Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

Оқушылар қаладағы ірі кәсіпорындарда болды

05 Қараша 2017 ж.147

Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі Жаяу Мұса атындағы және қара металлургия колледждерінің студенттеріне, №7 мектептің 9-сынып оқушыларына Еурозиаттық энергетикалық корпорциясы мен Ақсу ферроқорытпа зауытына экскурсия ұйымдастырды. Ол екі күнге жалғасты.

       Алғашқы күні №7 мектептің жоғарғы сынып оқушылары Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясына барды. Кәсіпорындағы қауіпсіздік ережелері туралы міндетті нұсқаулардан кейін басты әкімшілік ғимаратын, қазандық зауытын, №1 блокты аралады. Мұнда оларға жетекші инженер Владимир Классен аталған объектілердің қызметтері мен міндеттері жайлы ақпарат берді.  Сонымен қатар, балалар республикадағы ірі энергетикалық корпорацияның мұражайын тамашалады. Еңбек қауіпсіздігі жөніндегі инспектор Владимир Носачев пен қоғамдық қатынастар саласындағы бас маман Елена Гаркава мектеп оқушыларына «ЕЭК» АҚ Қазақстандағы ең ірі энергетикалық өндірушілердің бірі екенін, оның тарихы мен жасаған қайырымдылық шаралары жайлы әңгімелеп берді.  

Слайд1- Бұл кәсіпорын Республика бойынша электр энергиясының жалпы көлемінің шамамен 17% -ын өндіреді. Оның негізгі қызметі - электр энергиясы мен көмір өндіру және тау-кен техникасын жөндеу. Ол 3 құрылымдық бөлімшені қамтиды, яғни, Ақсу электр станциясы, көмір кеніші және өндірістік-жөндеу бөлімі, - деді Владимир Абрамович.

Балалар кәсіпорынның қалыптасу, даму жолын, жетістіктері мен перспективалары туралы қызығушылықпен тыңдады.

Келесі күні Жаяу Мұса атындағы және қара металлургия колледждерінің студенттері Ақсу ферроқорытпа зауытына жол тартты. Саяхат Павлодар облысының туристік кластер құру және дамытудың бас жоспары аясында ұйымдастырылды.

Сапар дәстүрлі түрде Ақсу ферроқорытпа зауытының еңбек даңқы мұражайынан басталды. Кәсіпорынның тарихы жайлы еңбек ардагері Виктор Скориков баяндады. Экскурсия барысында студенттер автобус терезесінен кәсіпорынның балқыту шеберханаларын, агломерациялық цехын тамашалады. Сондай-ақ, өндірістік-техникалық бөлімнің инженер-технологы Дмитрий Боровских оларға әлемдегі ең ірі ферроқорытпа өндіруші туралы әңгімеледі. Студенттер АФЗ-ның «Қазхром ТҰК» АҚ және Еуразиялық топтың (ERG) бір бөлігі екенін, әлемдегі тау-кен металлургия өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі болып табылатынын, хром кенінің сапасы бойынша әлемдегі бірінші компания екенін, жылына 3,7 млн. тоннадан астам тауарлық хром кенін, 320 мың тонна марганец кенін және 1,4 млн. тонна ферроқорытпаларды өндіретінін білді.

Айта кетейік, «Қазхром ТҰК» АҚ төрт филиалдың құрылымдық бөлімшелерін біріктіреді, оған біздің ақсулық ферроқорытпа зауыты да кіреді. Қазіргі таңда өндіріс орнында бүгінгі таңда 6 мыңнан астам Ақсу тұрғыны жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар

  • Ақсу өңіріндегі сыбайлас жемқорлықпен күресу ақпараттық сағаты
    21 Қараша 2017 ж.43

    Қазіргі уақытта біздің мемлекетімізде құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен жемқорлыққа байланысты және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп Кодексін сақтамау құқық бұзушылықтар көбейіп барады. Осындай фактілер абыройын үзеді, сенімін үзеді және мемлекетік қызметкерлерге деген азаматтардың сенімін ізеді. Ақсу өңірінің азаматтық қорғау ұйымының қызметкерлерінің әскери – қызмет тәртібін сақтау және заңнамалығын бұзуына жол бермеу мақсатында тұрақты түрде әңгімелесулер,...

  • Әкімдік мәжіліс
    20 Қараша 2017 ж.51

    Ақсу қаласының әкімі Николай Дычко өзінің осы лауазымдағы бірінші әкімдік мәжілісін, дүйсенбі күні, 20 қарашада өткізді. Отырысқа қала әкімінің орынбасарлары, селолық округтердің әкімдері, Ақсу қаласы мемлекеттік органдарының, кәсіпорындары және , ұйымдарының басшылары қатысты. Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы бірінші сұрақ бойынша қаланың білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы...

  • Шаһар басшысы өңірмен танысуда
    18 Қараша 2017 ж.96

    Жақында шаһарымызға жаңа тағайындалған  қала әкімі Николай Дычко Ақсу кенті мен қаласының  әлеуметтік-экономикалық маңызы бар бірқатар нысандарды  аралап, тыныс-тіршілігімен танысты.   Алдымен шаһар басшысы Ақсу кентін аралады. Су тасқынының алдын алатын дамбаға барып, жағдайымен танысты. Көктем келісімен су арнасынан асып, тұрғындарға біраз зардап тигізетінін білеміз. Сол себепті, дамбалар салынып, олардың жағдайы жыл сайын күшейтілуде. Николай...

  • Жұмыс мәжілісі
    17 Қараша 2017 ж.90

    17 қарашада Ақсу қаласының әкімі Николай Дычко мердігер ұйымдар өкілдерінің қатысуымен қалада салынып жатқан объектілер жөнінде жұмыс мәжілісін өткізді. Қаланың құрылыс бөлімінің басшысы Т.У. Мұздыбаев денешынықтыру-сауықтыру кешенінің және Қызылжар ауылында ветеринарлық пунктінің құрылысын аяқтау, сонымен қатар жас натуралистер станциясын қайта жаңғырту және Молодежная көшесіндегі 5-қабатты үйді салу барысы туралы баяндады. Денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы...

  • Ақсу қаласында жаңа әкім тағайындалды
    15 Қараша 2017 ж.131

    Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың өкімімен, қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Николай Васильевич Дычко Ақсу қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Жаңа әкімді Павлодар облысының әкімі Болат Жұмабекұлы Бақауов қалалық актив отырысында таныстырды. Николай Васильевич 1965 жылы туған. Білімі – жоғары. 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік ашық университетін кен инженер-экономисі мамандығы бойынша аяқтады. 2000 жылы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын инженер-электрик мамандығы...

  • Облыс әкімінің Ақсу қаласына жұмыс іссапары
    14 Қараша 2017 ж.188

    Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов 13 қарашада Ақсу қаласында жұмыс іссапарымен болып қайтты. Жұмыс барысында облыс әкімі «ДАНиЕР» ӨСҚФ» ЖШС-ында тік жікті болат құбырларын өндіру жөніндегі цехта болды. Қытайдан алынған негізгі құралдың барлық түрімен жабдықталған, жаңадан құрылған, ауданы 4000 шаршы метр болатын цехты қарап шықты. Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясында болып, № 5 энергоблокты қайта жөндеу жұмысымен...

Жаңалықтар мұрағаты