Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Уақытша куәлік пен балалардың фотосуреттерін паспортқа жапсыру тоқтатылды

 

2019 жылғы 8 желтоқсанда күшіне енген "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер енгізілуіне байланысты "Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру" және «Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда он алты жасқа дейінгі балалардың фотосуреттері жапсырылған жазба»мемлекеттік қызметтер көрсету тоқтатылды.

Ата-аналардың паспорттарына фотосуреттерді жапсырудың күшін жою, ең алдымен, елден тыс жерлерде қиын өмірлік жағдайға тап болуы мүмкін балаларды қорғауға, сондай-ақ балаларды шетелге заңсыз шығару тәуекелдеріне байланысты.

 

Ақсу қ. ПБ баспасөз-қызметі


2020-01-22 20:08:41

Сондай-ақ оқыңыз