Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және оған қарасты ведомствалық мекемелердің 2018 жылғы 1 шілдеге алғандағы атқарған жұмысы туралы

 Құрылтайшы құжаттарға сәйкес «Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Бөлім) негізгі мақсаттары мен міндеттері:

         1) Ақсу өңірі халқын жұмыссыздықтан қорғау бойынша әлеуметтік іс-шаралармен қамтамасыз ету, жұмысқа орналасуға, кәсіби оқытуға және қайта даярлауға жәрдемдесу;

         2) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету және әлеуметтік қамту;

         3) 2018 жылға халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспарының, 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру.

Бөлім 2018 жылға бюджет көлемі – 546,4 млн. теңге болатын,               14 бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады. Ағымдағы жылғы      1 шілдеге алғанда жоспарда 266,1 млн. теңге, 100 % игерілді.

         Анықтама: Бөлім 2017 жылы – 477,6 млн. теңге нақтыланған бюджет көлемімен,                      15 бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болған.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету

 

2018 жылғы 6 айда «Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - Бөлім)                         18 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 10345 мемлекеттік қызмет көрсетілді (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет), соның ішінде Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы – 1897, электронды үкіметтің порталы арқылы – 3.

Есептік кезеңде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 10 түсіндіру шарасы жүзеге асырылды: 6 жалпыға бірдей құқықтық оқу сабағы, жергілікті газетте Бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы 8 мақала жарияланды, селолық округтерге 2 шығу болды,  130 адамды қамтыған 1 семинар (жария тыңдалым, мүгедектерге арналған семинар) өткізілді.

Ақпараттық стендттерде және Бөлім сайтында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау саласында қолданыстағы заңнамаларындағы өзгерістер туралы ақпарат орналастырылған. Қызмет алушыларға құжаттарды толтыру үшін орындар қарастырылған, әр секторда шағым кітабы бар. Бөлімнің                          1 қабаттағы фойесінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы бейне-роликтер көрсетуге арналған теле-экран орнатылған.

Бөлімнің әкімшілік ғимараты қасбетінде халықты бос жұмыс орындары туралы ақпараттандыруға арналған жүгіртпе жол - табло орнатылған.

 «Электронды мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу бұрышы» жабдықталған

Бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге алушылар тарапынан шағымдар тіркелген жоқ.

Анықтама: 2017 жылғы 6 айда Бөліммен 8104, соның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы – 2020 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

 

Азаматтардың өтініштері

 

2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Бөлімге 29 өтініш түсті, соның ішінде: жеке тұлғалардан – 27, заңды тұлғалардан – 2. Оның ішінде:  11 - ауызша, 18 - жазбаша түрде: әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша – 16, тұрғын үй көмегі бойынша - 2, материалдық көмек бойынша - 3, жұмысқа орналастыру бойынша - 8.

Анықтама: 2017 жылғы 6 айда 43 өтініш келіп түскен, олардан: 19 - ауызша және 24 – жазбаша, жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша - 15, тұрғын-үй көмегі бойынша - 3, материалдық көмек көрсету бойынша - 3, әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша - 22.

 

Жұмыспен қамту

 

2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын (бұдан әрі-Бағдарлама) жүзеге асыру шеңберінде Ақсу қаласы бойынша 2018 жылғы 1 шілдеге алғанда келесі жұмыстар атқарылды.

Бірінші бағыт: Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету.

Қысқа мерзімді оқыту. 2018 жылға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспарына сәйкес қамту жоспары 105 адам. Бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 18,4 млн. теңге.

Еңбек нарығындағы қажеттілікке және өңірлік комиссияның                        2018 жылғы 24 қаңтардағы №1 Хаттамасымен бекітілген мамандықтар тізбесіне сәйкес, келесі біліктіліктер бойынша оқыту жүргізіледі: электрогазодәнекерлеуші, «тырнақ сәндеу шебері», «автокөлік жөндеу бойынша слесарь», «механизатор», «бақылаушы-кассир», «азық-түлік тауарлары сатушысы», «Д» - санатындағы жүргізуші», «электромеханик», «экскаватор машинисі», «бульдозер машинисі», «даяшы-бармен», «кең профильді шаштараз», «хатшы-референт», «массажист».

