Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Автокөліктің қосалқы бөлшектерін ұрлау

 

Өз көлік құралдарын арнайы тұрақта және гаражға емес, тұрғын үйдің ауласына қоятың көлік құралдарының иелері еселеп кетті.

Негізінен, қылмыскерлер құнды заттарды түнгі уақытта ұрлайды. Ұрлықтың басым бөлігі тұрғын үйлер мен жеке сектордағы жарық түспейтін аулаларда жасалады.

Сондай-ақ, мұндай ұрлық күндізгі уақытта балабақшалардың, мектептердің, сауда орталықтарының (дүкендердің) жанында орналасқан аумақтар мен автотұрақтарда орын алады.

Ұрлықтың көбі отандық автокөліктерден жасалады. Өйткені, отандық көліктер қауіпсіздік тұрғысынан өзге көліктерден ерекшеленеді. Зиянкестерге салонға, капотқа немесе жүк бөлімшесіне ену қиындықты туғызбайды. Сонымен қатар, мұндай машиналарда сигнал беру жоқ.

Автомобильге енудің негізгі тәсілдері: есік құлпын бұзу, терезе әйнегін бұзу, еркін кіру.

Негізінен автокөліктерден аккумуляторлық батареяларды, салонда қалған сөмкелерді ұрлайды.

Қылмыскерлерді қылмысқа кез келген зат итермелеуі мүмкін. Мысалы: қымбат қолғаптар, сағаттар тіпті жапқыштың астында жатқан заттар да.

Қылмыскерлердің құрбаны болмау үшін автомобильдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қарапайым ережелерді орындау қажет:

- автомобильдерді күзетілетін автотұрақтарда (тұрақтарда), гараж бокстарында қалдыруға;

- өз автокөлігіңізді күзет жүйелерімен, сигнализациямен жабдықтау,

- доңғалақты алуға кедергі келтіретін доңғалақ бекітпесіне стандартты емес гайкаларды (гайка, болт-секретка) орнату,

- автомобильді жарықтандырылатын аулаға қою, бейнебақылау камераларымен болса тіптен жақсы;

- егер сіздің ауланызда бейнетіркеу жүйесі болмаса, онда үй тұрғындарының жиналысында үйлерге бейнебақылау камераларын орнату мәселесін қарастыру қажет;

- ұзақ және қысқа уақытқа тоқтаған жағдайда (дүкенге, бала бақшаға бару және т. б.) автокөлік салонында өз мүлкін (сөмкелер, ұялы телефондар, планшеттер) қалдырмай өзімен бірге алып жүру керек;

- автокөліктен шыққан кезде, оның сигнализацияға қойылғанын тексеріңіз (орталық құлып);

- егер сіздің автокөлігіңізде дабыл іске қосылған болса, автокөліктің қауіпсіздігін тексеру қажет. Көлік тұрағы аумағында қоршаған ортаға және бөгде адамдардың болуына назар аудару маңызды.

Сонымен қатар, егер сигнал беру қайта іске қосылса, оны өшірмеңіз. Өкінішке орай, кейбір адамдар жүйенің ақаулығына сілтеме жасап, ескертуді елемейді. Алайда, бұл жағдайда автомобильге ерекше назар аудару керек. Белгісіз тұлғалар автокөлікке кіруге әрекет жасаған кезде дереу полицияны шақыру керек.

Ашық есік туралы хабарлайтын брелок себепсіз іске қосылған жағдайда, бірден көліктің қауіпсіздігін тексеру қажет.

Тағы бір маңызды ереже: егер сіз автокөлікті ұзақ уақыт пайдаланбайтыныңызды білсеңіз, мысалы, ауруханаға жатсаныз немесе іссапарға баратын болсаныз, жеңіл немесе жүк көлігі болсын,  аккумуляторлық батареяларды шешіп, оларды үй-жайға апарыңыз.

Автомобиль қауіпсіздігі — сіздің жеке жауапкершілігіңіз екенін ұмытпаңыз.

Ақсу қ. ПБ баспасөз-қызметі


2019-10-10 15:34:01

Сондай-ақ оқыңыз