Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Өз иығында погондары бар әйелдер, жұмыстағы қатаң қызметке және жауапкершілікке, жүктелген қызметтік міндеттерге қарамастан әрдайым отбасы ошағының сақтаушысы болып қалады.

Өз иығында погондары бар әйелдер, жұмыстағы қатаң қызметке және жауапкершілікке, жүктелген қызметтік міндеттерге қарамастан әрдайым отбасы ошағының сақтаушысы болып қалады. Полиция бөлімінің нәзік жандары күнделікті қызметке өзінің жылулығын мейірімділігін әкеледі, бұл тек әйелдерге ғана тән қасиет болып табылады.

Білім, талант және үлкен еңбексүйгіштік құқық қорғау органдарының қызметкер әйелдеріне тамаша нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ақсу қаласының полиция бөлімінде көптеген талантты әйелдер қызмет атқарады.  Олардың ішінде 10-15 жыл бойы ішкі істер органдарында қызмет еткендер де аз емес. Қызметке байланысты барлық қиындықтарға қарамастан, олар «мамандықты өзгерткілерін келе ме?» - деген сұраққа «жоқ» деп жауап береді. Солардың бірі өз жұмысының патриоты және үлгі болған Сағалиева Сәуле Қадырбекқызы, 1987 жылғы 23 тамызда Павлодар облысы Май ауданы Саты ауылында туған.  11 сынып аяқтағаннан кейін ҚР ІІМ Алматы академиясының Заң институтына «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша оқуға түсіп полиция лейтенанты атағын алды. Академияны бітіргеннен кейін кәмелетке толмағандар бойынша учаскелік полиция инспекторы болып тағайындалды, онда 6 жыл жұмыс істеді. 2015 жылдың желтоқсанында Ақсу қаласы ІІБ-нің кадр жұмысы тобының инспекторы лауазымына тағайындалды. Сәуле органдарда 10 жыл жұмыс істейді. Ол 1-ші топ маман.

Біреулер, «погондарды кию әйелдің ісі емес» деп айтады, алайда осындай қиын мамандықты таңдаған әйелдер бұл сөздерді теріске шығару үшін көптеген дәлелдерді табады.

Өз жұмысынан басқа, ол өзінің отбасына уақыт бөліп, өзінің ана міндеттерін орындауға үлгереді. Сәуле 2 жастағы ұлын тәрбиелейді. Ол жауапты қызметкер ғана емес, қамқоршы ана, сүйікті жар және жақсы әңгімелесуші.

 Сондай-ақ спорттық өмірге белсенді қатысып жүреді. Ол тамаша атқыш, белсенді қызметкер, спорттық жарысқа және КВН-ға қатысушы. Павлодар облысының әйелдер арасында ату бойынша бірінші орын алды, командалық сайыста 2 орынмен марапатталды.

Қылмысты ашқаны үшін ІІМ Министрінің орынбасары Е.Тұрғымбаевтын, ІІД бастығының грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ Ақсу қ. ПД және ПБ грамоталарымен марапатталды.

 


2019-03-04 09:45:11

Сондай-ақ оқыңыз