Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласының тұрғыны базарда сувенирлік ақша белгісімен төлем жасады.

Егде жастағы адамдар біздің қоғамымыздың ең əлсіз жəне қорғансыз бөлігі болып табылады.

Полицияға алаяқтық туралы арызбен зейнеткер жүгінді. Оның айтуынша кешке таман базарда шие сатып жатқан кезде оған бір бейтаныс адам жақындады. Бұл адам зейнеткерден жалпы сомасы 1900 теңгені құрайтын шие сатып алды. Еркек екі қабатқа бүктелінген ақшалай 10 000 теңгелікпен төледі, зейнеткер ақша белгісін қарап шықпай бірден оны қалтасына салып 8100 теңге мөлшеріндегі қайтарым берді. Қаскүнем кеткеннен кейін ғана зейнеткер ақша белгісінің сувенирлік екенін байқады.

Жәбірленуші алаяқтының жалғыз құрбаны болмаған, полицияға осығын ұқсас тағы 4 өтініш келіп түскен екен. Кесек ақшасы бар тапқыр сатып алушыға базардағы сатушылар тез және артық сұрақсыз қызмет көрсетті.

Жүргізілген іс-шаралар барысында Ақсу қаласының полиция қызметкерлерімен алаяқтық үшін – 40 - жастағы күдікті ер адам анықталып ұсталды. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК - нің 190-бабы алаяқтық бойынша тергеу жүргізілуде.

Облыс тұрғындарын қырағылық танытуды сұраймыз, алаяқтардың түрлі әрекеттеріне назар аударыңыз. Есіңізде болсын, сувенирлік ақша белгісінде жоғарыда және төменде қызыл әріптермен «төлем құралы болып табылмайды» деген екі тілдегі жазуы бар,қалтаңызға, сөмкеңізге немесе кассаға салар алдында міндетті түрде оны ашып жазудың бар не жоғын тексіріңіз.

 

Ақсу қ. ІІБ баспасөз-қызметі


2018-08-23 09:57:11

Сондай-ақ оқыңыз