Ағымдағы жылғы 1 шілдеге алғанда 94 адам (жоспардың 90 %) келесі мамандықтар бойынша оқуға кірісті: «тырнақ сәндеу шебері» - 20, «газоэлектродәнекерлеуші» - 5 адам, «шаштараз»-10 адам, «массажист» - 7 адам, «экскаватор машинисті» - 5 адам, «Д» санатты жүргізуші» - 5, «бульдозер машинисі – 5, «менеджер-экономист» - 10, «токарь» – 4, «хатшы реферант» - 10, «it – маманы» – 3, «автокөлік жөндеу бойынша слесарь» – 5, «электромеханик» – 5.

 Оқыту Ақсу қара металлургия колледжі және «МирДик» оқу орталығының негізінде ұйымдастырылды.

Анықтама: қысқа мерзімді оқытудың құны айына бір адамға құрайды: 10 адамға - 24862,0 теңгені, 15 адамға - 20401,0 теңгені, 20 адамға - 18170,0 теңгені құрайды.

Техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ).2018 жылғаоқытумен қамту жоспары 121 адам құрайды. Оқыту топтары, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша қалыптастырылады. Оқу ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен басталады.

Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту.

2018 жылға мынадай индикаторлар жоспарланған: «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту - 50 адам; бизнес ашу үшін керек жарақ және жабдықтар сатып алуға 100 АЕК (240500 теңге) мөлшерінде гранттар - 43 адамға берілді, бизнес ашуға және кеңейтуге шағын несие - 22 адамға берілді.

Өңірлік комиссияның 2018 жылғы 13 сәуірдегі №3 Хаттамасына сәйкес шағын несиелендіруге қаржыландыру шегі 117,7 млн. теңгені, соның ішінде: ауылдық аймақтарға – 96,5 млн. теңге (соның ішінде АШҚҚҚ арқылы – 57,0 млн. теңге, АНК арқылы – 39,5 млн. теңге), Ақсу қаласына 21,2 млн. теңге.

Ағымдағы жылдың басынан бастап 65,5 млн. теңге игерілді,                    14 қатысушыға несие берілді, соның ішінде: АШҚҚҚ арқылы – 9 жобаға сомасы 28,3 млн. теңге (КАМаз сатып алуға), АКК арқылы – 5 жобаға сомасы               37,2 млн. теңге. Несиелендірілген жобалардың жалпы санынан: бизнесті кеңейтуге 8 шағын несие, 6 – жобаға жеке ісін ашуға берілді.

Кәсіпкерліктің негіздерін оқыту мәселесі бойынша. Павлодар облыстық «Бастау – Бизнес» жобасы бойынша 2018 жылға Ақсу қаласында оқыту 2 лекке жоспарланған: Ағымдағы жылғы мамырда оқуға 25 адам кірісіп, оқуды 19 адам аяқтады.

100 АЕК грантын алуға 56 әлеуетті қатысушы жүгінді. Мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған, «Бастау - Бизнес» жобасы бойынша оқығандардың арасынан өз ісін ашуға ниетті азаматтарға арнап жопарланған.

Үшінші бағыт: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

Еңбек нарығын дамыту.2018 жылы еңбекақыны ішінара субсидиялау үшін 40,4 млн. теңге қарастырылған (РБ-26,7 млн. теңге, ЖБ-13,7 млн. теңге). Қамту жоспары 180 адам (РБ-80 адам, ЖБ-100 адам).

2018 жылғы 1 шілдеге алғанда 170 адам (соның ішінде ауылдан - 69) әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді және жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындары әртүрлі меншік нысанындағы 39 кәсіпорында құрылған. Жоспардағы есепті кезеңге 14,9 млн. теңге 100% игерілді.

