Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

Ақсуда жылыжай кешені ашылды

14 Желтоқсан 2017 ж.189

Апта басында «Ақсу жылыжай кешені» ЖШС облыс дүкендеріне арнап өз өнімінің алғашқы легін шығарды. Жақында өңіріміздің сауда орындарына 1,5 тонна қияр жеткізілмек.

Жылыжай кешенінің ашылу салтанатына қатысқан Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов кәсіпорын жұмысшылары мен Ақсу тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жылыжай өнімінің маусымаралық кезеңде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

-         Жаңа жыл қарсаңында қияр мен қызанақ өнімдерінің үнемі қымбаттайтыны белгілі. Осыдан екі апта бұрын Екібастұзда бес гектарлық жылыжай ашылса, бүгін Ақсу жылыжай кешені өзінің алғашқы өнімін шығаруда. Бұл мереке қарсаңындағы баға бағамына оң әсер ететіні сөзсіз. Енді сауда орындарындағы бағаны реттеу мақсатында аталмыш көкөніс өнімдерін тұрақтандыру қорымыз арқылы сатып алуға әзірміз, - деді аймақ басшысы.

Сөз алған «Ақсу жылыжай кешені» ЖШС құрылтайшысы Муталь Мирахмедов жобаны жүзеге асыру қажырлы еңбекті талап етті, алайда ел Тәуелсіздігі мен Елбасының сындарлы саясатының арқасында бүгінде ауқымды істер қолға алынып, жүзеге асуда, міне жылыжай кешенінің ашылуы да сол игі істердің бірі. Біз Ақсу қаласы мен кентінің елу тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтыдық, алдағы уақытта өндіріс ауқымын кеңейту де жоспарда бар, деді ол.    

Толығымен 1,5 миллиард теңге көлеміндегі жеке инвестицияларға салынған жылыжай Ақсу жылу электр станциясының жанында орналасқан. Кешен басшылығы келер жылы жобалық қуатқа шығып, 1 мың тонна өнім алуды көздеп отыр.

– Бүгінгі таңда кешенде қиярдың екі сұрпы – “Мева” және “Рапидас” өсірілуде. Жалпы жылыжай қияр да, қызанақ та өсіруге қауқарлы. Алдағы жылы қызанақ өсіруді де қолға алмақпыз, - деп атап өтті жылыжай директоры Аңсат Жаңатаев.

Кешеннің бас агроном-технологы Юрий Коноплевтің айтуынша, голландық технология арқылы өсірілген қияр Павлодар облысы аумағына ғана емес, Ресейдің жақын облыстарына да жеткізілмек. Демек, тұтынушылар тұрғысынан мәселе жоқ. 

Айта кетерлігі, Ақсу жылыжай кешенінде өсірілген қиярдың бағасы сырттан жеткізілетін көкөніс бағасынан 20%-ға арзан болмақ.

Соңғы жаңалықтар

  • Ақсу ферроқорытпа зауытының 50 жылдығы
    19 Қаңтар 2018 ж.52

    Ақсу ферроқорытпа зауытының елімізге бірінші металл құймасын алғашқы рет өндірген күні – 1968 жылғы 18 қаңтар оның құрылған күні деп саналады. Содан бері зауыт жылына 1,2 миллион тонна металл шығаратын әлемнің металлургиялық алыптарының бірі болып табылады. 2018 жылғы 17 қаңтарда өткен салтанатты құттықтау кешінде Павлодар облыстық басшылық, компания басшылығы және жан-жақтан келген  әрі кәсіпорын әріптестері...

  • Бөлімнің қорытынды алқа мәжілісі.
    18 Қаңтар 2018 ж.24

    2018 жылғы 18 қаңтарда Ақсу қаласы әкімінің төрағалығымен қала әкімдігі залында ветеринария бөлімінің алқа мәжілісі өтті. Аталған кеңеске мемлекеттік органдардың басшылары, селолық округ әкімдері және қала ветеринария қызметінің өкілдері қатысты. 2017 жылы атқарылған жұмыс қорытындылары және 2018 жылға қойылған мақсаттар туралы ветеринария бөлімінің басшысы Қуандық Жәкетайұлы Әміренов  баяндады.   

  • Қызылжар және Алғабас селолық округтер әкімдерінің есеп беру кездесулері.
    18 Қаңтар 2018 ж.58

    2018 жылғы 17-18 қаңтар аралығында Қызылжар және Алғабас селолық округтерінің әкімдері  2018 жылға арналған селолық округтері әкімдерінің есеп беру кездесуінің кестесіне сәйкес шағын ауылдардың тұрғындарымен есеп беру кездесулерін өткізді (Қарабай, Көктас, Сынтас, Айнакөл, Қаракөл, Ребровка, Жолқұдық, Жаңа Шаруа, Суаткөл, Сарышығанақ, Борықтал ауылдарында), онда 2017 жылы  селолық округтерде жүргізілген жұмыстардың нәтижелері және 2018 жылға арналған жұмыс...

  • Евгеньевка, Достық және Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округтер әкімдерінің есеп беру кездесулері
    17 Қаңтар 2018 ж.69

                2018 жылғы 16 қаңтарда Евгеньевка, Достық және Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округтерінің әкімдері  2018 жылға арналған селолық округтер әкімдерінің есеп беру кездесулерінің кестесіне сәйкес шағын ауылдардың (Сырлы-Қала, Дөнентаев, Көктерек, Береке, Үштерек, Сольветка ауылдары) тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді,  онда селолық округтерде 2017 жылы  жүргізілген жұмыстардың нәтижелері және 2018 жылға...

  • Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру бойынша қала активі
    17 Қаңтар 2018 ж.58

    2018 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында қалалық мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшылары, ауылдық округ әкімдері, қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңестің мүшелері, Құрметті азаматтар, этномәдени, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысуымен кеңес өтті. Осы активтің барысында  Республика Президенті,...

  • Қалқаман, Достық және Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округтер әкімдерінің есеп беру кездесулері.
    16 Қаңтар 2018 ж.55

    2018 жылғы 15 қаңтарда Қалқаман, Достық және Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округтерінің әкімдері  2018 жылға арналған селолық округтері әкімдерінің есеп беру кездесуінің кестесіне сәйкес шағын ауылдардың тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді (Құркөл, Еңбек, Путь Ильича ауылдарында, Спутник ст., Тасқұдык ст., Пограничник,  Ақжол ауылдарында), онда 2017 жылы  селолық округтерде жүргізілген жұмыстардың нәтижелері және 2018 жылға арналған...

Жаңалықтар мұрағаты