Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«ТҰРМЫС» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

 

Ішкі істер органдары тұрмыстық қылмыс мәселесіне көп көңіл бөледі. Отбасындағы жанжалдар әдеттегі отбасылық даулар, жанжалдар шеңберінен шығып, күрделі мәселелерге көшті. Ауыр психологиялық және дене жарақаттарын көтеретін ұрып-соғу, қауіп-қатерге, ауыр күш қолдану әрекеттеріне жетеді.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 20 қаңтар мен 20 ақпан аралығында Ақсу өңірінің аумағында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Құқық қорғау органдары пәтер және аулаларды аралау барысында осы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзудың жолын кесу мақсатында тұрмысы төмен отбасылармен профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады. Сондай-ақ ата-аналарға ата-ана құқықтарын шектеу және айыру жөнінде құқықтық ықпал ету шаралары қабылданатын болады.

Бұдан басқа, пәтер және аулаларды аралау барысында профилактикалық маңызы бар құқық бұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударылатын болады. Егер сіз зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз-дереу 102 телефоны арқылы хабарласыңыз!

 

Ақсу қ. ПБ баспасөз-қызметі


2020-01-22 20:07:25

Сондай-ақ оқыңыз