Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Участок жедел алдын алу шарасы өтуде

 

Облыстағы жедел жағдайды тұрақтандыру, әкімшілік учаске бойынша аумақтарды аралау жолымен экстремизм мен терроризм көріністерін алдын алу, анықтау және жолын кесу мақсатында, қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша жұмысты жандандыру, азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынасты орнату мақсатында ағымдағы жылдың 15-қыркүйек пен 10-қазан аралығында Ақсу қаласы мен ауылдық аймақта «Учаске» жедел – профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Бүгінгі күні Ақсу қаласы полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары 5684 тұрғын үй массивін аралап, тұрғындарға учаскелік инспектор туралы ақпарат және оның телефон нөмірлері көрсетілген визиткаларды таратты. Сонымен қатар тұрғындарға өз мүліктерін сақтау бойынша шаралар қолдану туралы, ауыл тұрғындарына өз малдарын сақтау бойынша шаралар қолдану туралы жадынамалар таратылды.

Тексеру барысында Мемлекеттік кірістер басқармасында тіркелмеген, жалға берілетін 28 пәтер анықталды. 4 саяжай массивінен 737 саяжай үйі тексерілді. Тұрғылықты жері жоқ 5 адам ұсталып, қабылдаушы-бөлуші бөліміне орналастырылды. Әр түрлі әкімшілік құқық бұзушылық үшін 10 кәмелетке толмаған ұсталды.

Ақсу қаласының ПБ профилактикалық есебінде тұрған 77 тұлға тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Полиция бөліміне 9 адам есепке алынды, оның ішінде 6 қорғау нұсқамасы бойынша және 2 қолайсыз отбасы.

Сондай-ақ, тұрғылықты жері бойынша шетелдік азаматтар да тексеріледі, жедел-профилактикалық іс-шара барысында 49 шетел азаматы тұрғылықты жері бойынша тексерілді.

Есепте 640 азаматтық қару иесі тұр, иелерді тексеру кезінде қару сақтау ережесінің 7 бұзушылығы анықталды (ҚР ӘҚБтК 484 бабы бойынша). 7 бірлік қару тәркіленді.

ҚР ӘҚБтК 73 бабы бойынша – 7 адам, ҚР ӘҚБтК 73-1 бап-8, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында-4, ҚР ӘҚБтК 127 бап - 1, ҚР ӘҚБтК 434 бап-8, елді мекендерде коммуналдық қалдықтарды шығарғаны үшін-8, ҚР ӘҚБтК 440 бап-43, ҚР ӘҚБтК 492 бап-15, ҚР ӘҚБтК 493 бап-3, ҚР ӘҚБтК 517 бап-9 және т.б.баптар бойынша тұлалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Ақсу қ. ПБ баспасөз-қызметі


2019-10-10 15:45:51

Сондай-ақ оқыңыз