Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясының қорытындысы бойынша

Жыл сайын 25 қарашада «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізе отырып, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою Халықаралық күні атап өтіледі, ағымдағы жылда бұл акция 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін өткізіледі.

Акцияның мақсаты -, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың жолын кесу, әйелдерді өз құқықтары туралы ақпараттандыру, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласында жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту.

Тұрмыстық зорлық – зомбылық - бұл нағыз трагедия, өкінішке орай ол көптеген отбасы үшін үлкен бір мәселе болып табылады.
Үйдегі зорлық-зомбылықтың құрбандары әйелдер қоғамның кінәлаушілігін естімеу үшін көбінесе мұндай фактілердің болғанын жасырады, қорлыққа шыдайды. Отбасылық зорлық-зомбылықтың салдары психикалық бұзылулар, құрбандардын өзін-өзі сыйлау сезімін жоғалтуы, физикалық зақымдануы болуы мүмкін. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың салдары балаларға да әсер етеді. Балаларда әлеуметтендіру дамуының бұзылуы, психоэмоционалдық және психосоматикалық бұзылулар пайда болады.

Акция аясында Жергілікті полиция қызметінің инспекторлары «Қайырымдылық» үкіметтік емес ұйымның уәкілдерімен бірлесіп отбасындағы зорлық-зомбылықты алдын алу мәселесі бойынша қалалық оқу орындарының оқушыларымен және студенттерімен кездесулер өткізілді.Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың статистикасымен мектеп оқушыларын және колледж студенттерін таныстырып өтті, азаматтың құқықтары және тұрмыста жасалған құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік туралы айтып өтті.⠀⠀

Полицейлермен және Ақсу қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығының инспекторларымен қала тұрғындары көп жиналатын жерлерде, сауда үйлерінің жаңында азаматтарға буклеттерді таратуымен көшелік акция өткізілді. Қала тұрғындарын полицияның сенім телефондары және дағдарыс орталықтары базасындағы «Жедел желі» телефондары туралы ақпараттандырды.

Сонымен қатар әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы және учаскелік полиция инспекторлары қорғаныс нұсқаулықтар шығарылған және жүріс-тұрысына ерекше талаптар қойылған тұлғалар бойынша рейд өткізіліп, олардың отбасы мүшелерімен әңгімелесулер өткізілді.

 


2018-12-07 18:05:28

Сондай-ақ оқыңыз