Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу колледждерінің студенттер арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

 

Бастықтың кадр саясаты жөніндегі орынбасары Жәнібек Қабышев және полиция қызметкерлері Ақсу қаласының колледждерінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жоғары оқу орнына түсу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Студенттерге бейнеролик көрсетіліп, буклеттер таратылды және Б. Бисенов атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды академиясына оқуға түсу талаптары түсіндірілді.

ҚР ІІМ жоғары оқу орнына түсу үшін үміткерлерге ҰБТ бойынша 50-ден астам балл жинау, 16 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы болу, соттылығы болмауы қажет. Қыздар үшін бойы 160 см-ден кем емес, жігіттер үшін 170 см-ден кем емес, медициналық комиссиядан өту, дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтар және конкурстық комиссиядан өту.

Академияда оқудың артықшылығы - жатақханада тұру; стипендия алу; тамақпен, заттай жабдықталыммен қамтамасыз етілу; тегін медициналық қызмет көрсету; демалыс кезінде тұрақты тұратын жеріне бару және қайту жолақысының құнын төлеу; оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі. Академияның түлектері үшін жұмысқа орналасуға кепілдік беріліп, соңында полиция лейтенанты атағы беріледі.

Студенттер кездесуде көбінесе Академия курсанттарының өмірі, олардың тұрмысы, азаматтық жоғары оқу орындарымен салыстырғанда ЖОО-да оқу ерекшеліктері мәселелері қызықтырды. Кадр саясатының қызметкерлері барлық сұрақтарға жеке жауап беріп, ҚР ІІМ ЖОО түсуге ниет білдірген әр студентпен жұмыс жүргізді.

ҚР ІІМ Қарағанды академиясына оқуға түсуге қатысты барлық қосымша сұрақтар бойынша полиция бөліміне хабарласыңыздар: Дөнентаев көшесі 5, 6-кабинет (кадр саясаты тобы) сонымен қатар 6-31-44 телефон нөмірі бойынша.

коллдеж


2020-02-19 18:49:09

Сондай-ақ оқыңыз