Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

АҚСУ ҚАЛАСЫНДА ТҮНГІ УАҚЫТТА 35 ЖАСӨСПІРІМ ҰСТАЛДЫ

 

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жүрген жасөспірімдерді анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізді. Мысалы, Набережная көшесінде орналасқан кальянның бірінде 2002 жылы туылған екі кәмелетке толмаған баланың болуына жол беру фактісі анықталды.

Сондай-ақ, Строителей көшесінде орналасқан мейрамханада мекеме иесі 2003 жылы туылған бір кәмелетке толмаған баланың ойын-сауық мекемесінде болуына жол берген.

Аталған фактілер бойынша, жасөспірімдердің заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБК 442 - бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды-кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы. Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Ал көңіл көтеру орындарының иелеріне қатысты ҚР ӘҚБК 132 бабы бойынша әкімшілік материалдар қозғалды - кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру.

Ақсу қаласының орталық саябағында түнгі уақытта кәмелетке толмағанның заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болу фактісі анықталды. Ата - аналарға қатысты ҚР ӘҚБК 442-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылды-кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін кәмелетке толмағандардың ата-аналарына ескерту жасауға әкеп соғады.


2020-02-19 19:05:43

Сондай-ақ оқыңыз