Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Ақсу өңірінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпарат

2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Ақсу өңірінде

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай
кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпарат

 

         Бірінші бағыт. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету.

         Қысқа мерзімді оқыту. 2018 жылға жұмыспен қамтуда жәрдемдесудің кешендік жоспарына сәйкес қамту жоспары 105 адамды құрайды. Жалпы 18,4 млн. теңге сомаға қаражат бөлінді. Еңбек нарығындағы және 2018 жылғы 24 қаңтардағы Өңірлік комиссияның № 1 хаттамасымен бекітілген кәсіптердің тізбесіндегі қажеттіліктерге сәйкес оқу мына мамандықтар: маникюр шебері, автомобиль жөндеу бойынша темір ұстасы, мехмнизатор, бақылаушы-кассир, азық-түлік тауарының сатушысы, “Д” санаттағы жүргізуші, электрогазбен пісіруші, электромеханик, эксковатор машинисті, бульдозер машинисті, даяшы-бармен, кең пішіндегі шаштараз, хатшы-референт, массаж жасаушы бойынша ұйымдастырылатын болады.

         Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 94 адам (жоспарға 90 %) мына мамандықтар бойынша: маникюр шебері – 20; газэлектропісіруші – 5; шаштараз – 10; массаж жасаушы – 7; экскаватор машинисті – 5; “Д” санаттағы жүргізуші – 5; бульдозер машинисті – 5; менеджер-экономист – 10; метал жонушы – 4; хатшы-референт – 10; it-маман – 3; автомобиль жөндеу жөніндегі темір ұстасы – 5; электромеханик –5 оқуға кірісті. Оқу Ақсу қара металлургия колледжінің базасында, “МирДик” оқу орталығымен ұйымдастырылды.

         Сондай-ақ 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 24 адам оқуын аяқтады, оқуын аяқтағандарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

         Анықтама: қысқа мерзімді оқытудың құны (Хаттамағы сәйкес) айына бір адамға: 10 адам – 24862,0 теңге; 15 адам – 20401,0 теңге; 20 адам – 18170,0 теңгені құрайды.

         Техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ). 2018 жылға оқумен қамту бойынша жоспар 121 адамды құрайды. Оқуға топтар еңбек нарығында талап етілетін мамандықтар бойынша ұйымдастырылатын болады.

        

         Екінші бағыт. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту.

         2018 жылға мынадай индикаторлар жоспарланды: “Бастау бизнес” бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту – 50 адам; бизнесін ашу үшін мүкәмалар мен жабдықтаулар сатып алуға 100 АЕК (240500 теңге) мөлшерінде гранттар беру – 43 адам; бизнесін ашуға және кеңейтуге микрокредит беру – 22 адам.

         Өңірлік комиссия отырысының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 3 Хаттамасына сәйкес микрокредиттеуге қаржыландыру лимиті 117,7 млн. теңгені құрайды, соның ішінде: ауылдық аймаққа – 96,5 млн. теңге (одан АШҚҚҚ арқылы – 57,0 млн. теңге; АКК – 39,5 млн. теңге); Ақсу қаласына – 21,2 млн. теңге.

         Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 65,5 млн. теңге игерілді, қайта кредиттелген 14 қатысушы, соның ішінде: АШҚҚҚ арқылы  - 28,3 млн. теңге сомаға 9 жоба; АКК арқылы – жалпы 37,2 млн. теңге сомаға 5 жоба. 14 қайта кредиттелген жобалардың жалпы санынан 8 микрокредит бизнесін кеңейтуге, 6 жоба өз ісін ашуға берілді.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту мәселесі бойынша. “Бастау бизнес” жобасы бойынша оқыту кестесіне сәйкес Павлодар облысы бойынша 2018 жылға Ақсу қаласында оқу 2 кезеңде жоспарланған ағымдағы жылғы мамыр-қараша кезеңінде Ақсу қаласының Кәсіпкерлер палатасы арқылы. Ағымдағы жылғы мамырда кестеге сәйкес 25 адам оқуын бастады (оқу мерзімі 2018 жылғы мамыр-маусым), 19 адам аяқтады.

         100 АЕК бойынша гранттар алуға 56 әлеуетті қатысушылар жүгінді. Мемлекеттік қолдаудың осы шарасы “Бастау - Бизнес” жобасы бойынша оқығандар санынан өзінің жеке ісін ашуға үміткер нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін жоспарланған.

        

         Үшінші бағыт. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

         Еңбек нарығын дамыту.

         2018 жылға жалақы төлемін ішінара субсидиялауға 40,4 млн. теңге қарастырылды (РБ – 26,7 млн. теңге, ЖБ – 13,7 млн. теңге).

         Қамту жоспары 180 адамды құрайды (РБ – 80 адам, ЖБ -100 адам).

         2018 жылғы 1 шілдеге әлеуметтік жұмыс орындарына 170 адам (ауыл – 69) жолданды және жұмысқа орналастырылды.

         Әлеуметтік жұмыс орындары қаланың және ауылдық өңірдің түрлі меншік нысандарының 39 кәсіпорнында құрылды. Есепті кезеңге жоспар кезінде 14,9 млн. теңге, игерілу 100% құрады.

         Жастар тәжірибесін ұйымдастыруға ағымдағы жылы 17,4 млн. теңге қарастырылды (РБ – 7,8 млн. теңге, ЖБ – 9,6 млн. теңге).

         Жастар тәжірибесімен қамту жоспары 82 адамды құрайды (РБ - 22 адам, ЖБ - 60 адам). 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 26 адам жолданды (ауыл -7), игерілген 6,6 млн.теңге (100%).

         2018 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 34,2 млн. теңге қарастырылды. Қамту жоспары 230 адамды құрайды.

         2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 279 адам (ауыл – 106) жолданды. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 37 кәсіпорын келісім жасады (ауыл - 6). Есепті кезеңге жоспар 24,9 млн. теңге сомада толық көлемде игерілді.

         Еңбек ресурстарының ұтқырлығы.

         2018 жылға оралмандарды қабылдау бойынша жоспар 12 отбасын (онда 48 адам) құрайды. 2018 жылғы 1 шілдеге Өңірлік комиссиясының хаттамасына сәйкес (24.01.18ж. №1, 13.04.2018ж. №3, 25.04.2018ж. №4) өңірлік квотаға 12 отбасы (53 адам) қосылды.

         2018 жылға қоныс аударушыларды қабылдау бойынша жоспар 13 отбасын (онда 52 адам) құрайды.   2018 жылғы 1 шілдеге Өңірлік комиссиясының хаттамасына сәйкес квотаға 10 отбасы (41 адам) қосылды. 39 адам жұмысқа қабілетті азаматтардың жалпы санынан тұрақты жұмыс орнына 21 адам жұмысқа орналастырылды.

         Оралмандар мен ішкі көші-қондардың (қоныс аударушылар) көшуіне субсидия төлеуге ағымдағы жылы 6,7 млн. теңге (РБ) қарастырылды. Есепті кезеңге жоспар кезінде 6,7 млн. теңге, игерілу 100% құрады.

         Сондай-ақ, бюджетте 12,0 млн. теңге (ЖБ) сомасында қоныс аударушылар мен оралмандар үшін тұрғын үйді жалдау (жалға беру) бойынша шығыстарды қайтаруға субсидия қарастырылды. Есепті кезеңге жоспар кезінде 7,1 млн. теңге, игерілу 100% құрады.

 


2018-07-25 16:26:18

Сондай-ақ оқыңыз