Жастар тәжірибесін ұйымдастыруға ағымдағы жылы 17,4 млн. теңге қарастырылған (РБ - 7,8 млн. теңге, ЖБ - 9,6 млн. теңге). Қамту жоспары - 82 адам (РБ - 22 адам, ЖБ - 60 адам). 2018 жылғы 1 шілдеге алғанда 26 адам (соның ішінде ауылдан – 7) жолданған, 6,6 млн. теңге игерілді (100%).

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 2018 жылы 34,2 млн. теңге қарастырылған. Қамту жоспары - 230 адамды құрайды. Ағымдағы жылғы 6 айдың ішінде жағдай 279 адам жолданған, соның ішінде ауылдан – 106 адам. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін 37 кәсіпорынмен (соның ішінде ауылдан – 6) келісім-шарт жасалған. Есептік кезеңдегі жоспары сомасы          24,9 млн. теңге толық көлемде игерілді.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығы.2018 жылға оралмандарды қабылдау бойынша жоспар - 12 отбасы (онда 48 адам бар).2018 жылғы          1 шілдеге алғанда Өңірлік комиссияның (24.01.2018 жылғы №1, 13.04.2018 жылғы №3, 5.04.2018 жылғы №4) хаттамаларына сәйкес квотаға 12 оралман отбасы (онда 53 адам бар) енгізілді.

Қоныс аударушыларды қабылдау жоспары 2018 жылға 13 отбасы (онда 52 адам)құрайды. 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Өңірлік комиссиялардың хаттамаларына сәйкес квотаға 8 отбасы (онда 32 адам) енгізілді. Соның ішінде еңбекке жарамды 39 азаматтан, 21 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты.

Оралмандар мен ішкі қоныс аударушылардың көшуіне субсидия төлеуге ағымдағы жылы 6,7 млн. теңге (РБ) қарастырылған. Есептік кезеңде жоспардағы 6,7 млн. теңгеден игеру 100 %-ды құрады. Сондай-ақ, бюджетте оралмандар мен қоныс аударушыларға жалдамалы тұрғын үй (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге 12,0 млн. теңге сомасында (ЖБ) қаражат қарастырылған. Есептік кезеңде жоспардағы 7,1 млн. теңге 100% игерілді.

2018 жылы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспары шеңберінде, 2464 жұмыссыз азаматты қамту жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылғы 1 шілдеге алғанда 1431 адам қамтылған, бұл жылдық жоспардың 58,1% құрайды.

Анықтама: 2017 жылдың сәйкес кезеңінде жұмыспен қамту шаралармен 1141 адам қамтылған, бұл жылдық жоспардың 63,8% (1141/1787) құрайды.

Меморандумға сәйкес 2018 жылдың басынан 1840 (тұрақты - 690, уақытша - 1150), 1080 жаңа жұмыс орындары құрылған (58,7%), олардан: тұрақты - 625 (57,9%), уақытша маусымдық - 455 (42,1%).

2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тұрақты жұмыс орындарының үлесінің жалпы саны жоспар бойынша 50,0 % -дың 57,9 %-ын құрайды.

Анықтама:2017 жылғы сәйкес кезеңде 678 жаңа жұмыс орындары құрылған (38,5%), олардан: тұрақты – 357(58%), уақытша маусымдық - 321(28%). Тұрақты жұмыс орындары үлесінің жалпы саны 52,6% құрады (357/678).

2018 жылы селолық округтер бойынша 1050 жаңа жұмыс орындарын (тұрақты – 205, уақытша – 845), ағымдағы жылғы 1 шілдеге алғанда орындау құрады:

Қалқаман селолық округі:жоспарда - 130 жаңа жұмыс орны (ЖЖО), олардан 70 - тұрақты, 60 - уақытша, орындалу – 133 ЖЖО (102,3 %).

