Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Жаяу жүргіншілер міндеті

 

Жаяу жүргіншілер тротуарлар немесе жаяужолдар бойынша қозғалады, ал олар болмаған жағдайда – жол жағасымен және ереженің 17 бөлім 1 және 4 тармақтарының талаптарына сәйкес. Ауыр заттарды тасымалдайтын жаяу жүргіншілер, сондай-ақ қозғалтқышы жоқ мүгедектер арбашасымен қозғалатын адамдар, егер олардың тротуарлар немесе жолдың жиегі бойынша қозғалысы басқа жаяу жүргіншілер үшін кедергі келтіретін болса, олар жолдың жүру бөлігінің шетімен қозғалады (бөлу жолағы бар жолдарда –жолдың жүру бөлігінің сыртқы шеті бойынша). Тротуарлар, жаяу жүргіншілер немесе жол жиектері болмаған жағдайда, сондай-ақ олармен қозғалу мүмкіндігі болмаған жағдайда, жаяу жүргіншілер велосипед жолымен немесе жолдың жүру бөлігінің шетінен бір қатарда жүріп қозғалады (бөлу жолағы бар жолдарда –жолдың жүру бөлігінің сыртқы шеті бойынша). Елді мекендерден тыс жерлерде жолдың жүріс бөлігі бойынша қозғалыс кезінде жаяу жүргіншілер көлік құралдарының жүрісіне қарсы жүреді. Қозғалтқышы жоқ мүгедектер арбашасымен қозғалатын адамдар мотоцикл, мопед, велосипедпен жолдың шетінде жүретін адамдар, жолдың оң жағымен көлік құралдары қозғалысымен бірге жүреді.

  1. Ұйымдасқан жаяу саптардың қозғалысы жолдың жүріс бөлігі бойынша көлік қозғалысының бағытының оң жағымен кемінде төрт адаммен жүзеге асырылады. Колоннаның алдынан және артынан сол жағында қызыл жалаушалармен жетекшілер орналасқан, ал тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайында – қосылған шамдармен: алдынан – ақ түсті, артта қызыл.
  2. Жаяу жүргіншілер жолдың жүру бөлігін жаяу жүргіншілер жолымен кесіп өтеді, оның ішінде жерасты және жер үсті, ал олар болмағанда көру шегінде –қиылыстарда тротуарлардың немесе жол жиектерінің сызығы бойынша. Көру аймағында жаяу жүргіншілер жолы немесе жол қиылысы болмаған жағдайда жолдың жүру бөлігінің екі жағынан жақсы көрінетін тік бұрышпен жүргін бөлігінің шетінен кесіп өтуге рұқсат. Жолдың жүру бөлігін жаяу жүргіншілер жолынан тыс және елді мекенде бөлу жолағы болған кезде сондай-ақ жаяу жүргінші немесе жол қоршаулары орнатылған жерлерде кесіп өтуге жол берілмейді.
  3. Қозғалыс реттелетін жерлерде, жаяу жүргіншілер реттеушінің сигналдарын немесе жаяу бағдаршамды басшылыққа алады, ал олар болмаған жағдайда – көлік бағдаршамын.
  4. Реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолының өткелдерінде жақындап келе жатқан көлік құралдарының арасындағы арақашықтықты, олардың жылдамдығын, жолды өтудің қауіпсіз екендігіне көзін жеткізгеннен кейін жаяу жүргіншілер жолдың жүру бөлігіне шығады. Жолдың жүру бөлігін жаяу жүргінші өткелдерінен тыс жерлерде кесіп өткен кезде жаяу жүргіншілер көлік құралдары үшін кедергі келтірмейді және тұрған көлік құралынан немесе өзге де шолу мүмкіндігін шектейтін кедергілерден жақындап келе жатқан көліктердің жоқтығына көз жеткізіп шықпайды. Ескерту. Реттелетін және реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолының ұғымы қағидалардың 13-бөлімі 4-тармағында белгіленген реттелетін және реттелмейтін қиылыстын ұғымдарына ұқсас.
  5. Жолдың жүру бөлігіне шыққан кезде жаяу жүргіншілер кідірмейді және тоқтамайды, егер бұл қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты болмаса. Өтуді аяқтамай қалған жаяу жүргіншілер, қарама-қарсы бағыттағы көлік ағындарының бөлінуші жолында тоқтайды. Әрі қарай өтуді тек қозғалыстың қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін және бағдаршамның (реттеушінің) сигналдарын  ескере отырып жалғастыруға болады.
  6. Қосылған көк жарқылдауық маякпен және арнайы дыбыс сигналымен көлік құралдары жақындаған кезде жаяу жүргіншілер жолдың жүріс бөлігін өтпейді, ал жолдағылар осы көлік құралдарына жолдың жүру бөлігін босатып жол береді.
  7. Маршруттық көлік құралдары мен таксиді күту жолдың аздап жоғары көтерілген отырғызу алаңдарында жүзеге асырылады, ал олар болмаған жағдайда – тротуарда немесе жол жиегінде. Жоғары көтерілген отырғызу алаңдарымен жабдықталмаған аялдама пункттерінде көлік құралы тоқтағаннан кейін ғана жолдың жүру бөлігіне шығып отыруға жол беріледі. Жаяу жүргіншілер оларды түсіргеннен кейін жолдың жүру бөлігін бөгемей босатады. Жолдың жүру бөлігі арқылы аялдама пунктіне немесе одан қозғалу кезінде жаяу жүргіншілер осы бөлім талаптарының 4-7 тармақтарын басшылыққа алады.

2018-08-14 17:21:07

Сондай-ақ оқыңыз