019 ж.406

      Тұмау-вирустардантуындайтынжітіреспираторлықжұқпалы ауру. Қазан айының басынан бастап тұмаудан қорғаудың бірден – біртиімді шарасы-халықты вакцинациялау басталады! Тегін вакцинация қауіпті топқа кіретін адамдарға арналған емханаларда тұратын жері бойынша жүргізіледі: медициналық қызметкерлер, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, алты айдан асқан әлсіреген және жиі ауыратын балалар, балалар үйлерінің балалары, қарттар мен мүгедектерүйлерініңконтингенттері, жүктіліктіңекіншінемесеүшіншітриместріндежүктіәйелдер. Ақылы негізде ниет білдірген тұлғалар...

  • Құрметті қала және ауыл өңірінің тұрғындары!
    04 Қазан 2019 ж.485

      Ақсу қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 23 қыркүйектегі № 838/7 қаулысымен ағымдағы жылғы 27 қыркүйектен бастап 27 қазандағы кезеңде Ақсу өңірінің аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша Айлық жарияланды. Айлық шеңберінде қала және ауыл өңірінің 600 ұйымын, кәсіпорындарын және мекемелерін жұмылдыру жоспарланып отыр. Қалададағы көшелердің бекітілген учаскелерді, аула ішілік аумақтарды, балаларға арналған ойын және спорт...

Жаңалықтар мұрағаты