Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияның ережесіне сәйкес жыл сайын 25 қарашада «зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізе отырып, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою Халықаралық күні атап өтіледі, оның мақсаты халықтың қалың жігін әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған қабылданып жатқан шаралар туралы таныстыру болып табылады.

Ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында республика аумағында ішкі істер органдары аталған іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, «әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізеді.


2018-11-27 18:12:25

Сондай-ақ оқыңыз