Достық селолық округі:жоспарда - 125 жаңа жұмыс орыны, олардан                      15 - тұрақты, 110 - уақытша, орындалу – 70 ЖЖО (56,0 %).

Қызылжар селолық округі: жоспарда 170 ЖЖО, олардан                      10 - тұрақты, 160 - уақытша, орындалу – 76 ЖЖО (44,7 %).

Алғабас селолық округі:150 ЖЖО, олардан 50 - тұрақты, 100 - уақытша, орындалу – 77 ЖЖО (51,3 %).

М. Омаров атындағы селолық округі:215 ЖЖО, олардан 20 - тұрақты, 195 - уақытша, орындалу – 22 ЖЖО (10,2%).

Евгеньевка селолық округі:260 ЖЖО, олардан 40 - тұрақты, 220 - уақытша, орындалу – 43 ЖЖО (16,5%).

Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Ақсу қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» №1006/11 қаулысымен ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, ұйымдарға мүгедектер үшін 2%-дан 4%-ға дейін жұмыс орындарының квотасы белгіленген.Заңды тұлғалар тізбесіне енгізілген 13 кәсіпорын мен ұйымдарда, мүгедектерге арналған 136 жұмыс орнына квота бекітілді. Есептік күнге мүгедектерді жұмыспен қамтыған орындарының саны – 69, жұмыс істетйін мүгедектер саны - 146 адам, белгіленген квота шеңберінде жұмысқа орналастырылған - 3, қоғамдық жұмыстарға жіберілген - 16 адам.

Ағымдағы жылғы 1 шілдеге алғанда, Ақсу қаласы бойынша Аумақты дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларын орындау келесідей:

жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінгендер санынан жұмысқа орналастырылғандар үлесі 82,6% (1145/1415*100%) құрайды, жоспар бойынша 87%;

АӘК алушылардың арасынан жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған жоспар бойынша 22% болса, 24,2 %-ды құрады.

жұмыссыздық деңгейі, 2018 жылғы жоспары бойынша - 5,0%,  статистика мәліметтері бойынша-5,0%;

арнаулы әлеуметтік қызметпен (оларды алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санынан) қамтылған тұлғалардың үлес салмағы жоспар бойынша 99,3% - дан 91,1% құрайды;

жеке меншік сектор субъектілері (оның ішіндеҮЕҰ) ұсынатын арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалар үлесі жоспар бойынша 7,7%-дың 7,3 % құрайды.

Ақсу қаласы ІІБ бірлесе бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалардың қозғалысына мониторинг жүргізіледі. Ағымдағы жыл басынан бас бостандығынан айыру орындарынан 15 адам босатылды. Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 8 адам жүгінген: 1 - «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Ақсу медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ (бұдан әрі – Қарттар үйі) санитарка ретінде жұмысқа орналастырылды, 6 - еңбекақының аздығына байланысты ұсынылған жұмыстан бас тартты. 1 адам жұмыс іздеу үстінде. Жұмыссыз ретінде есепте тұрған осы санаттағы тұлғалар жоқ.

2018 жылғы 1 шілдеге алғанда қаланың пробация қызметінің жолдамасымен жұмысқа орналастыру және кәсіптік оқыту мәселелері бойынша жүгініп, кеңес алғандар саны - 39 адам: 7 адам жұмысқа орналастырылды (3 - қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 4 - бос жұмыс орындарына) 2 - «бульдозер машинисі» мамандығы бойынша кәсіптік оқыту курсына, 1 – кейіннен грант беруді (100 АЕК) қарастырумен кәсіпкерлік негіздері курсына жазылған, 3 адам өз бетінше жұмысқа орналасты, 27 – адам ұсынылған жұмыстан және кәсіптік оқытудан бас тартқан (денсаулық жағдайы бойынша, тиісті жұмыс тәжірибесі жоқтығынан, еңбекақы аздығынан, жұмыс істеуге құлықсыздықтан). Жұмыссыз ретінде есепте тұрған 3 адам («Элита-Ақсу» ЖШС ҚЖ, Ақсу қаласы біріктірілген қоғаныс бөліміне, «Жәрдем» ҚБ жіберілді), 1 адам жұмыссыз ретінде тіркелген және 1 адам жұмысқа орналасу және оқу мәселесі бойынша кеңес алды.

