Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Мектепке жол» акциясы

1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Республикада кең ауқымды «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтуде.

Акцияның басты мақсаты —аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды оқу жылының басына дайындау.

Ақсу қаласы және Қалқаман кентінің полицейлері шетте қалмай, акцияға қатысып, мектеп формасын, кеңсе тауарларын, рюкзак, спорттық киім және аяқ киімді үш отбасынан төрт балаға сыйға тартты.

Оқушылардың аналары мен әжелері, полицейлерге жәрдемдесіп балаларға материалдық көмек көрсеткені үшін алғыстарын айтып, олардың қиын және ауыр жұмысында сәттілік тіледі.


2018-09-04 12:41:38

Сондай-ақ оқыңыз