Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

ОТБАСЫЛЫҚ ДЕБОШИРГЕ 53 ҚОРҒАУ НҰСҚАМАСЫ ЖАЗЫЛДЫ

 

Жыл басынан Ақсу полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы бойынша жұмыс жүргізуде. Қорғау нұсқамасы-зардап шегушінің қауіпсіздігін оған зардап келтірудің нақты қаупі болған кезде дереу қамтамасыз ету.

Егер Сіздің жақын адамыңыз (күйеуіңіз, бұрынғы күйеуіңіз, азаматтық жұбайыныз, жақын туыстарыныз):

Сізді қорласа;

ұрып, айқайлап, қорқытса;

балаларыңызға қол көтерсе;

қорғау нұсқамасын шығаруға өтініш жазуға құқыңыз бар.

Мәселен, полицияға қала тұрғыны мас күйінде жанжал жасап, оған дене жарақатын салған жұбайына өтінішпен жүгінді. Учаскелік полиция инспекторымен ҚР ӘҚБК 73-1 бабы 1-1 бөлігі бойынша арызданушының жұбайы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушыға 30 тәулік мерзімге қорғау нұсқамасы шығарылды.

Қорғау нұсқамасымен тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушінің еркіне қарамастан іздестіруге, ізіне түсуге, баруға, ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және онымен өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салынады. Қорғау нұсқамасының қолданылу мерзімі оған қатысты шығарылған отыз тәулікті құрайды. Өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған Адам ІІО профилактикалық есепке қойылады және оған профилактикалық бақылау жүргізіледі. Қорғау нұсқамасын бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады (ҚР ӘҚБК 461 – бабы) - ІІО шығарған қорғау нұсқамасын бұзу, - ескерту жасауға не 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға (сот) әкеп соғады. Қорғау нұсқамасын қолдану ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалған жерде жәбірленушінің және басқа да адамдардың қауіпсіздігі тұрғысынан шұғыл және оның жолын кесу жөнінде қажетті шараларды кідіріссіз қабылдауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеуі мүмкін, бұл әкімшілік-құқықтық ықпал ету шарасы болып табылады. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 14 адамға қатысты ерекше талаптар қойды, оған қатысты мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген тұлға профилактикалық есепке қойылады және оған профилактикалық бақылау жүргізіледі.


2020-02-19 18:51:48

Сондай-ақ оқыңыз