Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұруға кетуді рәсімдеу тәртібі туралы

Мамыр айында «Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұруға кету құжаттарын рәсімдеу» мелекеттік қызмет көрсету Стандартына енгізілген өзгерістерге сәйкес бұл тәртіпті рәсімдеу және қызмет көрсету нәтижесін алу енді тұрақты тіркелген мекенжайы бойынша іске асырылатын болады.

Рәсімдеу тәртібі төрт кезеңнен тұрады, оның екеуі үшін бұрын өтініш берушіге облыс орталығына келу қажет болатын. Бүгінгі күні тұрақты тұруға кету туралы шешімді азаматтар өтініш берген орны бойынша ала алады. Бұл, әсіресе, облыстың аудан тұрғындары үшін қолайлы.

Өтінішті қабылдау және қызмет көрсету нәтижесін беру Ішкі істер бөлімінің көші-қон қызмет бөліністерімен және «Азаматтар үшін Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» акционерлік қоғамымен, яғни ХҚКО арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 30 күнтізбелік күнді құрайды.
1 кезең: қызмет көрсетушімен құжаттарды қарап, келісуші органдармен оң қорытынды шығару - 21 күнтізбелік күн,
2 кезең: Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұруға кету құжаттарын рәсімдеу бойынша шешім шығару, қызмет алушының Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұруға кетуін дәлелдейтін Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тіркеуден шығуына, әскери есептен шығуына (әскери міндеттеілер үшін) құжаттар беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама беру - 1 күнтізбелік күн,
3 кезең қызмет алушының әскери есептен және Қазақстан Республикасы аумағындағы тұрақты тіркелген мекенжайынан шығуы - 7 күнтізбелік күн,
4 кезең Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұруға кету құжаттарын рәсімдеу туралы қызмет көрсету нәтижесін шешім түрінде беру -1 күнтізбелік күн,

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі- Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұруға кету құжаттарын рәсімдеу туралы шешім немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама беру.
Бұл қызмет ақылы түрде жүргізіледі. Мемлекеттік баж салығы - 1 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Бұл мемлекеттік қызметті алу үшін өтінішті Мемлекеттік корпорация арқылы берген жағдайда ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлеу шлюзі немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы іске асырылады.

Жұмыс кестесі:

Көші-қон қызметі бөліністерінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініштерді қабылдау және нәтижесін беру қызмет алушының тұрақты тіркелген орны бойынша сағат 9.00.-ден 18.30-ға дейін үзіліссіз жүзеге асырылады.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жылдадатусыз кезек тәртібінде іске асырылады.

ХҚКО қабылдау және нәтижесін беру дүйсенбіден бастап сенбі күндері, бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес 9.00-ден 20.00-ге дейін, жексенбі және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек Кодексіне сәйкес жүргізіледі.

ХҚКО қабылдау қызмет алушының тіркелген орны бойынша «электронды» кезек тәртібі бойынша жылдамдатусыз немесе www.egov.kz веб-портал арқылы «жлектронды» түрде алдын ала жазылумен жүргізіледі.

Денсаулығында ақау бар немесе денсаулығы нашар қызмет алушылар 1414, 88000807777 бірыңгай контакн орталығы арқылы өтініш жасау бойынша мемелкеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау мемлекеттік корпорация немесе қызмет көретушімен мекенжайына бару арқылы жүргізіледі.

 


2018-08-15 08:52:34

Сондай-ақ оқыңыз