Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Самбо

Астананың 20 жылдығын мерекелеуге байланысты және ІІД спорттық іс-шараларының аясында Ақсу қаласында Иманжүсіп Құтпанұлының атындағы спорттық-сауықтыру кешенінде Павлодар облысы ішкі істер департаментінің қызметкерлері арасында самбодан жарыстар өткізілді. 
Самбо (қарусыз өзін-өзі қорғау) – спорттық жекпе-жектүрі, өзін-өзі қорғау жүйелерінің кешені, 1930-шы жылдары «Динамо» қоғамдастығының жаттықытрушы және нұсқаушы құрамымен дайындалған өзіндік қорғаудың кешенді жүйесі. 

Самбо шығу тарихынан бастап жан-жақты физикалық дамуды және моральді керік-жігерді, күш пен икемділікті арттыратын, тактикалық ойлау өрісін дамытатын, шыдамдылыққа, азаматтық-патриоттық сезімдеріне тәрбиелейтін жекпе-жектүрі. Осы спорт - қарусыз өзін-өзі қорғаудың негізі. 

Жарыстардың салтанатты ашылуында Павлодар облысы ІІД Кадрлық жұмысы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асхат Нагыманов сөз сөйледі. Өзінің сөзінде келесіні атап өтті: «Самбо – бүгінгі күнде танымал және қарқынды дамып келе жатқан жекпе-жек түрлерінің бірі. Бұл спорт түрінің техникалық арсеналының негізі ретінде әскери жекпе-жек түрлерінен және әлем халықтарының ұлттық күрестерінен алынған қорғану және шабуыл жасаудың ең тиімді кешендері болып табылады». Сонымен қатар, жарыстың қатысушыларына сәттілік пен биік жеңістерге жетулерін тіледі. 

Жарыстардың нәтижесінде орындар төмендегідей бұйырды:
57 келі жеке сынақ салмағында 
1 орын - Баймағамбетов Данияр (Павлодар қ. ІІБ) 
2 орын - Кұдайбергенов Медет (Павлодар қ. ІІБ)
3 орын - Мұкашев Жамбыл (ІІД АДБ)
62 келі жеке сынақ салмағында 
1 орын - Сыздықов Ерлан (ІІД АДБ) 
2 орын - Сәрсенбаев Темірлан (Аксу қ. ІІБ)
3 орын - Махамбетов Рашит (ІІД ЖҚАЖ)
68 келі жеке сынақ салмағында 
1 орын - Тоскарин Нұрлан (ІІД ЖҚАЖ)
2 орын - Кұдайбергенов Нұрсұлтан (ОВД г.Аксу)
3 орын - Искужинов Әміржан (ІІД АДБ)
74 келіжеке сынақ салмағында
1 орын - Какенов Сұлтан (ІІД ЖҚАЖ)
2 орын -Жұмабеков Айдын (ІІД ЖҚАЖ)
3 орын -Сапарбеков Айдос (ІІД ЖҚАЖ)
82 келі жеке сынақ салмағында
1 орын - Папанов Ержан (ІІД ЖҚАЖ)
2 орын - Ишмамет Қобыланды (ІІД ЖҚАЖ)
3 орын - Ахметов Тимур (ІІД ОЖВ)
90 келі жеке сынақ салмағында
1 орын - Папанов Ержан (ІІД) 
2 орын - Елгин Артем (ІІД ЖҚАЖ)
3 орын – Абылғазинов Әлихан (Қашырауданының ІІБ)
100 келі жеке сынақ салмағында
1 орын - Қантарбаев Руслан (ІІД ЖҚАЖ)
2 орын - Какенов Канағат (Екібастұз қ. ІІБ)
3 орын - Жаябаев Қуаныш (Қашырауданының ІІБ)
100 келіден жоғары жеке сынақ салмағында 
1 орын - Егінбаев Еркебұлан (ІІД ОЖВ) 
2 орын – Елеусізов Әнуәрбек (ІІД ЖҚАЖ)
3 орын - Темірханов Рустамбек (Павлодар ауданының ІІБ)
Жалпы командалық біріншілікте: 
1 орын - ІІД ЖҚАЖ құрама командасы; 
2 орын - ІІД аппаратының құрама командасы; 
3 орын – Ақсу қаласының ІІБ. 

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.Сонымен қатар Ақсу қаласы ішкі істер бөлімінің басшылығы өз атынан бағалы сыйлықтарды табыс етіп, жарыс соңында қатысушыларды тамақтандырды. 

 


2018-07-11 18:12:11

Сондай-ақ оқыңыз