Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Есірткіні қолдану

Қызығушылықтар әр түрлі болады. Біреулері пайдалы және залалсыз, басқалары қауіпті. Соңғылардың қатарына есірткіге құмарлық жатады.

Барлығы түйсінуден яғни жаңа сезімдерден басталып, ақырында әдетте тәуелділікпен аяқталады. Нашақорлықтың салдары әрдайым өлімге әкеп соғады. Сол себепті психобелсенді құралдарды пайдалану қатаң бақыланады, көбінесе оларды пайдалануға тыйым салынған. Адамдарды қызықтыратын бір сұрақ бар, ҚР ҚК-де есірткіні пайдалану үшін мерзім немесе басқа да санкциялар қарастырылған ба?

Біздің заманымыздағы жиі кездесетін қазіргі жағдай: адамдар «щөп» шегеді, медициналық дәрі-дәрмектерді белгіленген мақсатпен пайдаланбайды, немесе есірткілердің ішінде заңды есірткілердің бар екеніне сенеді. Кез келген жағдай болса да, заң бұзылады.

Қолданысқа енгізілген жаңа Қылмыстық кодекске сәйкес егер бұрын есірткіні пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған болса, қазір бұл қылмыстық жауапкершілікке жатады. Егер адам есірткіні қоғамдық орындарда пайдаланатын болса, ол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуға тиіс, өйткені ол ҚР ҚК 296-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық жасаған.

  1. Медициналық тұрғыдан тыс есірткі құралдарын, психотроптық және оларға ұқсас заттарды, прекурсорларды қоғамдық орындарда қолдану сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады немесе сол мөлшерде қоғамдық жұмыстарға тартылуға, не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылуға, немесе жиырма тәулік дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады. 

Өкінішке орай қазіргі жастардың басым бөлігі, есірткі денсаулыққа ешқандай зиян және тәуелділік әкелмейді деп есептейді. Алайда, кейін есірткіні ұзақ уақыт қолдану ақыл-ой қабілетіні асқынуына және адам өзің социуымда толық жоғалтуына әрі қарай өзіне күтім жасамауына әкеп соғады.

Есірткілердін басты қауіпі бірнеше қабылдаудан кейін бақыланбайтын дозаға құмарлық пайда болады.


2018-10-08 15:47:41

Сондай-ақ оқыңыз