Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ұлы мереке «Қарттар күнінде»

Халықаралық қарттар күні қарсаңында Ақсу қаласы ішкі істер Бөлімінің ардагерлер Кеңесі мен басшылары ішкі істер органдарының ардагерлерін мерекемен құттықтады.

Ақсу қаласы ІІБ-нің бөліністерінде қызмет атқарған 30-ға жуық ардагерлер жыл сайын мереке қарсаңында құттықтауларды кабылдайды.

Бұл күні ардагерлердің басым бөлігі алғыс хаттармен марапатталды. Әйелдер қауымына әрқашан ерекше көңіл бөлінеді, оларға гүл шоқтары тапсырылады, полиция үшін бұл дәстүрге айналып кеткен әдет. 

«Сіздің баға жетпес еңбегіңіз үшін біз Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Осындай жарқын және мейірімді мереке күні қымбатты ардагерлер, Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт және амандық тілейміз» - деп ІІБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Жәнібек Қабышев құттықтау сөзін айтты.

Ардагерлерге арнап көптеген жылы сөздер айтылды. Қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері олардың жас қызметкерлерге риясыз жеткізген кәсіби шеберлігі үшін алғыстарын білдірді.

«Салтанатты іс-шарада құттықтау сөзін достарына, әріптестеріне Ақсу қаласы ІІБ-нің ардагерлер Кеңесінің төрағасы қызметін доғарған полиция подполковнигі Сағатбек Қасенов арнады».

Бұл күні ардагерлер үшін мерекелік дастархан жайылып, оның басты тағамы бесбармақ болды, сонымен қатар екінші үстел және міндетті түрде шай берілді.

Жақында ардагерлердің бірі Мустафин Лаззатқа 70 жыл толды ішкі істер бөлімінің басшылығы мен ардагерлер Кеңесі оны мерейтойымен құттықтап, оны алғыс хатпен және ақшалай конвертпен құттықтап, оған ұзақ ғұмыр мен мықты денсаулық тіледі.

Ардагерлер өз кезегінде ішкі істер бөлімінің басшылығы атына олардың мереке күнінде көңіл бөліп, сыйлық сыйлағандары үшін алғыстарын білдірді.


2018-12-06 12:54:47

Сондай-ақ оқыңыз