Халықты жұмыспен қамту орталығына 1415 адам жүгінген, мемлекеттік қолдаумен 1260 адам немесе 90,9 % қамтылған, жұмысқа 1145 адам немесе 80,9 % орналасты. Жұмыссыз ретінде есепте 573 адам (оның ішінде ауылдан - 191) тіркелген .

Экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа шаққанда еңбек нарығында тіркелген жұмыссыз халықтың үлесі (39358 адам) 1,5 % құрайды.

2018 жылғы 1 шілдеге алғанда Ақсу қаласы бойынша мәртебесіз тұлғалардың саны 11556 адамды құрайды, 6732 адам немесе 58,3%-ы нысандандырылды.

Ағымдағы күнге алғанда Ақсу өңірі бойынша мәртебені нақтылау жөніндегі жүйенің мәліметінше, 4824 адам қамтылған, соның ішінде: 4065 – жұмыс істейтіндер, 531 – нәтижесіз өзін – өзі жұмыспен қамтығандар, 208 – студенттер, 17 адам – мәртебесі анықталмады, 3 адам – тіркелмеген жұмыссыздар.

Нәтижелі жұмыспен қамтылуға тартуға мұқтаж азаматтардың саны 534 адам (нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, тіркелген жұмыссыздар, мәртебесі анықталмаған тұлғалар), жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларын алған азаматтар саны – 275 адам немесе 51,5% (275/534*100).

Мәртебені анықтау, еңбек шартын жасасу және зейнетақы салымдары туралы халыққа арналған ақпарат жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, жұмыспен қамту орталығы сайында және әлеуметтік желілерге (Instagram, Facebook), SMART CITY орналастырылған, жергілікті газеттерге жіберілген.

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына және

аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек

 

2018 жылы Ақсу қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге 66,1 млн. теңге бөлінген, ағымдағы жылдың алты айында әлеуметтік көмек 1815 азаматқа сомасы 34,9 млн. теңге көрсетілді (52,8 % игерілді).

Анықтама: 2017 жылғы осы кезеңде әлеуметтік көмек 1960 азаматқа жалпы сомасы 35,9 млн. теңге көрсетілген.

Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша келесі төлемдер төленді:

Жеңіс Күніне біржолғы әлеуметтік көмек төленді:

Ұлы Отан соғысының 4 қатысушысына (бұдан әрі ҰОс) 150,0 мың теңгеден жалпы сомасы 600,0 мың теңге, баспанасын жөндеуге 50 АЕК (120,3 мың теңге) сомасы 481,0 мың теңге, Ауғанстандағы әскери іс-қимылдарының 73 қатысушысына – 1755,6 мың теңге, ЧАЭС апатының зардабын жоюшы 34 адамға – 1731,6 мың теңге, ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларына тікелей қатысушылар (бұдан әрі – СИЯП) 2 адамға – 865,8 мың жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген 41 адамға сомасы 986,1 мың теңге, мың теңге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының) ордендері және медальдарымен марапатталған азаматтар 28 адамға 673, 4 мың теңге, ҰОс жылдары кемінде алты ай жұмыс істеген және бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған 754 адамға – 9066,9 мың теңге төленді.

