Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Браконьер» жедел алдын алу шарасы өтуде

Ағымдағы жылғы қазанның 5 мен 31 аралығында Ақсу қаласының аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Табиғатты қорғау полициясы тобымен браконьерлік, аң аулау және балық аулау ережелерін бұзу, сондай-ақ заңсыз ағаш кесумен күресу бойынша қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын алу, жолын кесу және анықтауға бағытталған жалпы және жеке алдын алу бойынша жұмыс жүргізуде.

Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу барысында 3 күн ішінде полиция қызметкерлері аң аулайтын жерлерге, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға барып 4 рейдтік іс-шара өткізді. 7 су қоймасы тексерілді.

Табиғатты қорғау полициясы 3 күн ішінде ҚР ӘҚБтК 382 бабы 1 бөлімі бойынша (аң аулау ережелерін бұзу) және ҚР ӘҚБтК 383 бабы 1 бөлімі бойынша (балық аулау ережелерін бұзу) 2 құқық бұзушылықты анықтады. 

Ақсу кентінің жылу каналында 28 жастағы Ақсу қаласының тұрғыны ұсталды, ол 23:35-те белгіленбеген жерде су ағызу маңында балық аулаған. Құқықбұзушылықты жасағаны үшін ер адам 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

 

Ақсу қ. ПБ баспасөз-қызметі


2019-10-10 15:39:38

Сондай-ақ оқыңыз