Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу өңірінің аумағында ағымдағы жылдың 17-23 ақпан аралығында «Отбасы және балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

 Іс-шараның мақсаты балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарға жол бермеу, білім беру және ата-аналар қоғамдастығының өкілдерін тарту арқылы алдын алу шаралары кешенін қабылдау болып табылады.

Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізудің бірінші күні 1976 жылы туған жергілікті тұрғынның қатысуымен қолайсыз отбасының қатысуымен сот отырысы өткізілді, әйел ата-ана құқығынан айырылды. Әйел 11 жасар қызының тәрбиесімен айналыспай ішімдікке құмарлы адам. Сот қаулысымен қыз баланы әкесінің қамқорлығына берді. Ювеналды полиция тобының есебінде 41 қолайсыз отбасы тұр.

Қара металлургия колледжінің жаңа жатақханасында Ақсу өңірінің ауылдық жерлеріндегі 50 кәмелетке толмаған студенттер тұрады. ЖПШ өткізу кезінде ювеналдық полиция тобының қызметкерлері студенттермен ҚР ӘҚБК 442-бабын «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы», ҚР ӘҚБК 440-бабын «Алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу» және ҚР ҚК 124-бабын «Жас балаларды азғыру» түсіндірумен әңгіме өткізді.

Полиция қызметкерлері Ақсу қаласының «кафе, бар, мейрамхана, компьютерлік клуб» ойын-сауық орындарын тексерді, жергілікті кафелердің бірінде 2003 жылы туған кәмелетке толмағанның заңды өкілдерінсіз сағат 22.00-ден кейін болу фактісі анықталды. Аталған факті бойынша жасөспірімнің заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБК 442 - бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, яғни кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы. Кәмелетке толмаған баланың ата-анасына үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Ал көңіл көтеру орнының иесіне қатысты ҚР ӘҚБК 132 - бабы бойынша әкімшілік материалдар қозғалған-кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру.

Сондай-ақ, түнгі уақытта сағат 23.00-ден кейін Әуезов көшесінде 2003 жылы туылған кәмелетке толмағанның заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болу фактісі анықталды. Ата - аналарға қатысты ҚР ӘҚБК 442-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылды-кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін кәмелетке толмағандардың ата-аналарына ескерту жасауға әкеп соғады.


2020-02-19 19:03:10

Сондай-ақ оқыңыз