Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық тек Қазақстанда ғана емес көптеген әлем елдері үшін де, өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың шегі жоқ, ол тікелей ұлттық қауіпсіздіктің қауіп-қатерлер дәрежесіне көтеріліп «Стратегия-2050» қалыптасқан мемлекеттің Жаңа саяси бағытына» кіреді.

Заң қоғамдық қарым-қатынастарды құқықтық реттеуге, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделер дәрежесін арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғауға бағытталған.  

Заң жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.  

Егер халықаралық шартта Қазақстан Республикасы бекіткен ережелер осы Заңда қамтылғаннан белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарына және Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаларға қолданылады, егер басқасы Қазақстан Республикасмен ратификациялаған халықаралық шартта көзделмесе.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:

1)     қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік жағдайын қалыптастыру;

2)     сыбайлас жемқорлықтағы құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайлары мен себептерін анықтау және олардың зардаптарын жою;

3)     жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;

4)     жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

5)     сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру.

 


2018-09-14 09:17:53

Сондай-ақ оқыңыз