біржолғы әлеуметтік көмек 719 азаматқа: онкологиялық аурулармен ауыратын 496 адамға сомасы 8349,2 мың теңге, иммунжетіспеушілігімен ауыратын 111 адамға сомасы 1861,8 мың теңге, туберкулезбен зардап шеккен амбулаторлық емдеуде (қалалық) жатқан 37 адамға жалпы сомасы 622,8 мың, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған 20 адамға жалпы сомасы 233,6 мың теңге,                      1 ауған-әскеріне тіс протездеуге – 19,0 мың теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы 10 көп балалы анаға 8 наурызға – 57,7 мың теңге, (жүктіліктің 12 аптаға дейінгі мерзімінде) есепке тұрған, аз қамтылған отбасылардағы 4 әйелге (соның ішінде 3 аз қамтылған отбасылардан шыққан, 1 мүгедек әйел) – 48,1 мың теңге, 27 грант иелеріне оқуды төлеу үшін 3367,1 мың теңге, І топ мүгедегі 6 – адамға жолақысына, тұруы мен еріп жүретін тұлғаға – 577,2 мың теңге, санаторлық-курорттық сауықтыруға мұқтаж І топ мүгедегі 6 адамға - 72,1 мың теңге, шұғыл және жоспарлы операцияға            24,1 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетілді;

сауықтыруға тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек 86 азаматқа:Ауғанстандағы әскери іс-қимылдарының 52 қатысушысына – 466,1 мың теңге, ЧАЭС және СИЯП 34 қатысушысына – 283,8 мың теңге;

ай сайынғы әлеуметтік көмек 78 азаматқа: 4 ҰОс қатысушысына дәрі-дәрмек алуға, коммуналдық қызметтер шығындарын өтеу үшін – 346,3 мың теңге, 34 грант студенттеріне (стипендия) – 2931,1 мың теңге, туберкулезбен ауыратын (ауылдардағы) 20 адамға – 605,2 мың теңге, отбасы құрамында мектепке дейінгі жастағы балалары бар 15 мүгедекке мектепке дейінгі мекемеге баруды төлеу үшін – 473,1 мың теңге, 1 мүгедек-студентке «Интернет» байланысы  төлемі үшін – 26,7 мың теңге, 4 аз қамтылған отбасыға мектепке дейінгі мекемелерге төлемақыға – 118,4 мың теңге.

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 10949,0 млн. теңге бөлінген (РБ-8552,0 мың теңге, ЖБ-2397,0 мың теңге).

Ағымдағы жылғы 1 шілдеге алғанда АӘК 37 отбасына төленді, онда 176 адам (қалада – 18/69, ауылда 19/107) жалпы сомасы 3593,0 мың теңге, жалпы сомасы 3737,0 мың теңге (РБ - 3350,0 мың теңге, ЖБ - 407,0 мың теңге) көрсетілген.

Анықтама: төленген сома тағайындалғаннан көп болу себебі, 6 отбасыға ШАК 3 айға біржолы төленді. 2017 жылғы наурызда МАӘК алушылар болған жоқ.

Ақсу қаласының ауылды жерлерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын алу үшін біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған. 2018 жылға 8,5 млн. теңге бөлінген, жыл басынан 500 маманға 6,0 млн. теңге төленді.

Тұрғын-үй көмегін көрсетуге а.ж. 24,3 млн. теңге бөлінген. Ағымдағы жылғы 6 айда 1073 отбасыға, онда 1371 адам, сомасы 10,9 млн. теңге (44 %) тұрғын-үй көмегі төленді, оның ішінде телефон үшін абоненттік төлеміне – 57,5 мың теңге, жылуға – 8,54 млн. теңге, лифтге – 28,1 мың теңге, қоқыс шығару үшін - 76,0 мың теңге, кондоминиум нысандарын жөндеуге - 16,8 мың теңге, ПИК қызметтеріне – 743,7 мың теңге, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС – 677,5 мың теңге, «Ақсу су арнасы» КМК – 748,5 мың теңге.

Тұрғын-үй көмегінің негізгі алушылары: зейнеткерлер - 839 отбасы, мүгедектер - 165 отбасы, (әр отбасы бірнеше санатқа жатуы мүмкін).

Анықтама: 2017 жылғы осы кезеңде тұрғын-үй көмегі сомасы 13,9 млн. теңге 1145  отбасына (онда 1458 адам) көрсетілген.

