Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«ҚАҢҒЫБАС» жедел-профилактикалық іс-шараның нәтижелері.

Ақсулық полицейлермен Павлодар қ. ПБ қабылдау-орналастыру орнына 24 қаңғыбас жеткізілді.

Павлодар облысы аумағында «Қаңғыбас» жедел – профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Бұл күндері полицейлер белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдар, қайыршылар және басқа да құқық бұзушылар арасында қылмыстарды алдын алу жұмысын күшейтті.

Полиция қызметкерлерімен 129 жертөле үй-жайлары және 127 кәріз люктері сондай-ақ белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарға орналасуға ықтимал өзге де жерлерді тексерді.

         Осылайша өткізілген жедел-профилактикалық іс-шараның екі күні ішінде белгілі тұрғылықты жері жоқ 24 қаңғыбас анықталды. Олар Ішкі істер органдарына есепке қою үшін жеткізілді. Жеткізілгендердің әрқайсысында саусақ іздері алынып, фото-бейне есебіне алынды.

         Ақсу қалалық сотымен 5 адам алдын алу түрінде бас бостандығынан 30 тәулікке шектелуге сотталған.

Барлық ұсталғандарды құқық бұзушылықтардың және қылмыстардың жасалуына қатыстылығын тексерді. Айта кету керек, қаңғыбастар және қайыршылар қылмыстық мәліметтерде жиі көрінеді, әрі олармен тек ұрлық ғана емес аса ауыр қылмыстар, оның ішінде адам өлтіру да жасалатынын ұмытпау керек.

 


2018-11-27 18:13:33

Сондай-ақ оқыңыз