Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Ұрылардан малды аман алып қалудың амалдары»

    Жоғалған және тонаған жағдайда малды іздеуге көп күш пен қаржы жұмсағанша, ең жақсысы малды күзету бойынша шара қолдану. Мал иелеріне келесі ережелерді сақтау қажет:

- әрбір малдың жеке сипаттамасы болу (түрі, тұқымы, түсі,  жынысы, жасы, таңба-мойындықты қолданумен малдың денесіне арнайы белгі қою жолымен нақты шаруашылыққа немесе тұлғаға тиесілі белгілері)

- малды бағуды бақылаумен жүзеге асыру, жеке бағуда құлыпы бар темір тұсауды салу арқылы сақтау шарасын қолдану;

- мал жоғалған жағдайда тез арада учаскелік полиция инспекторына немесе Ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне хабарлау, оқиға туралы көп адамдарға хабардар ету. Ұрлық жасаған жағдайларда жедел-тергеу тобы келгенше, айғақ заттарды және басқа  да іздерді сақтау бойынша шара қолдану. Жоғарыда көрсетілген ұстаныммен жеке белгілерін ерекше көрсетіп, малдың анық сипаттамасын құру.  Жағдайға қарай қауіпсіздікті сақтай отырып іздеу шарасын қолдану. Жұртшылықты, көршілерді тарту;

-   сіз куә болған мал ұрғының барлық жағдайлары туралы ақпаратыңыз болса жедел түрде құқық қорғау органдарына 102, 8/71837/6-43-55, 5-01-11.телефондарына хабарлаңыз.

-  құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде және мал ұрлығымен күресуде басқарма органдарына, учаскелік полиция инспекторларына бар көмегіңізді көрсетулеріңізді сұраймыз.

                                                                                                           Ақсу қаласы ІІБ


2015-10-06 17:06:10

Сондай-ақ оқыңыз