Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Автобус» жедел-профилактикалық іс-шараны өткізудің қорытындысы туралы.

Жолаушылар көлігінің қатысуымен болған жол-көліктік оқиғаларды қысқарту және олардың салдарынан зардап шеккендердің ауырлығын азайту мақсатында  Ақсу қаласы және оның аймағында үстіміздегі жылдың 3 - 9 желтоқсан аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу кезінде Ақсу қаласы ІІБ жеке құрамынан 16 қызметкер қатыстырылды, соның ішінде 13 жол-патрульдік полиция қызмекерлері және 8 қызметкер басқа қызметтерден.  Жүргізушілер арасында жол қозғалысы ережелерінің бұзылған 37 фактісі анықталды.

Келесідей бұзушылықтар анықталған: шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану, мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару, маневр жасау қағидаларын бұзу және т.б.

Жедел-профилактикалық іс-шара шеңберінде Ақсу қаласының полиция бөлімі бастығының орынбасары автопарктердің бастықтарымен құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, атап айтқанда адамдар көп жиналатын жерлерде ұрлықтың жасалуы, мысалы қоғамдық көліктерде жұмысқа бара жатқан кезде, сондай-ақ осындай құқықбұзушылықтарға жол бермеу мақсатында бірлескен шараларды қабылдау және т.б мәселелер бойынша жұмыс кездесуін өткізді. Сонымен қатар жолаушылар көліктеріне қатысты жол-көлік оқиғаларын алдын алу бойынша әңгіме жүргізді.


2018-12-07 17:28:47

Сондай-ақ оқыңыз