Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Азаматтарға хабарландыру

Ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алу және ескерту мақсатында, демалыс және мереке күндері Ақсу қаласы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары тұрғылықты жері бойынша алкоголь ішімдіктерін, есірткі заттарын, отбасылардв және бұрын сотты болған адамдармен күшейтілген режимде профилактикалық жұмыс жүргізуде.
Осыған ұқсас жұмыстарды ювеналдық полиция тобының қызметкерлері полиция бөлімінде есепте тұрған тұрмысы төмен отбасылар мен кәмелетке толмағандарды пәтерлерде аралау жолымен жүргізеді.

Қазіргі уақытта тұрмыстық зорлық-зомбылық ең өткір және кең таралған әлеуметтік проблемалардың бірі болып табылады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық тікелей отбасылық қарым-қатынастардың бұзылуымен ғана емес, тұтастай алғанда отбасының ұйытқысы мен моральдық құндылықтарының жоғалуымен байланысты.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық-отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы бір адамның басқа адамға (басқаларға) қатысты физикалық немесе психикалық азап келтіру қатері бар қасақана құқыққа қарсы әрекеті (әрекеті немесе әрекетсіздігі).

Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларында олардың құрбандарына және (немесе) куәларына ішкі істер органдарына (полицияға) өтініш жасауы қажет.

Жәбірленушілерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау мақсатында ішкі істер органдарына тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану құқығы берілген.:

Профилактикалық әңгімелесу-тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы субъектісі тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адаммен өткізеді. Профилактикалық әңгімелесудің негізгі міндеттері тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаудың себептері мен жағдайларын анықтау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әлеуметтік және құқықтық салдарын түсіндіру және заңға мойынсұнушылық мінез-құлықтың қажеттілігіне көз жеткізу болып табылады.

Ата — ана құқықтарынан айыру не шектеу – «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, егер олар ата-аналарының міндеттерін орындаудан жалтарса, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтарса, өздерінің ата-ана құқықтарын теріс пайдаланса, баламен қатаң қарым-қатынас жасаса, оның ішінде оған күш көрсету немесе психикалық зорлық-зомбылықты жүзеге асырса, оның жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасаса, спирттік ішімдіктерге немесе есірткі құралдарына, психотроптық заттармен әуестенсе ата-ана құқықтарынан айырылады.


2020-03-27 09:40:21

Сондай-ақ оқыңыз