Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Скотокрад» ЖАІШ нәтижесі

Мал ұрлау фактілерін алдын алу және болдырмау мақсатында, сондай-ақ ұрлық түріне қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін Ақсу қаласы және ауыл өңірінің аумағында «Скотокрад» жедел алдын алу шарасы өткізілді.

Тәртіп сақшыларымен ет өнімдері жүзеге асырылатын рыноктарда, базарларда, сауда орталықтарында рейдтік іс-шараларды жүргізу үшін топтар құрылды, құқық бұзушыларды Әқбтк-нің 406-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарта отырып, сондай-ақ Ақсу қаласының ауылдық аймақтарын тексеруүшін 3 мобильдік топ құрылған.

Іс-шара өткізу нәтижесінде 9 бұрын жасалған ұрлық ашылды, мал ұрлығын кәсіп еткен 2-топ ұсталды, 20-дан астам малды тауып иелеріне қайтарды.

Полицейлермен (ветеринариялық бақылау және ветеринарлық дәрігерлер инспекторлары) мамандарың тарта отырып 2 тұлғаға қатысты ҚР Әқбтк-нің 406-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдар жинақталған.


2018-09-12 15:17:30

Сондай-ақ оқыңыз