 

Халықтың осал санаттарын әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау

 

2018 жылғы 1 шілдеге алғанда Ақсу өңірі бойынша мүгедектер саны 2623 адамды құрайды, соның ішінде:

мүгедектік топтары бойынша:I топ – 290 (273), II топ - 1160 (1178), III топ – 950 (952) адам, мүгедек - балалар – 222 (220);

аурулар тұрғысынан мүгедектер: көру қабілеті бұзылған – 315 (323), есту қабілеті бұзылған – 87 (89), тірек-қимыл аппараты бұзылған – 312 (310), психикалық сырқаттармен – 485 (497), туберкулез сырқатымен – 84 (24), жалпы сырқаттары бар – 1340 (1333)

селолық округтер тұрғысынан - 711 мүгедек: Алғабас с/о - 176, Достық - 82, Евгеньевка с/о  - 106, М. Омаров атындағы с/о - 124, Қалқаман с/о - 130, Қызылжар с/о - 93.

Анықтама: 01.07.2017 жылға мүгедектер - 2621 адам, соның ішінде ауыл бойынша - 743.

Оңалтудың жеке бағдарламаларына (бұдан әрі - ОЖБ) сәйкес, 451 мүгедек мұқтаж: протездік-ортопедтік құралдарға - 179, кресло-арбаға - 17, тифло-сурдотехника құралдарына - 92, санаторлық-курорттық сауықтыруға - 134.

Ағымдағы жылғы 1 шілдеге алғанда бұдан әрі - ОЖБ сәйкес, облыстық бюджет есебінен протездік-ортопедтік құралдармен - 23, кресло-арбамен - 57, тифлотехникалық құралдармен – 61, сурдотехникалық құралдармен - 23, санаторлық-курорттық сауықтырумен – 61 қамтамасыз етілді.

Техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар және қозғалудың арнаулы құралдарының тізбесінің  кеңеюі шеңберінде 453 шараның 143 ОЖБ әзірленді, соның ішінде ішінара 129 ОЖБ (90,2 %) (218 шара 48,1%) орындалды.

Анықтама: 2017 жылы 46 ОЖБ (139 шара) әзірленген, ішінара 37 ОЖБ (80,4%) орындалған.

Ағымдағы жылғы 6 айдың ішінде стационар және жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘҚ) көрсетілді:

 

«Ардагерлер үйі» о/о

«Мүгедектерге ж/е қарттарға АӘҚ көрсету Ақсу орталығы» КММ

«Черноярская жемчужина» ЖШС

Стационар түріндегі МӘМ

Обл. балалар оңалту орталығы

Обл. психоневрологиялық МӘМ

118 адам, соның ішінде:

35 мүгедек, 83 зейнеткер

58 зейнеткерлер

39 зейнеткер

1

1

4

 

Ақсу қаласы бойынша жартылай бейімделген әлеуметтік инфрақұрылымның 140 нысаны құжаттандырылды. 2018 жылы 4 әлеуметтік инфрақұрылым нысанын құжаттандыру жоспарланған: «Алғабас селолық округі әкімінің аппараты» ММ, «Ақсу қаласының Мемлекеттік архиві» ММ, «Пограничник ауылдық орта мектебі» КММ, «Ақсу қаласының спорт бөлімі» ММ.

«Үй жағдайында тәрбиеленіп және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 55 мүгедек-бала үшін 2,5 млн. теңге бөлінген (ЖБ), игерілгені – 1,6 млн. теңге.

2018 жылы бюджет қаражаты бөлінді:

054 бағдарламасы бойынша 2018 жылы «ҮЕҰ-да мемлекеттік тапсырысты орналастыру» бағдарламасы бойынша Ақсу қаласының бюджетінде 27,9 млн. теңге қарастырылған.

