Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

ЖҮРГІЗУШІЛЕР НАЗАРЫНА!

Ақсу қаласының орталық көшесінде Полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі жүргізушілерге арналған «Автошины» акциясын өткізді. Акцияның мақсаты жолдағы ЖКО алдын алу.

Кеден одағының Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы, Кеден одағына мүше елдер аумағының қолданыстағы барлық КҚ қыс мезгілінде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналармен жарақталмаған үш шыңмен тау шыңдары және қар ұшқыны белгілер түрінде таңбаланған, сондай-ақ «М+S» «M&S» «MS» таңбаланған КҚ пайдалануға тыйым салынады.

Қысқы шиналар, сондай-ақ тайғанаққа қарсы кертіктері бар шиналарды қолданған жағдайда КҚ барлық дөңгелектеріне орнатылады.

2018 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2019 жылғы 1 наурызға дейін жазғы шиналармен жабдықталған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынды. Осындай көлік құралын пайдаланатын фактілер анықталған кезде басқарушы адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 590 бабының 5 бөлімі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалатын болады, 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады.  

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ЖКЕ-не қосымша 14 т.т талаптарына сәйкес КҚ пайдалану техникалық регламентке және стандарттарға сәйкес келмеген жағдайда тыйым салынады.

Қатқақ немесе қар басқан жол төсемінде пайдалану үшін арналған, талаптарға сәйкес 4 мм-ден аспайтын таңбаланған қысқы шиналар протекторы суретінің қалдық тереңдігі кезінде автошина пайдалануға жарамсыз болып саналады.

 

Өзінізге және өз жақындарынызға қауіптілік төндірменіз!

Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз!

 


2018-11-07 12:49:00

Сондай-ақ оқыңыз