Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Көлік салондарынан ұрлық.

 

Соңғы уақытта әйнектерді сындырумен автокөліктерден ұрлық оқиғалары жиілеп кетті. Машинаның артқы есігін ашып, жүргізуші үшін көрінбейтін заттарды жиі ұрлайды. Супермаркеттер тұрақтарында ұрлық жағдайлары жиі кездеседі.

Тағы бір қауіп — қатер тобы – жүргізушілер, әсіресе жалғыз жүруді ұнататын қымбат шетелдік көліктерді жүргізетін әйелдер.

Ұрлық тәсілдері, уақыты мен орны:

Ұрылар шыныны сындырып салоннан аса құнды заттарды ұрлайды. Ұрлық көбінесе түнгі уақытта, сағат 20.00-ден 8.00 аралығында жасалады. Мәселе мұндай қылмыстардың әдетте өте кеш байқалатынында. Үй иесі таңертең тұрып аулаға шыққан кезде ғана салоннан заттардың жоғалғанын түсінеді. Ұрылар болса осы уақыт аралығында алысқа қашып кетеді, бұдан кейін оларды ізін суытпай іздеу қиын. Гаражды сатып алуда немесе күзетілетін тұрақта үнемдейтін автомобилистер сигнализацияның ұрыларды қорқытып жіберетініне сенеді.  Біріншіден салондағы заттарды ұрлау үшін 20 секунд жеткілікті (автокөлік иесі сигнализацияның дыбысынан тұрып көлікке дейін жүгірсе де, ұрыны ұстап қалуға үлгемрмейді), екіншіден арзан сигнализацияларды өшіріп тастау оңайға соғады. Ұрылар көбінесе жүргізушіні сигнализацияны өшіруге мәжбүрлейді, олар сигнализация дыбысының шығуы үшін түні бойы көлік дөңгелектерін теуіп көлік иесі мен көршілердің мазасын алады.

Көңіл аудару, маневрі. Заттарды көбінесе жүргізуші ақауларды жоюмен айналысқан кезде ұрлайды.

Қарапайым ережелер:

Бұл ережелерді сақтау ұрлық ықтималдығын қысқартуға мүмкіндік береді, себебі көп жағдайда жүргізуші қылмыскерді құқық бұзушылыққа итермелейді.

Бірінші ереже - көлік салонында сөмкені сыртынан көрінбейтіндей етіп қоюға тырысыңыз.

Екінші ереже - тұрақтан шығу және қозғалыс кезінде есіктерді бұғаттаңыз.

Үшінші ереже - егер Сізге біреу кез келген сұрақ қойса, тек сәл жабық шыны арқылы сөйлесіңіз.

Төртінші ереже - Сіз көлікті тастап кетсеңіз, тіпті қысқа уақыт аралығында жеке заттарынызды өзіңізбен бірге алып жүріңіз, ең болмағанда оларды жүксалғышқа тығып қойыңыз.

Бесінші ереже — әр түрлі банк операцияларын жүргізген кезде айырбастау орындарында қажетті сақтық шараларын қолданыңыз.

Құрметті жүргізушілер, абай болыңыз, өз автокөліктеріңізді және заттарынызды қараусыз қалдырмаңыз.

 

Ақсу қ. ПБ баспасөз-қызметі


2019-10-10 15:35:32

Сондай-ақ оқыңыз