1). АӘҚ көрсетуге:

жартылай стационар жағдайында АӘҚ 8 мүгедекке - 2,9 млн. теңге (РБ), игерілген – 925,4 млн. теңге («Бірлік» Ақсу мүгедектері қоғамы» ҚБ-мен мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасалған);

үй жағдайындағы күтім АӘҚ 54 азаматқа - 4,1 млн. теңге (РБ), игерілген – 1494,7 млн. теңге («Қайырымдылық PVL» МҚБ);

тұрмыстық зорлықтан зардап шеккендерге АӘҚ - 5,7 млн. теңге (РБ) игерілген – 2051,8 млн. теңге («Қайырымдылық PVL» МҚБ);

2). мүгедектерді автокөлікпен тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге - 7,4 млн. теңге (ЖБ), игерілген – 3603,9 мың теңге («Тамирлан» Ақсу мүгедектері қоғамы»).

3. қалада тұратын туберкулезден зардап шеккен азаматтарға ыстық тамақпен қамтамасыз етуге – 7,8 млн. теңгеден 1144,4 мың теңге игерілді («Жалғызбасты аналарды қолдау қорымен» мемлекеттік сатып алулар туралы шар жасалған).

017 бағдарламасы бойынша «Мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызметімен, жеке көмекшімен мүгедектің ОЖБ сәйкес қамтамасыз етуге» - 92,6 млн. теңге (РБ-22,5 млн. теңге, ЖБ-70,1 млн. теңге) бөлініп, 61,0 млн теңге игерілді, соның ішінде:

 

Қызметтің атауы

Млн. теңге бөлінген

Млн. теңге игерілген

Қамтылған адамдар

Міндетті гигиена құралдары

39,4

32,6

235

Ыдау тілі мамандарының қызметі

10,4

5,0

43

Жеке көмекші қызметі

43,0

23,4

152

Барлығы:

92,6

61,0

430

 

2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қарттарға және мүгедектерге,  балалар мен 18 жастан жоғары тұлғаларға үйдегі әлеуметтік көмек көрсету 3 бөлімшесінде 409 адам қызмет алуда, олардан: 307 - қарт, 5 - мүгедектігі бар тұлға, 56 - мүгедектігі бар бала, 38 - психоневрологиялық сырқаттары бар 18 жастан асқан тұлға, (оның ішінде: қала бойынша - 202, 4, 43, 31 және ауыл бойынша - 108, 1, 13, 7 сәйкесінше).

2018 жылғы 1 шілдеге алғанда 80 әлеуметтік қызметкер үй жағдайындағы арнаулы әлеуметтік көмектің кепілдендірілген мөлшерін: көрсетеді: қалада - 41, селолық округтерде - 30.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді бағалау және тексеру бойынша әлеуметтік қызметкерлермен АӘҚ көрсетуге мұқтаж 94 азамат анықталды және тексерілді. Анықталған мұқтаж азаматтардың жалпы санынан АӘҚ алады: қала бойынша үйде әлеуметтік көмек бөлімшелерінде – 27, селолық округтерде – 12, ҮЕҰ – 47, «Балауса» жартылай стационарында – 8.

Әлеуметтік бейімдеу орталығына (бұдан әрі-Орталық) 2018 жылғы 6 айда 87 адам жүгінген, қайта әлеуметтендіру мақсатымен – 33 адам, соның ішінде қабылданғаны - 23. Есептік күні бейімдеу орталығында 10 адам тұрып жатыр.

19 адам шығарылған, соның ішінде: келісімнің шарттарын мерзімінен бұрын орындағаны үшін – 8 адам, өз еркімен – 3, ішкі тәртіпті бұзғаны үшін – 4, тұратын үй-жайдың бар болуына байланысты  – 4.

Мемлекттік тапсырыс 6 адамға орындалды, соның ішінде: 4 адам  Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы типтегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына анықталды.

13 қызмет алушы жұмыс орнына орналастырылған, соның ішінде: 6 адам - тұрақты, 7 – адам уақытша маусымдық жұмысқа орналастырылды.

 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға қатысты әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында 26 азамат психологтың көмегін алды.

 


2018-07-23 19:06:46

Сондай-ақ оқыңыз