Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Есептік кездесу

Ағымдағы жылдың 21 ақпанында Евгеньевка ауылының «Достық» МДО акт залында Ақсу қаласы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Василий Васильевич Скляр халықпен есептік кездесу ұйымдастырады.

Кездесуде жергілікті тұрғындар ішкі істер органдарының жұмысына қатысты сұрақтар қойып өз ұсыныстарын енгізе алады.

Азаматтар қоғамдық және жол қауіпсіздігі желісі бойынша, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдар бойынша, көлік құралдарын есепке қою және алу, жүргізуші куәліктерін беру, тіркелу және шығару, азаматтықты қабылдау, шығу үшін құжаттарды ресімдеу және т. б. сұрақтарға жауаптар ала алады.


2019-02-19 12:54:30

Сондай-ақ оқыңыз