Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсулық оқушылармен дөңгелек үстел өткізілді № 2 мектепте жоғарғы сынып оқушыларымен «Жыныстық тиіспеушілік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 

Жеке адамға жыныстық тиіспеушілік жеке адамның конституциялық-құқықтық құқығының құрамдас бөлігі болып табылады. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленеді, қорғалады және оған кепілдік беріледі. Дөңгелек үстел барысында ювеналды полиция тобының инспекторы А.Қалиева 16 жасқа толмаған тұлғаларға қатысты жыныстық сипаттағы іс – әрекеттер, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін және т.б. кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі туралы сұрақтарға жауап берді, ҚІЖК-нің және ҚР ӘҚБК-нің кейбір баптарын түсіндірді. Әңгімеден кейін оқушыларға жеке тұлғаның жыныстық қол сұғылмаушылығы бойынша жадынамалар мен ұсынымдар, сондай-ақ «Заң және жауапкершілік» туралы буклеттер таратылды.


2020-03-27 09:39:19

Сондай-ақ оқыңыз