Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ

Ақсу қаласы ПБ кезекші бөліміне Сарышығанақ ауылына жақын жерде шабындық алқапта екі балықшының машинамен тұрып қалғаны туралы ақпарат келіп түсті

Шақыруға шұғыл түрде учаскелік полиция инспекторлары Теміржанов Ақылбек, Қожахметов Ержан және Сұлтанов Мурат барды. Жолды қар басып ауа райының жағдайына қарамастан учаскелік инспекторлар шағын алқапта тұрып қалған автокөлікті айыра білді. Олар өз қызметтік автокөлігімен ер азаматтардың автокөлігін сүйретіп Сарышығанақ ауылына дейін жеткізіп салды. Ер азаматтар учаскелік инспекторларға қиын жағдайда көрсеткен көмектері үшін алғыстарын білдірді.

 


2019-02-20 14:28:38

Сондай-ақ оқыңыз