Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы

 Барлық меншік нысанындағы

кәсіпорындар, ұйымдар,

мекемелер басшыларына!

          Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау  министрлігімен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қантардағы № 523 Жарлығына сәйкес бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсты 2016 жылы өткізу туралы хабарланды.

            Сайыс Қазақстан Республикасының бүкіл аймағында өткізіледі және оған барлық меншік нысандағы ұйымдар қатыса алады. (бұдан әрі – үміткер)

Сайыс лауреаттары атақтары үш санат

   1) шағын кәсіпкерлік субъектісі;

   2) орта кәсіпкерлік субъектісі;

   3)  ірі кәсіпкерлік субъектісі;

және сайыс лауреаттары атақтары келесі номинациялар бойынша берілді:

   1)  «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын». Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын ұйымдардың қызметі қаралады (еңбек ақыны және әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, еңбекті қорғауды ұйымдастыру, кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т.б)

       2)  «Жылдық үздік әлеуметтік жобасы».Бұл номинацияда қоғамға пайдасын беретін және/немесе негізгі қызметке ұзақ мерзімді болашақта оң әсер ететін, әртүрлі тыныс-тіршілік сапаларындағы әлеуметтік жобаларды іске асыратын ұйымдардың және өзге де жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі қаралады.

        3) «Үздік ұжымдық шарт». Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

     4) « Экологияға қосқан үлесі үшін». Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаны іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер конкурсты ұйымдастырушыларға материалдарды бір данада береді.

Бұл материалдардың құрамына:

    1)  қосымшаға сәйкес толтырылған өтініш;

     2)  үміткердің өз қызметіне және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі  бойынша нақты нәтижелеріне жасаған  бағасының деңгейін көрсететін есебі. Үміткердің есебіне мыналар кіреді заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы ұйымдық құрылым өзге де қосымша ақпарат;.

    3)  есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар).

     4) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет ресурсында орналастырылған сауалнама болуы тиіс.

    Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі “Парыз” конкурсын өткізудің ережелері www. еnbek. gov. Кz

Сайысқа қатысуға барлық меншік нысанындағы ұйым басшыларын шақырамыз.

 2016 ж 04.11


2016-04-11 17:34:31

Сондай-ақ оқыңыз