Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

МЕМОРАНДУМ

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Ақсу аудандық әкімдігі, қалалық сот және Әкімдік, Ақсу қаласының прокуратурасы және ішкі істер бөлімі арасындағы өзара серіктестік туралы Меморандумдарға қол қою рәсімі өтті.

Іс-шараға Ақсу қаласы ішкі істер Бөлімінің бастығы Василий Васильевич Скляр, Ақсу қаласының Әкімі Николай Васильевич Дычко, Ақсу қаласының прокуроры Рустам Шахмарданұлы Қабиденов, Ақсу қалалық сотының төрағасы Марат Темірболатұлы Дайкенов қатысты.

Ақсу қаласы ауылдық аймағының аумағында шалғай орналасқан ірі елді мекендер бар. Аталған елді мекендерде қоғамдық тәртіпті Ақсу қаласы ІІБ ауылдық округтердің учаскелік полиция инспекторлары жүзеге асырады.

Статистикалық деректерге сәйкес 45-50% құқық бұзушылық ауылдық елді мекендерде жасалады.

Осыған байланысты жасалған меморандум көмегімен енді істерді қарау үшін Ақсу қаласының сотына барудың қажеті жоқ, ауылдан шықпай-ақ сқрақтарды шешуге мүмкіндік бар.

Осындай маңызды құжаттарға қол қою сот істерін және материалдарын бейнеконференцбайланыс арқылы қарауға мүмкіндік береді, яғни Ақсу қаласының ауылдық аймақтарында тұратын немесе орналасқан адамдар «онлайн–режимде» істерді қарауға мүмкіндіктері бар. Бейнеконференцбайланыс ауылдық аймақтарда ауылдық округ әкімдіктерінің ғимараттарында орналасқан арнайы жабдықталған залдар арқылы жүзеге асырылады.


2018-10-03 09:06:17

Сондай-ақ оқыңыз