Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

Азаматтарға арналған үкіметте ХҚКО қызметін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізілді

08 Қараша 2017 ж.157

2017 жылғы 7 қарашада халыққа қызмет көрсету жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

БАҚ қатысқан іс-шарада ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудегі өзекті мәселелер талқыланды. Кеңес аяқталғаннан кейін брифинг өтіп, сұрақтар қойылды.  

Жұмыс кеңесі кезінде мемкорпорацияның жоспары туралы да айтылды. Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірігіп жасалған сервиске сәйкес, қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдарға «электронды үкімет» арқылы анықтама беру қызметін іске қосу жоспарлануда. Бұл қызмет түрі ХҚКО қызметкерлерінің қатысуысыз өтеді. Азамат жеке мәліметтерін беру-бермеу жөнінде шешімді  өзі қабылдап, SMS-хабарлама арқылы жауап береді.

Мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдарға, соның ішінде екінші деңгейлі банктерге анықтама беру сервисін жүзеге асырсақ, электронды анықтама беруді 21,5 млн қысқартуға мүмкіндік береді. Мысалы, қазір жәрдемақы тағайындаған кезде банк шотының нөмірі туралы анықтаманы әкелу қажет. Интеграцияның арқасында қызмет алушыға бұл анықтаманың қажеті болмайды.

 Жалпы, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында қызметтерді көрсетудің проактивті түріне өту бойынша мемкорпорация мемлекеттік органдармен бірге қыруар жұмыстар атқаруда. Болашақта ақпараттық жүйелердегі мәліметтер автоматты түрде өзгеретін болады.

Кеңестен кейін қатысушылар жаңартылған ахуал орталығымен танысты. Орталық қайта жасақталғаннан кейін мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасын бақылау деңгейі өсті. Құралдар мен техникалар жаңартылып, қызметкерлерге жайлы жұмыс орны қамтамасыз етілді. «Азаматтарға арналған үкіметтің» ахуал орталығы қызметкерлері халыққа қызмет көрсету орталықтарын үнемі бейнебақылау арқылы қадағалайды. Бүгінгі таңда ахуал орталығына халыққа қызмет көрсету орталықтарының барлық фронт-офистері қосылған.

IMG_5349-06-11-17-11-36

Соңғы жаңалықтар

  • Қызықты ойын өтті
    11 Желтоқсан 2017 ж.19

    Жуырда Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорт сарайында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай спорт бөлімінің ұйымдастыруымен III   корпоративтік ойындар өтті.      Шараға шаһар басшысы Николай Дычко, қала әкімінің орынбасары Тамара Ильина, қалалық мәслихат хатшысы Мәдениет Омарғалиев, «Нұр Отан» партиясы Ақсу қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Айдос Оразалин, ардагерлер кеңесінің төрағасы Залмұқан Арынов және мемлекеттік мекеме қызметкерлері...

  • Елорда мерейтойын тойлау бастау алды
    10 Желтоқсан 2017 ж.7

         Өткен жұмада Сәбит Дөнентаев атындағы мәдениет сарайында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Үлкен мемлекет – үлкен отбасы» атты жас патриоттар форумы өтті. Оған шаһар басшысы Николай Дычко, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, кәсіпорындар еңбек ұжымдарының өкілдері, студенттер мен оқушылар қатысты. -                Бүгін республика бойынша Астана қаласының мерейтойын мерекелеу бастау алды.  20 жыл ішінде көптеген жетістіктерге...

  • ТҰРҒЫНДАР ҰСЫНЫСЫ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАС
    05 Желтоқсан 2017 ж.25

    Апта басында шаһар басшысы Николай Дычко Ақсу қаласының құрамындағы Беловка мен Черемушка ауылдарын аралап, өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты. Алдымен, қала әкімі Черемушкаға ат басын тіреді. Көшелерге бас сұғып, тұрғындардың ұсынысын тыңдады. - Жалпы, Черемушка қаланың құрамына енгізілсе де, халық ауылда тұрғандай. Тұрғындар санының аз болу сылтауынан, ауылда мектеп, балабақша, медициналық пункт жоқ. Ең негізгі әлеуметтік, медициналық...

  • ДАҢҚ ТАҚТАСЫНДА - ЖАҢА ЕСІМДЕР
    01 Желтоқсан 2017 ж.82

    Шынымен, адамды адам ететін еңбек қана. Ал, еңбек етуден жалықпай, өз ісін жан-тәнімен сүйгендер қаншама. Осы орайда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай жылдар бойы аянбай еңбек еткен, еліне елеулі, халқына қалаулы азаматтардың Еңбек даңқы тақтасы жаңартылды. Аталмыш шараға Ақсу қаласының әкімі Николай Дычко, қаланың құрметті азаматтары, мәслихат депутаттары, қала тұрғындары,...

  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
    01 Желтоқсан 2017 ж.26

    Оған шаһар басшысы Николай Дычко, орынбасарлары, облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік мекеме мен ұйым басшылары қатысты.           Елбасымыздың жан-жақтылығы әрқашан жоғары бағалануда. Оның спорт, мәдениет пен өнерді бағалағаныкөпке үлгі. Президентіміздің халық әндеріне деген махаббаты өмірлік жолын жақсылыққа баулып, өткен мен тарихты қастерлегенін байқатады. Ал, Абай Құнанбаевтың әндерінің жүректе ерекше орын алғаны өнерге деген жанашырлығын,...

  • Аппаратық кеңес
    28 Қараша 2017 ж.82

    Ақсу қаласының әкімі Николай Дычко мемлекеттік органдардың басшыларымен және селолық округтердің әкімдерімен аппараттық кеңесті, сейсенбі, 28 қараша күні өткізді. Күн тәртібіне екі сұрақ енгізілді, олар: 2017 жылғы 10 ай ішінде қала әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмысы туралы және «Ақсу су арнасы» КМК қызметі туралы есебі. «2017 жылғы 10 ай ішінде қала...

Жаңалықтар мұрағаты