Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Баспасөз релизі. «Скотокрад» жедел-профилакикалық іс-шарасы

 

Мал ұрлығының көбейіп кетуіне сондай-ақ мал ұрлығына қатысы бар тұлғаларды анықтап оларды ұстау мен қылмыстық жауапкершілікке тартумақсатында, Ақсу қаласы және ауылдық  аймақтарда 2018 жылдың 23пен 25сәуір аралығында «Скотокрад» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Мал ұрлығынан өзіңді қалай сақтау керек.

Ауылдық аймақтарда тұратын әрбір тұрғын үшін сиыр, қой, жылқының жоғалғаны қайғылы оқиға. Өйткені бұл жануарлар тұрғындар үшін өмір сүрудің қайнар көзі болып табылады.

Мал ұрлығының негізгі себебі-малды тиісті дәрежеде бақылаусыз және жайылым жерлерде қараусыз қалдыру болып табылады. Осындай қылмыстардың "ізін суытпай" ашу үшін-«мал иесінің малдың жоғалғаның байқаған кезде бұл туралы полицияға мәлімдеуге, арыз жазуға асықпайды, малдың адасып кетіп белгілі бір уақыт кезіңде табылатынына сенеді, немесе өздігінше іздеуге тырысады» бұның барлығы қылмысты дер кезінде ашуға теріс әсер етеді. Иелердің ұрланған малдың белгілерін анықтай алмайтын жағдайлар жиі кездеседі, бұл іздестіру әрекеттерін қиындатып жібереді. Тәжірибе көрсеткендей қылмыскерлер малды тонап сол малды дереу іске асырып жібереді. Мал ұрлығы нақты құрастырылған схема арқылы санаулы сағат ішінде іске асырылады, сол себепті айғақты іздеу қиыңырақ. Сондықтан малды сенімді күзетке салу,  жайылымдарда оларға тәуліктік режим арқылы бақылау жасау, малды ұстау орындарын нығайту - осының бәрі оның сақталуын қамтамасыз ететін кепілдіктер болып табылады.


2018-04-23 09:07:11

Сондай-ақ оқыңыз