Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Есептік кездесу

Ішкі істер органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Ақсу қ. полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Василий Васильевич Скляр Қалқаман селолық округі тұрғандарының алдында есептік кездесу өткізді.

Есептік кездесуге Қалқаман селолық округінің әкімі Асхат Амангелдіұлы Кенжебаев қатысты, сондай-ақ жол қауіпсіздігі желісі бойынша бастықтың орынбасары полиция подполковнигі Жандос Даутұлы Айтмұхамбетов, мал ұрлығын алдын алу бойынша халыққа ақпаратты жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция капитаны Қайрат Нұрланбекұлы Сатыбаев жеткізді. Қалқаман ауылдық округінің жедел жағдайы туралы тұрғындардың сұрақтарына Қалқаман кенттік бөлімшесінің бастығы полиция майоры Рустам Вириятұлы Баянов жауап берді, пробация қызметінің бастығы әділет майоры Татьяна Владимировна Байтенова пробация қызметінің жұмысы туралы, жазалауды орындау және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдемдесуін бақылау бойынша жергілікті тұрғындарға  ақпаратты жеткізді.

 Ұрлауға қарсы әрекет ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында қызметкерлермен тұрғындарға мал ұрлығын алдын алу  туралы буклеттер таратылды. ҚР ІІМ-нің жоғары оқу орындарына түсу бойынша кәсіби бағдарлау жұмысы жүргізілді.

Қалқаман ауылының Мәдениет Үйінің фойесінде фронт-офис жүйесі бойынша әкімшілік, көші-қон, ауданаралық-емтихан, ювеналдық полиция топтарының қызметкерлері азаматтардың өзекті мәселелері бойынша қабылдауды жүзеге асырды, халық заң кеңесін алды.

Қалалық полицияның бастығына өз сұрақтарын қою үшін Қалқаман селолық округінің тұрғындары келді. Ақсу қ. Полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Скляр Ақсулық полицейлермен 10 ай ішінде атқарылған  жұмысы туралы баяндамамен бастады.

Сондай-ақ, бастық Қалкаман ауылдық округінде құқық бұзушылықты тұрақтандыру және бақылау үшін ең алдымен Қалкаман ауылына кіру және ауылдан шығу жолында, «Павлодар – Қызылорда» жолының іргелес бойында, «Беловка – Қалқаман» жолында орналасқан көпірде, Қалқаман ауылының негізгі көшелері мен ескі бөлігінде бейне бақылау камераларын орнату қажет.  Оларды Қалқаман полиция бөлімінің кезекші бөлім мониторларына қосу, қылмысты жасау кезінде құқық бұзушылардың қозғалысын, орналасуын қадағалауға мүмкіндік беретінің атап өтті.

Ақсу қаласы ПБ жол-техникалық қызметі тобымен 30-дан астам нұсқама Ақсу қ. ТКШ жол белгілерін орнату және жарықтандыруға бағытталған нұсқамалар жолданды, алайда жеткіліксіз қаржыландырылуына байланысты мәселе ашық күйінде қалып отыр.

Сұрақтармен келген ауыл тұрғындарының барлығы өз сұрақтарына жауап алды, соның ішінде әлеуметтік салаға да қатысты. Айта кету керек, полиция бастығы апта сайын жеке қабылдаулар жүргізеді.


2018-11-26 09:26:31

Сондай-ақ оқыңыз